Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сот Махачкаладағы лаңкестік ұйымның басшысын 15,5 жылға соттады

АСТАНА, 10 желтоқсан. Сот Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* халықаралық лаңкестік ұйымының жетекшісіне ант берген және Махачкалада террористік қоғамдастықты басқарған Болат Гамзатовты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің бірқатар баптары бойынша кінәлі деп таныды және оны 15,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп Оңтүстік аудандық әскери сотының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің  205.5 бабының  2-бөлігінде, 205.1 бабының   1.1-бөлігінде, 205.4-бабының  1-бөлігінде, 30 бабының 3-бөлігінде, 208-бабының 1-бөлімінде, 30 бабының 1 бөлігінде, 317 бабыңда көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған Гамзатов Булат Гаджимурадовичке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім  жарияланды.  Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 15 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды», — делінген хабарламада. 

2021 жылдың қаңтарында сотталушы «Ислам мемлекеті» тыйым салынған халықаралық лаңкестік ұйымының жетекшісіне адалдық ант беріп, бейне үндеу жазып алып, файлды ұйым мүшелерінің біріне жіберген. Кейін ол Махачкалада  екі танысын террористік ұйымның қызметіне қатысуға көндірді, сонымен қатар лаңкестік қоғамдастық құрып, оған жетекшілік етті, өзінің таныстарын жалдауды жалғастырды.

Содан кейін ол лаңкестік қоғамдастықтың басқа мүшелерімен бірге Ставропольге барып, онда заңсыз қарулы топ құрып, тәртіп сақшыларының өміріне қол сұғуды жоспарлаған. Ол 2021 жылдың ақпан айында Ставрополь өлкесінде ұсталған.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *