Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали астанасындағы бір қонақүйге екі бөлек бомбалы шабуыл жасалды

АСТАНА, 29 қараша. Сомалидің бас қаласы Могадишодағы президенттік сарай маңында бір қонақүйге екі бомбалы шабуыл жасалды, деп Ұлттық полиция мәлімдемешісі Садик Додише мәлімдеме жасады. Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

Сомали мемлекеттік ақпарат агенттігінің (SONNA) хабарлауынша «Villa Rose» қонақүйінде екі бомба жарылып, артынан қақтығыс шықты.

Министрлер мен үкімет лауазымдылары жиі қолданатын қонақүйге жасалған шабуылдардан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат бермеді.

Ұлттық полиция мәлімдемешісі Садик Додише «Көптеген бейбіт тұрғын мен лауазымды құтқарылды. Қылмыскерлер жазаланады» деді.

Кейбір ақпарат порталдары шабуылдар кезінде Сомали Қауіпсіздік министрі Мұхаммед Ахмед Додишенің жараланғанын алға тартты.

Шабуылдарды «Аш-Шабаб» террор ұйымы өз мойнына алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *