Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алжир қарулы күштері оңтүстік шекараға жақын жерде екі лаңкесті жойды

АСТАНА, 19 желтоқсан. Алжирдің терроризмге қарсы әскерлері сенбі күні елдің оңтүстік шекарасына жақын жерде екі лаңкесті өлтірді, деп Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.  Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Терроризммен күрес аясында және барлау мәліметтерін тиімді пайдалану арқылы қарулы күштердің бөлімшелері сенбі күні торыулдау кезінде екі лаңкесті өлтіріп, тағы екеуін жаралап,   қамауға алды», — делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ әскерлер пулемет және басқа да ауыр қару-жарақтарды тәркіледі, деп қосты ведомство.

1990 жылдардан бері Алжирдегі қауіпсіздік жағдайының жақсарғанына қарамастан, қарулы күштер мен лаңкестер арасындағы қақтығыстар мезгіл-мезгіл, әсіресе елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында жалғасуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *