Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АСТАНА, 30 қараша. Ауғанстанның Саманган уәлаятындағы бір медреседе болған жарылыстан кемінде 10 студент қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

Талибан уақытша үкіметі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Нафи Такор баспасөзге берген мәлімдемесінде Саманган облысының орталық ауданы Айбектегі Жихадие медресесінде түскі намаз кезінде шабуыл жасалғанын білдірді.

Такор жарылыстан кемінде 10 студенттің қаза тапқанын және көптеген студенттің жарақат алғанын хабарлады.

Оқиға орнына жедел жәрдем топтары жіберілді. Жарылыс үшін жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *