Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жамбыл облысының полицейлері 27 келіден астам есірткі тәркіледі

    ТАРАЗ, 23 қаңтар. Жамбыл облысының полицейлері Шу ауданының тұрғынынан 27 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Шу ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 келі 120 грамм кептірілген марихуана, 210 грамм гашиш, сондай-ақ 17 келі 480 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында аса қауіпті содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар.Битлис провинциясында КЖП-ның жойылған үш содырының арасында аса қауіпті террористердің «қызғылт сары тізіміне» енгізілген Құрбан Пехливан болды, деп Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Елдің шығысындағы кең ауқымды операцияны 10-11 қаңтар аралығында жандармерия мен арнайы жасақтар ұшқышсыз ұшатын аппарат пен әскери әуе күштерінің қолдауымен өткізді. Құрбан Пехливанды ұстау немесе оның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дүниежүзілік банк Тәжікстан елінде экстремизмнің өсуі мүмкін екенін ескертті

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Тәжікстан зорлық-зомбылық экстремизм мен гендерлік дискриминацияның түрлерінің өсуіне тап болуы мүмкін, деп Дүниежүзілік Банктің «Тәжікстан: covid-19 пандемиясының шыңында экстремизмге қарсы күрес» есебінде айтылған, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. Құжатта коронавирустық пандемия кезінде шекараның жабылуына байланысты Тәжікстаннан мыңдаған мигранттар Ресейге жұмыс істеуге кете алмағаны атап көрсетілген. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, мұндай жағдай халық арасындағы депрессияны […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Оңтүстік Осетия астанасында қоғамдық орындағы жарылыстың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Оңтүстік Осетияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей ФҚҚ-нің көмегімен республиканың астанасы Цхинвалидегі қоғамдық орында жарылыстың алдын алды, деп Оңтүстік Осетияның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап ТАСС жазады.  «Оңтүстік Осетия Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің одақтас өзара іс-қимыл шеңберінде, сондай-ақ Оңтүстік Осетия Сыртқы барлау қызметінің күштері мен құралдарының белсенді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Global Terrorism Index 2020: Ауғанстан терроризмге ең көп ұшыраған мемлекет

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Ауғанстан — 2019 жылы терроризмнен ең көп зардап шеккен мемлекет. Бұл туралы Халықаралық экономика және бейбітшілік институты (IEP) (штаб-пәтері Сиднейде) жариялаған Global Terrorism Index 2020 аналитикалық есебінде айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі. IEP әлемнің 163 елінде 2019 жылы болған оқиғаларды талдады. Есепке сәйкес, Ауғанстан, 2018 жылғыдай терроризмнен ең көп зардап шеккен ел болып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Марокко полициясы екі тоннадан астам марихуана тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Марокко полициясы елдің ең ірі қаласы Касабланкада 2,36 тонна марихуана тәркіледі. Бұл туралы жұма күні Корольдіктің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бас басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі . Мекеме мәлімдемесінде айтылғандай, Касабланка портында жоспарлы тексеру барысында полицейлер теңіз арқылы Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінің біріне жіберуге дайындалған бес контейнерден 2,36 тонна марихуана тапты Құқық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Елорда полицейлері құны 30 млн теңгеге бағаланған есірткі заттарын тәркіледі 

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. 16-20 қараша аралығында елорда аумағында «Дәрмег» жедел-алдын алу шарасының 3-кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жедел-алдын алу шарасының аясында елорда аумағында есірткілік заттар мен психикалық белсенді заттарды сатумен айналысатын тұлғалардың қызметі анықталуда. Осылайша, іс-шараны жүргізудің алғашқы күнінде, ағымдағы жылдың 16 қарашасында Жеңіс көшесінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • МҰҚК: «Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами» қолдаушысы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша.«Хизб-ут-Тахрир» * діни экстремистік ұйымының мүшесі қамауға алынды, деп Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлайды. Ол астыртын ұйымдардың диверсиялық қызметінің жолын кесу жөніндегі шаралар аясында ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам конституцияға қарсы көзқарастарды ашық білдіріп, тыйым салынған ұйымның идеологиялық принциптері мен идеяларын таратқан. ҚР Қылмыстық кодексінің 313-бабы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен АҚШ әскери күштері терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықты талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастығы талқыланды, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті. Кездесу барысында тараптар бітімгершілік қызмет, терроризм мен экстермизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Франция мен Марокко есірткі саудасымен күрес бойынша келісім жасасады

    НҰР-СҰЛТАН, 18  қазан. Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Мароккоға барып, әріптесі Абделуафи Лафтитпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Марокконың астанасы Рабат қаласында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар көші-қон, терроризмге қарсы күрес және Дарманен бар жігерін салып күресіп жатқан есірткінің заңсыз айналымы мәселелерін талқылады. «Біз ұлттық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 10 of 16« Бiрiншi...«89101112 » ...Last »