Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркияның Мерсин қаласында лаңкестік әрекеттен бір полиция қызметкері қаза тапты

    АСТАНА, 27 қыркүйек. Түркияның Мерсин қаласында полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасалды, қаза тапқан адам бар, билік оқиғаны теракт деп бағалады, деп хабарлайды A Haber телеарнасы. Бұл туралы  РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Шамамен 23.00 (Мәскеу уақытымен сәйкес) Мерсин қаласының Мезитли ауданында белгісіз біреулер полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады», — […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркияның арнайы қызметтері іздеуде жүрген КЖП содырын Сирияның солтүстігінде залалсыздандырды

    АСТАНА, 27 қыркүйек. Түркияның арнайы қызметі Сирияның солтүстігінде Айн Иса аймағындағы YPG лаңкестерінің (КЖП-ның сириялық қанаты) жетекшілерінің бірі Мехмет Акйолды залалсыздандыру бойынша арнайы операция жүргізді, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздердің хабарлауынша, лаңкес Мехмет Акйол «Доган Аманос» шақыру белгісімен Түркиядағы терактілерге қатысқаны үшін Түркия тарапынан халықаралық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда ҰҚШҰ жаттығулары басталды

    ТАРАЗ, 26 қыркүйек. Жамбыл және Алматы облыстарында (Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында) 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары өтеді: «Өзара іс-қимыл- 2022», «Іздеу-2022», «  Эшелон -2022», — деп хабарлайды EADaily Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреу Ижевскідегі мектепте оқ жаудырды

    АСТАНА, 26 қыркүйек.Ресей Федерациясына қарасты Удмуртия Республикасының Ижевск қаласындағы бір мектепке белгісіз біреудің қарулы шабуылы салдарынан 9 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ресей Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Ресейдің Удмуртия облысындағы Ижевск қаласындағы №88 мектепке белгісіз біреу қарулы шабуыл жасады. Ресей Тергеу комитеті жасаған мәлімдемеде қарағанда […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы облысындағы мектепті кәмелетке толмаған бала «миналаған»

    АЛМАТЫ, 25 қыркүйек. Алматы облысының полицейлері өткен жұмада анонимді қоңыраудан кейін мектептердің бірін қоршауға алған. Полицейлерді дүрліктірген себепші белгілі болды, деп  BaigeNews.kz  Polisia.kz Telegram каналына сілтеме жасай отырып хабарлайды.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Облыстық полиция департаментінде атап өтілгендей, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша Іле […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияда лаңкестердің зымырандық соққысынан екі сарбаз қаза тапты

    АСТАНА, 25 қыркүйек. Сирия Араб Республикасының екі әскери қызметкері лаңкестердің Идлиб және Алеппо провинцияларына жасаған зымырандық соққылары салдарынан қаза тапты, деп сенбі күні Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығы басшысының орынбасары генерал-майор Олег Егоров мәлімдеді, деп хабарлайды Stopterror.uz. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. « Идлиб провинциясында Клейдин аймағынан лаңкестердің Танджара […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Йеменнің оңтүстігінде терроризмге қарсы операция кезінде «Әл-Қаиданың» 24 содыры өлтірілді

    АСТАНА, 25 қыркүйек. Йеменнің үкіметшіл күштері сенбі күні елдің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында лаңкестікке қарсы әскери операцияларын жалғастырды, деп қауіпсіздік қызметінің өкілі мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Соңғы күндері әскерилер провинцияның әртүрлі аудандарындағы «Әл-Каида»* лаңкестік тобының бекіністеріне рейд жүргізді. 24 лаңкес жойылды, деп хабарлады атын атамауды қалаған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомали әскери күштері 15 «Аш-Шабаб» содырын залалсыздандырды

    АСТАНА, 24 қыркүйек. Сомали ұлттық армиясы бір күн бұрын Сомали орталығындағы Галмудуг аймағында қиян-кескі ұрыстар кезінде 15 «Аш-Шабаб» содырын өлтірді деген ақпаратты ел үкіметі растады. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сомали ақпарат, мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, содырлар әскери базаларды басып алмақ болған кезде өлтірілген. «Алдын ала […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде бірден сегіз мектепке «бомба қойылған»

    АҚТӨБЕ, 24 қыркүйек. Осымен бір аптаның ішінде мектептен екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Бұл жолы сегіз мектеп назарға ілікті. Жүздеген оқушы эвакуацияланды. Полицейлер қаскөйді анықтауға барын салып жатыр, деп хабарлайды Zakonkz. Ақтөбеде таңертең №2 орта мектептің оқушылары жаппай эвакуацияланды. Осымен бір аптаның ішінде бұл мектепте екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Жайсыз хабарды естіген ата-аналар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Шымкентте экстремистік материалдар таратқан азамат ұсталды 

    ШЫМКЕНТ, 22 қыркүйек. Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті қолға түсті. 40 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды. «Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және […]
    • 2 Years ago
    • 0