Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» содырлары әскери учаскеге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір. «Талибан» содырларның Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясындағы әскери учаскеге жасаған қарулы шабуылында 5 әскер қаза тапты, деп TRT жазады.  Елдің солтүстігіндегі 20-шы Шакин Корпус қолбасшылығы мәлімдемешісі Мұхаммед Ханиф Рызаи қару топ мүшелерінің Балхтің Чимтал ауданына қарасты Серасяб аумағындағы әскери учаскесіне қарулы шабуыл жасағанын білдірді. Шабуылда 5 әскердің қаза тапқаны, 2 әскердің жарақат алғанын жариялаған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш Шабаб» шабуылы 5 әскери қызметкердің өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір.Сомалиде ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 5 әскер қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Джуба аймағы полициясы Абдрахим Адан азанда болған шабуылдың  оңтүстіктегі Ахмадов әуежайында міндет атқарған қауіпсіздік күштері нысанаға алынғанын хабарлады. Бомбалы шабуылда 5 әскер қаза тапты. Шабуылды Аш-Шабаб ұйымы мойнына алды. Аш-Шабаб Сомалиде қауіпсіздік күштері, БҰҰ және Африка Одағы ғимараттарын нысанаға алған шабуылдар ұйымдастырып келеді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Парижде аурухана алдында болған шабуылда 1 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір.Францияның астанасы Парижде бір аурухананың алдында қарулы шабуыл ұйымдастырылды, деп TRT хабарлайды.   Шабуылда бір кісі қаза тапты, бір кісі де жараланды. Шабуылшы мотоциклмен қашып кетті. Полиция жаралының оқиға болған Генри Данант ауруханасында емделгенін хабарлады. BFM  телеарнасы қаза тапқан ер адам екенін, жаралының аурухананың әйел қауіпсіздік қызметкері екенін білдірді. Қарулы шабуылдың себебі әлі белгісіз.
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Республикамыздың бірнеше облыстарында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір.Ү.ж. 12 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік органдары Шекара қызметімен қатар, Қарулы Күштердің және Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының бөлімшелері жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, деп ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды.  Оқу-жаттығу Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында өткізілуде. Негізгі тәжірибелік іс-шаралар Маңғыстау облысының шегінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілетін болады. Оқу — жаттығудың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияда жыл басынан бері 40 лаңкестік шабуылдың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. 2016 жылдың 15 шілдесінен бастап, яғни Түркиядағы төңкеріс әрекетінен кейін 462 террористік басшы бейтараптандырылды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Анадолу агенттігі. Министр олардың 30-ның есімдері Түркия ІІМ-нің ерекше қауіпті қылмыскерлерінің «қызыл», 27-сі «көк», 28-і «жасыл», 63-і «қызғылт сары»  және 314 — «сұр» тізімінде болғанын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • France Info: Францияда лаңкестік шабуылды ұйымдастырған күдікті 24 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты қарсаңында алды алынған лаңкестік әрекетті дайындады деп айыпталған француз Реда Крикет 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы France Info радиосына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 34 жастағы француз Реда Крикет 2016 жылдың 24 наурызында Брюссельдегі лаңкестік әрекеттерден бірнеше күн өткен соң Париж маңында арнайы операция кезінде ұсталды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон басшысы АҚШ Қарулы Күштері қатарында экстремизммен күрес туралы бұйрыққа қол қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин АҚШ Қарулы Күштері қатарындағы экстремистік көзқарастар мен көңіл-күйлермен күресу және тиісті қызметпен айналысатын жұмыс тобын құру туралы бұйрықтар шығарды . Бұл туралы ТАСС Пентагонның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Остин қол қойған жаңа меморандум, атап айтқанда, «экстремистік топтардың әскери қызметкерлерін» тартуды анықтау бойынша жұмысты күшейтуді көздейді. Сонымен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалідің оңтүстік-батысында жарылыс салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Сенбі күні таңертең Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласында жанкешті ұйымдастырған жарылыстан кем дегенде төрт адам қаза тауып, алтауы жараланды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Федералды үкіметтің баспасөз-хатшысы Мохамед Ибрахим Моалиму қысқаша мәлімдемесінде оқиға Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласындағы мейрамханада ер адамның өзін-өзі жарып жіберген кезде болғанын айтты.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон: американдық әскерлерді Ирактан шығару кестесі әлі келісілмеген

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Вашингтон мен Бағдад американдық контингентті Ирактан шығару кестесі туралы әлі келіскен жоқ. Бұл туралы Вашингтондағы журналистерге Пентагон өкілі Джон Кирби хабарлады, деп жазады Анадолу агенттігі. Кирби АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ирактың Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн бастаған екі елдің делегациялары арасындағы стратегиялық диалогтың үшінші кезеңінің қорытындылары бойынша «Ирактан американдық әскерлерді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мысыр соты «Ағайынды мұсылман бауырлар» қозғалысының қазіргі жетекшісін өмір бойына бас бостандығынан айырды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Бейсенбі күні Мысыр соты бірнеше ай бұрын Каирдегі пәтерде ұсталған «Ағайынды мұсылман бауырлар» тобының  бұрынғы жетекшінің міндетін атқарушы Махмуд Эззатты өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп жазады REUTERS. Қауіпсіздік күштері Эззатты өткен жылдың тамыз айында Каирдегі Бесінші елді мекен аймағында болған рейд кезінде тұтқындады, бұл 2013 жылы биліктен кетірілгеннен бері қуғын-сүргінге ұшыраған […]
    • 3 Years ago
    • 0