Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали әскерилері арнайы операция кезінде «Аш-Шабабтың» 88 содырын өлтірді

АСТАНА, 18 желтоқсан. Сомали қауіпсіздік күштері халықаралық одақтастардың қолдауымен елдегі соңғы операциясында  «Аш-Шабабтың» 88 содырын өлтірді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі ресми өкілге сілтеме жасап хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Сомали ақпарат министрінің орынбасары Абдірахман Юсуф әл-Адала бір күн бұрын мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында қауіпсіздік күштерінің Орта Шабелл аймағындағы Жухай ауылындағы орманды алқапта содырлар шабуыл жасау үшін пайдаланған қару-жарақ пен құрал-жабдықтарды да тапқанын айтты.

Оның айтуынша, операция орманда лаңкестік әрекеттер жасауға дайындалып жатқан содырлардың жинақталғаны туралы жедел ақпарат алынғаннан кейін басталған.

Сомали үкіметінің күштері соңғы күндері елдің орталық бөлігінде «Аш-Шабаб» тобына қарсы бірқатар операция жүргізіп, нәтижесінде бірнеше ауыл азат етілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *