Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалидегі әскери лагерьге жасалған лаңкестік шабуылдан бес адам қаза тапты

АСТАНА, 06 қараша. Сомалидегі әскери оқу-жаттығу лагерінде болған лаңкестік әпекет салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Сомали Қарулы Күштері Бас штаб төрағасы Одава Юсуф ел астанасы Могадишо қаласындағы әскери оқу-жаттығу орталығында бір жанкештінің жарылғыш затты іске қосқанын хабарлады.

Шабуылдан бес адам қаза тауып, тағы 11 адам жараланды.

Әскери шенеунік Әбдірахман Әли  лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті «Аш-Шабаб» ұйымы мойнына алғанын айтты.

Оның айтуынша, жараланғандар арасында шабуыл кезінде әскери қалашық маңында болған бейбіт тұрғындар да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *