Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қантар. Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» аймағында PKK/YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде террор ұйымы PПK/YPG-нің «Бейбітшілік бұлағы» аймағында халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігінің бұзылуына рұқсат берілмейтіні атап көрсетілді. Мәлімдемеде аймақта десанттардың шабуылға дайындалған PПK/YPG-лік террористтерге қарсы оқпен 10 террористті залалсыздандырғаны білдірілді. Ирактың солтүстігіндегі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыста алты адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қантар. Ауғанстанның батысындағы Герат қаласында жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып. Орталық қалалық аурухананың бас дәрігері Мохаммад Ареф Джалалидің айтуынша, жарылыс Хаджи Аббас ауданында болған. Куәгерлердің бірі көлік жарылғанын, жолаушылар арасында әйелдер мен балалар болғанын айтты.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Лаңкестік шабуылда 11 Ирак әскері көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қантар. Ирактың шығысында террор ұйымы ДАИШ тарапынан армияға қарсы ұйымдастырылған шабуылда 11 Ирак әскері қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Дияла операциялар қолбасшылығының мәлімдемесіне қарағанда террор ұйымы ДАИШ Дияла уәлаятына қарасты Узайм ауданында шабуыл жасады. Шабуылда 11 Ирак әскері көз жұмды. Террор ұйымы ДАИШ-тің шабуылынан кейін аймаққа жоғарғы деңгейдегі бір әскери делегацияның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Polisia.kz: Жамбылда жерге көмілген қару-жарақ табылды

    ТАРАЗ, 21 қантар. Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 20 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ табылды. «Белгісіз адамдар сегіз бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, “Krall” маркалы мылтықты және бір пышақты қапқа салып, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алты мың 370 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қантар. Түрік Қарулы Күштерінің Сириядағы «Зәйтүн бұтағы» операция аймағында 2018 жылы 20 қаңтардан бері 6 мың 370 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің елдің оңтүстігінде құруға талпынылған террор дәлізін күйрету, PПK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ сияқты террор ұйымдарын жою, аймақ халқын зұлымдықтан құтқару және шекараның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Киркукте бомбалы шабуыл

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қантар. Киркук полиция басқармасы мәлімдемешісі Амир Нури куәлігі белгісіз адамдар тарапынан Мәжіліс төрағасының орынбасары Шахван Абдуллахтың Киркуктегі бюросына бомбалы шабуыл жасалғанын білдірді, деп хабарлайды TRT агенттігіне.   Нури бюроның зақымдалғанын және оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарының басталғанын айтты.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ерлан Қарин: Терроризм бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қантар. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, кейбір өңірлерде терроризмге қарсы операция жоғары деңгейде жалғаса береді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды ISLAM.KZ. Оның айтуынша, радикалдық топтар еліміздегі лаңкестік әрекеттерді өз пайдаларына асырмақ болған. «Арнайы жасақ әлі де жұмыс істеп жатыр. 20 желтоқсанда шетелдік топтардың елімізге келгені белгілі болды. Олар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау облысында блок бекеттер алынып жатыр

    АҚТАУ, 20 қантар.ТЖ режимі аяқталғаннан кейін өңірлердегі блок бекеттер алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарулы Күштердің теңіз жаяу әскерлері бригадасының бөлімшелері тұрақты орналасу пунктіне қайта оралды.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Жаңа Зеландия қыркүйектің соңына дейін терроризмге қарсы заңнаманы күшейтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Жаңа Зеландия премьер-министрі Жасинда Ардерн Окленд қаласындағы супермаркеттердің бірінде болған террор шабуылынан кейін контртерроризм заңын күшейтуге бел буды, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Сенбі, 4 қыркүйек күні Ардерн шабуыл жайлы қосымша мәліметтерді бөлісіп, қазір парламент қарауында жатқан контртерроризм заңының қабылдануына күш салатынын айтты. Ардер заңның қыркүйектің соңына дейін қабылдануы үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді. Заң […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ Ауғанстандағы ДАИШ содырларына қарсы арнайы операция өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз. Америка Құрама Штаттары 26 тамыз бейсенбі күні  Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайы маңында лаңкестік шабуыл жасаған  ДАИШ/Хорасанға қарсы Ауғанстанда әуе операциясы ұйымдастырғанын хабарлады, деп TRT хабарлайды.  АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдемешісі полковник Билл Урбан жасаған жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ Қарулы Күштері бір ДАИШ/Хорасан басшысына қарсы операция жасады» деген сөзддер қолданды. Аталмыш операцияның Ауғанстанның Нангахар уәлятында ұшқышсыз […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 4 of 56« Бiрiншi...«23456 » 102030...Last »