Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ Свердловск облысында лаңкестік ұйым жақтаушысы 16 жылға сотталды

АСТАНА, 18 қараша.Свердлов облысы бойынша ФҚҚ   басқармасы аймақ тұрғындарын террористік ұйымға тартуды және оның Сириядағы қызметіне қатысудын алдын алды. Бұған қатысы бар ер адам 16 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды, деп хабарлайды ТАСС ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың желтоқсан айында Свердловск облысы аумағында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ФҚҚ қызметкерлері Ресейде тыйым салынған «Хаят Тахрир аш-Шам»* халықаралық лаңкестік ұйымының қолдаушысын ұстап,  қамауға алды. Ол лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында дайындықтан өтті және [интернет арқылы] Сирия Араб Республикасының аумағындағы ұйымның іс-шараларына қатысу үшін аймақ тұрғындарын тарқан», ​​- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі сот Орталық Азия азаматын қатаң режимдегі түзеу колониясында ұстаумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескенін хабарлады. Үкім заңды күшіне енді. 22 жастағы шетелдік азамат Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1  бабының 1-бөлігі «Террористік әрекетке жәрдемдесу» және Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.3 бабы «Террористік қызметті жүзеге асыру мақсатында оқу» бойынша кінәлі деп танылды.  

* Хаят Тахрир аш-Шам (Тахрир аш-Шам, ХТШ) — Сириядағы азаматтық соғысқа қатысатын радикалды салафиттік топ. Ол 2017 жылдың 28 қаңтарында Джабхат Фатех аш-Шам (бұрынғы «Ән-Нусра майданы», Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйым), Ансар ад-Дин майданы, Джейш әл-Сүнна, Лиуа әл-Хақ және Нур ад-Дин әл-Зенкидің  бірігуі нәтижесінде құрылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *