Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанда содырлар полиция қызметкерлерін кепілдікке алды

АСТАНА, 19 желтоқсан. Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва қаласында содырлар полиция бөлімшесін басып алып, қауіпсіздік күштері қызметкерлерін кепілдікке алғаны білдірілді, деп TRT  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша Банну Террормен күрес орталығы сол жерде тергеуге алынған содырлар басып алған.

Шыққан қақтығыста полиция орталығындағы екі полиция қызметкері жарақат алып, басқа полиция қызметкерлерін кепілге алды.

Лауазымдылар кепілге алынғандарды құтқару операциясы басталғанын, содырлардың Ауғанстанға қауіпсіз өтуді талап еткенін хабарлады.

Полиция бөлімшесінде 15-ке жуық содырдың бар екені және 6-7 адамды кепілге алғаны атап көрсетілді.

Содырлардың қай ұйымға тиесілі екені белгісіз.

Пәкістандық Талибан лаңкестік ұйымы (ТТП) 28 қараша күні әлеуметтік желіде Исламабад әкімшілігімен 10 мамырда басталған атысты тоқтату келісімінің аяқталғанын және содырларының елдің түкпір-түкпіріндегі қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасауға бұйрық бергенін жариялады.

Пәкістандық Талибан ұйымы 28 қараша күні әлеуметтік желіде Исламабад әкімшілігімен 10 мамыр күні басталған атысты тоқтату келісімінің аяқталғанын және содырларының елдің түкпір-түкпірінде қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасауға бұйрық алғанын жариялады.

Ұйым сол күннен кейін қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылдарын арттырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *