Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстанның арнайы қызметтері содырларды қаржыландырған террористік топты залалсыздандырды

АСТАНА, 12 қараша. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) қызметкерлері түрлі лаңкестік ұйымдардың содырларын қаржыландырған лаңкестердің ұяшығын залалсыздандырды, деп Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз орталығы хабарлады. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитет халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында халықаралық террористік ұйымдарды қаржыландырумен және жалған құжаттармен қамтамасыз етумен айналысатын жеке террористік ұяшықтың қызметін анықтап, жолын кесті», — делінген хабарламада.

Атап айтқанда, баспасөз орталығының хабарлауынша, «тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* халықаралық лаңкестік ұйымы және «Джихад тобы» («Исламдық жиһад одағы») мүшелеріне қаражат аудару» фактілері тіркелген. Сонымен қатар, ұяшықтың 2016 жылдың тамызында Бішкектегі Қытай елшілігінің аумағында болған терактіні ұйымдастырушыларды қолдауға қатысы бар екені анықталды.

«Кейіннен содырларға  жалған төлқұжаттар жасау үшін Қырғыз Республикасы азаматтарының жоғалған, ұрланған немесе кепілге қойылған төлқұжаттарын Түркия Республикасының аумағына өткізгенін растайтын ақпарат келіп түсті», — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін аты-жөні әлі жарияланбаған лаңкестік топтың белсенді қатысушыларының бірі ұсталды.
«Қазіргі уақытта лаңкестік әрекетке қатысы бар басқа адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деп атап өтті баспасөз орталығы.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *