Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Стамбұлдағы лаңкестік әрекетті орындаушы 1368 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Стамбулдағы  бір ойын-сауық орталығында 2017 Жаңа жыл мерекесін тойлағандарға жасалған және 39 адам қаза тапқан террор шабуылымен байланысты күдікті Машариповтың сот үкімі жарияланды. Ол 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру және қосымша 368 жылға сотталды, деп TRT жазады.  Стамбул 27-ші Қылмыстық сот қараған қылмыстық іс күдіктілердің соңғы түсініктемелері алынған соң үкім жарияланды. Сот […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • С.Шойгу — «Кавказ-2020» оқу-жаттығулары қыркүйектің соңына жоспарланған

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің қорғаныс министрліктерінің басшылары терроризммен күресте ынтымақтастықты кеңейтуге келісті, деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Алғашқы бірлескен жаттығулар «Кавказ-2020″маневрлері аясында өтеді. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан хабарлады.  «Терроризмге қарсы бірлескен міндеттерді қыркүйектің соңында «Кавказ-2020» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында пысықтау ұсынылды», — […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар.   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  you tube арнасында күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар көрсетілген бейнеролик орналастырылған. Бейнероликте қоғамдық орындарда, кіреберісте, көшеде және т.б. жерлерде  күдікті зат табылған жағдайда оның иесін анықтауға тырысу керек  делінген. Егер иесі табылмаса, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Сонымен қатар, роликте ықтимал қауіпті затқа тән ерекшеліктер, осы затты байқаған кездегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кемерово облысында ШЫҰ-ның терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қаңтар. Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) «Бейбітшілік миссиясы — 2020» оқу-жаттығулары Кемерово облысының «Юргинский» полигонында алғаш рет өтеді, деп хабарлайды КирТАГ. ШЫҰ-ға мүше елдердің «Бейбітшілік миссиясы-2020» терроризмге қарсы оқу-жаттығулары алғаш рет Кемерово облысының «Юргинский» полигонында өткізіледі», — делінген хабарламада Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Тамыз айында өтетін халықаралық оқу-жаттығуларға сегіз елдің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ешкім де өз балаларына осылай көмектеспейді — американдық психолог «Жусан» операциясы туралы

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Босқындармен жұмыс жасаудың 25 жылдық тәжірибесі бар американдық психолог Стеван Вейн Қазақстанда ДАИШ  экстремистік ұйымының қатарында Сириядағы соғыс аймағында болған қазақстандықтардың әйелдерімен және балаларымен кездесті. Чикагодағы Иллинойс штаты университетінің психиатрия кафедрасының профессоры Ақтаудағы кең ауқымды оңалту орталығына барған алғашқы американдық маман болды. Соғыс қасіретін көрген кішкентай қазақстандықтардың ойлары мен олардың өз Отандарында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Кеше, 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыста биылғы жылдың жұмысы қорытындыланды. Террористік акцияларға жол бермеу бойынша және жалпы алғанда еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға күш салынғаны аталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Астана процесінің кепілгер елдері бірлескен мәлімдеме қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Елордада Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды. Процестің кепілгер елдері Иран, Ресей және Түркия бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп 24.kz  хабарлайды. Маңызды құжат 14 тармақтан тұрады. Келіссөздердің бұл жолғы раунды Астана процесінің қажеттілігін тағы бір дәлелдеп  көптеген өзекті мәселелерді көтерді. Келіссөздерге Сирияның қарулы оппозициясының басшылары да келді. «Иран, Ресей және Түркия Астана […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Астана процесі: лаңкестер тобының қалдығымен күрес мәселелері талқыланады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. 10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Астана процесінде лаңкестер тобының қалдығымен күрес және гуманитарлық мәселелер талқыланады. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Жерорта теңізіндегі диалогтар» халықаралық конференциясының сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Келесі аптада Қазақстан елордасында астаналық форматтағы 14-ші кездесу өтеді. Онда деэскалация туралы келісімдердің орындалу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Терроризм үшін іздеуде жүрген ТМД азаматтарының саны белгілі болды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 желтоқсан. ТМД елдерінде 10 мыңнан астам адам террористік және экстремистік қылмыс жасады деген айыппен іздестірілуде, деді ТМД Терроризмге қарсы орталығының (ТҚО) басшысы Андрей Новиков .Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.   Оның айтуынша, ТҚО терроризм мен экстремизм үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған шамамен 10 мың адам туралы мәліметтер бар. Бұл ретте олардың жартысынан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Путин ҰҚШҰ елдерін террористерге қарсы бірлескен операцияларға шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша. Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының Сириядағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерін террористерге қарсы бірлескен операцияларға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости . «Біз халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы серіктестерімізбен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға тырысамыз», — деді Путин бейсенбі күні ҰҚШҰ отырысы барысында. […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 5 of 56« Бiрiншi...«34567 » 102030...Last »