Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қару шеберханасын жою туралы

    ЖАҢАӨЗЕН, 15 тамыз. 2022 жылғы тамызда Жаңаөзен қаласында қару дайындаумен және сатумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті. Жаңаөзен аудандық сотының шешімімен аймақтың тұрғындары «Б» және «Н» тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылдың наурыз айында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жаңаөзен қаласында қару-жарақ дайындайтын жасырын цехты жою бойынша арнайы операция жүргізген […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде 3 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» аймағына оқ жаудырған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 3 террорист залалсыздандырылды. Бұл туралы TRT хабарлайды. Ұлттық қорғаныс министрлігі әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Террористтер қашатын жол жоқ! Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» аймағында оқ жаудырған PПK/YPG-лік 3 террорист залалсыздандырылды» делінді.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы полициясы қалалық сот ғимаратындағы тексерісті аяқтады

    АЛМАТЫ, 15 тамыз. Алматы қалалық сотының ғимаратында тексеру аяқталды. Жарылғыш зат табылмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазыбек би көшесіндегі қалалық сот ғимаратында жедел-іздестіру шаралары аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері аты-жөні белгісіз тұлғаны анықтап, одан әрі жеткізу бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр», — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыда қалалық сот ғимараты қоршауға алынып

    АЛМАТЫ, 15 тамыз. Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судья мен қызметкер эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді. Сот ғимараты қоршауға алынған. «Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимаратында хабарламалар тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алтун: Цифрлық терроризм ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып табылады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун цифрлық медиада жасалған қылмыстарға, цифрлық терроризмге және жалған ақпаратқа қарсы сақтық шараларын қабылдаудың міндетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы TRT хабарлайды. Фахреттин Алтун бас қала Анкарада өткен «Жаңа медиа және цифрлық терроризм семинарында» баяндама жасады. Сандық әлемде тараған жалған хабар мен жалған ақпараттың алдын алу қажеттілігі бар екеніне назар аударған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Иерусалимде атыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Иерусалимдегі Жылау қабырғасының жанында автобустағы адамдарға оқ атылды.  Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жеті адам жарақат алған. Екі адамның халі ауыр, қалғандарының жағдайы орташа. Олардың барлығы автобус ішінде болған. Адамдар автобуспен қаланың көрікті жерлерін саяхаттап жүрген. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Күдікті қашып кетті, оның әрекеті алдын ала террористік шабуыл ретінде қарастырылды.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде 1 әскер шейіт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Ирактың солтүстігінде PKK террор ұйымына қарсы операцияда бір әскер шейіт болды. Бұл туралы TRT хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Пенче-килит» операциясы аймағында бөлшектеуші террор ұйымының шабуылы нәтижесінде бір әскердің шәйіт болғанын мәлімдеді.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда ҰҚШҰ күштерінің оқу-жаттығуы өтіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 04 тамыз. Сәрсенбі күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің арнайы жасақтары «Кобальт-2022» тактикалық оқу-жаттығуын бастады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. ҰҚШҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰҚШҰ мемлекеттерінің арнайы жасақтары бандалар мен лаңкестік топтарды іздеу, оқшаулау және бейтараптандыру бойынша оқу-жаттығу өткізіп, қолданбалы жедел-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында олар есірткі арналарын жабады, есірткі заттарын […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Павлодарда бірнеше сот ғимараттарына бомба қойылғаны жайлы хабарлама келіп түскен

    ПАВЛОДАР, 04 тамыз. Павлодардағы бірнеше сот ғимараттарына бомба қойылғаны туралы шұғыл байланыс желісіне хабарлама келіп түсті. Аталған нысандардағы қызметкерлер дереу арада эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, сағат 14:53-те Павлодар облыстық және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының электрондық мекенжайларына бірнеше ғимаратқа жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама түскен. «Оқиға орнына шұғыл ден қоюдың […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркия 9 мың шетелдік террористті депортациялады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз. Ішкі істер министрлігі Көші-қон басқармасынан жасалған мәлімдемеде PПK/PYD және ДАИШ(ИГ)сияқты террор ұйымдарына қосылу үшін елдерінен келген шетелдік террористтерді депортациялау жұмыстарының жалғасқаны білдірілді. Бұл туралы TRT хабарлайды. Мәлімдемеде Сирияда 2011 жылы басталған азаматтық соғыстан бері 102 түрлі елден 9 мың шетелдік террорист елден шығарылғаны атап өтілді. Мәлімдемеде депортацияланған шетелдік террористердің елге бөлінуі қаралғанда Еуропалық Одақ елдерінің бірінші […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 1 of 7512345 » 102030...Last »