Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Аш-Шабаб» содырлары кениялық дәрігерлерді ұрлап әкетті

АСТАНА, 03 қараша. Кенияда «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымының мүшелері араларында денсаулық сақтау қызметкерлері де бар 4 адамды ұрлап кетті, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

The Daily Nation газетінің хабарлауынша Сомалимен шекарадағы Мандера аймағында террор ұйымы «Аш-Шабаб» мүшелері кеше кешкі уақытта бір жедел жәрдем көлігін ішіндегі 2 денсаулық қызметкері, 1 науқас және жүргізушісімен ұрлап кетті.

Кения шекарасынан Сомалиге өткен көліктің қайда кеткені қазірше белгісіз.

Сомалидің Кения шекарасында да белсенді екені белгілі «Аш-Шабаб» бірнеше аптадан бері Сомали армиясының ауыр шабуылдарына ұшырауда.

Ұйым ауылдағы шабуылдарға жауап ретінде аптаның соңында бас қала Могадишода бомба тиелген көлікпен 2 шабуыл жасап, шабуылда кемінде 120 адам қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *