Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды

    АҚТАУ, 18 сәуір. 2021 жылғы 16 сәуірде Маңғыстау облысындағы «Оймаш» полигонында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ІІМ қарулы күштерімен және Ұлттық ұланымен, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың шұғыл әрекет етуші қызметтерімен бірлесіп өткізген «Қалқан-2021» жедел оқу-жаттығуы аяқталды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 2021 жылғы 16 сәуірде Маңғыстау облысындағы «Оймаш» полигонында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ІІМ қарулы күштерімен және Ұлттық ұланымен, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан үкімет күштері 51 «Талибан» содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір.Ауғанстан үкіметі армиясының операциялары кезінде жұма күні «Талибан» қозғалысының* 51 содыры өлтірілді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Министрліктің мәлімдемесінде жұма күні үкіметтік күштердің Газни мен Нимроз провинцияларында тәліптерге қарсы операциялары басталғаны, нәтижесінде 51 содыр өлтірілгені, олардың қару-жарақтары мен оқ-дәрілері жойылғандығы, Нимроз провинциясындағы «түрменің» жойылғандығы,  оның ішінен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның 44 жастағы азаматы «Талибанмен» байланыс орнатқаны үшін» 15 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Тәжікстандағы Дарваз ауданының тұрғыны тәліптермен байланыс орнатқаны үшін 15 жылға сотталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Таулы Бадахшан автономиялы облысының соты Сухробжон Вазировтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкімді 19 наурызда шығарған. Сот үкімінің көшірмесі Озоди радиосының редакциясына 13 сәуірде түсті. Құжатқа сәйкес, Дарваз ауданының 44 жастағы тұрғыны Сухробжон Вазиров екі жыл бойы «Талибан» қозғалысының Ауғанстандау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ДАИШ Ирактың солтүстігіндегі мұнай ұңғымасына шабуылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір.Киркук полиция дирекциясы мәлімдемешісі Амир Нури ондаған мұнай ұңғымасы орналасқан қаланың солтүстік батысындағы Бай Хасан аймағында 105 нөмірлі ұңғыманың нысанаға алынғанын атап көрсетті, деп TRT хабарлайды.  Нури оқиғадан кейін шыққан өрттің сөндірілгенін мәлімдеді. Шабуылдың ДАИШ террор ұйымы мүшелері тарапынан жасалғанын жеткізген Нури шыққан өрт қысқа уақытта сөндірілгені себепті мұнай ұңғымаларына зиян келмегенін айтты. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігіндегі бомбаның жарылуы салдарынан 4 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір.Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаятында жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 4 адам қаза тапты, деп TRT  хабарлайды.  Кандахар Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Джемал Насыр Барикзей Кандахардың Шахвели Кот ауданында жолға орналастырылған бомбаның жарылғанын білдірді. Шабуылда араларында балалар да бар 4 жазықсыз адамның қаза тапқанын атап көрсеткен Барикзей оқиғаға Талибанның жауапты екенін мәлімдеді. Шабуылды қазірше ешкім […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Мұсылман ағайындар» террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір.Тәжікстанның Жоғарғы соты 9 сәуірде «Мұсылман ағайындар» («Ихвон-ул-муслимин») террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарды, деп centralasian.org хабарлайды.  117 адам 5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, екеуіне айыппұл салынған. Тәжік ұлттық университетінде оқытушы болған Египет азаматы Мұхаммад Баюми 23 жылға сотталған. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол ұйымды басқарған. Университеттің тағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі жарылыста 15 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір.Сомалиде бір шағын микроавтобусқа ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 15 кісі қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Үкімет мәлімдемешісі Мохамед Моалму Орта Шабелле аумағында жолға қойылған бір бомбаның азаматтар отырған микроавтобуст өткен кезде жарылуы салдарынан 15 кісінің қаза тапқанын хабарлады. Астана Могадишодан жолға шыққан микроавтобус Джохар қаласына бара жатқан. Бомбалы шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания Ауғанстаннан барлық дерлік әскери контингентің әкетуге дайын

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб Ауғанстанда міндет атқарған ағылшын әскерлерінің елден жүйелі түрде кетуіне қолдау беретіндерін білдірді, деп TRT жазады. Twitter есебінен жариялаған жазбасында министр Рааб елінің бейбіт болашаққа ие тұрақты Ауғанстанға қолдау беру үшін НАТО және Ауғанстан халқының жанында екенін айтты. Рааб Ауғанстандағы ағылшын әскери жасақтарының елден жүйелі түрде шығуына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның Ракка провинциясында лаңкестердің минасы жарылып, бес бейбіт тұрғын жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Ракка провинциясының солтүстігіндегі Сахл әл-Банат аймағында лаңкестердің шегінуі кезінде қалған минаның жарылуы салдарынан бес бейбіт тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды SANA агенттігі . Жергілікті ақпарат көздері SANA агенттігіне тұрғындардың металл сынықтарын жинау кезінде мина жарылып, адамдар әртүрлі дәрежедегі жарақат алғанын хабарлады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Талибан шетелдік әскерлер кетпейінше Ауғанстан бойынша саммитке қатысудан бас тартты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Елден шетелдік күштер кетпейінше Талибан ешбір Ауғанстан конференциясына қатыспайтынын білдірді, деп TRT жазады.  Талибанның Катардағы саяси кеңсесінің баспасөз хатшысы Мұхаммед Наим Вардак әлеуметтік желіден хабарлама жариялады.  Ол Талибанның барлық істерінің ақылдасу нәтижесінде қабылданғанына назар аударып, шетелдік күштер елден кетпейінше Ауғанстан тақырыбындағы ешбір конференцияға қатыспайтынын атап көрсетті. Түркия Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда,  Түркия, […]
    • 3 Years ago
    • 0