Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Талдықорғанда блок бекеттер алынып тасталды

    Талдықорған, 26 қантар. Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі қалада блок бекеттер өз жұмысын тоқтатқанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz. «Алматы облысында террористік қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінің күшінің жойылуына байланысты Талдықорғандағы блок бекеттер алынып тасталды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттеріне оралады»,- делінген хабарламада. Сондай-ақ Тараз қаласының аумағына қойылған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің блок бекеттердегі қызметтері аяқталды. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ирактағы зымыран шабуылында 2 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қантар. Ирак  Мәжіліс төрағасы Мұхаммед Халбуси тұратын ғимараты орын алған Енбарға қараста Гарма ауданына жасалған зымыран шабуылуында  2 адам жарақат алды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ирак үкіметіне қарасты Қауіпсізлік медиа желісінен жасалған мәлімдемеде «Мәжіліс төрағасы Халбусидің дүниеге келген жері Гарма ауданына 3 зымыранмен лаңкестік шабуыл ұйымдастырылды. Шабуылдан кейін жолдан өтіп бара жатқан  2 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы аудандарының бірінде террорға қарсы операция режимі енгізілді

    АЛМАТЫ, 26 қаңтар. Алматының Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб 26 қаңтар күні сағат 00:00-ден 27 қаңтар күні түнгі сағат 00:00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операциялық режим енгізілгенін хабарлайды», — делінген хабарламада. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Бас прокуратура: Тәртіпсіздіктерден кейін терроризм актісі бойынша 45 іс тергеліп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Қазақстан билігі терроризм актілері бойынша 45, адам өлтіруге қатысты 15 қылмыстық іс тергеп жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қылымжановқа сілтеме жасап. «Жедел тергеу топтары 819 қылмыстық істі тергеуде. Оның ішінде терроризм актілері бойынша — 45, жаппай тәртіпсіздік бойынша — 36 және кісі өлтіру бойынша-15», — деді […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қантар. Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» аймағында PKK/YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде террор ұйымы PПK/YPG-нің «Бейбітшілік бұлағы» аймағында халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігінің бұзылуына рұқсат берілмейтіні атап көрсетілді. Мәлімдемеде аймақта десанттардың шабуылға дайындалған PПK/YPG-лік террористтерге қарсы оқпен 10 террористті залалсыздандырғаны білдірілді. Ирактың солтүстігіндегі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыста алты адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қантар. Ауғанстанның батысындағы Герат қаласында жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып. Орталық қалалық аурухананың бас дәрігері Мохаммад Ареф Джалалидің айтуынша, жарылыс Хаджи Аббас ауданында болған. Куәгерлердің бірі көлік жарылғанын, жолаушылар арасында әйелдер мен балалар болғанын айтты.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Лаңкестік шабуылда 11 Ирак әскері көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қантар. Ирактың шығысында террор ұйымы ДАИШ тарапынан армияға қарсы ұйымдастырылған шабуылда 11 Ирак әскері қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Дияла операциялар қолбасшылығының мәлімдемесіне қарағанда террор ұйымы ДАИШ Дияла уәлаятына қарасты Узайм ауданында шабуыл жасады. Шабуылда 11 Ирак әскері көз жұмды. Террор ұйымы ДАИШ-тің шабуылынан кейін аймаққа жоғарғы деңгейдегі бір әскери делегацияның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Polisia.kz: Жамбылда жерге көмілген қару-жарақ табылды

    ТАРАЗ, 21 қантар. Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 20 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ табылды. «Белгісіз адамдар сегіз бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, “Krall” маркалы мылтықты және бір пышақты қапқа салып, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алты мың 370 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қантар. Түрік Қарулы Күштерінің Сириядағы «Зәйтүн бұтағы» операция аймағында 2018 жылы 20 қаңтардан бері 6 мың 370 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің елдің оңтүстігінде құруға талпынылған террор дәлізін күйрету, PПK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ сияқты террор ұйымдарын жою, аймақ халқын зұлымдықтан құтқару және шекараның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Киркукте бомбалы шабуыл

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қантар. Киркук полиция басқармасы мәлімдемешісі Амир Нури куәлігі белгісіз адамдар тарапынан Мәжіліс төрағасының орынбасары Шахван Абдуллахтың Киркуктегі бюросына бомбалы шабуыл жасалғанын білдірді, деп хабарлайды TRT агенттігіне.   Нури бюроның зақымдалғанын және оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарының басталғанын айтты.
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 4 of 75« Бiрiншi...«23456 » 102030...Last »