Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Брюссельде пышақпен қаруланған адам полицейлерге шабуыл жасады

АСТАНА, 11 қараша. Брюссельде белгісіз ер адам полиция қызметкеріне пышақ салып өлтірді, ал оның әріптесі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Қаскүнемді оқиға орнына келіп жеткен қосымша күштер ұстап, оны да ауруханаға жеткізді.

Белгілі болғандай, ер адам теміржол вокзалы маңында кезекшілікте жүргген тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.

Жергілікті БАҚ бұл әрекеттің лаңкестік актісі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Le Soir басылымының жазуынша, күдікті шабуылдан бірнеше сағат бұрын комиссариаттардың бірінде полицияны өлтіремін деп айқайлап жүрген.

Бельгияның федералды прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Лаңкестік актісі нұсқасы әлі ресми түрде расталған жоқ.

Корольдік премьер-министрі қайтыс болған полицейдің туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен әріптесінің сауығып кетуін тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *