Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия Қорғаныс министрі: 1 наурыздан бастап  220-ден астам террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 1 наурызға дейін көбі Сирияның шығысында 200-ден астам террористің залалсыздандырылғанын айтты, деп TRT жазады.  Журналистердің сұрақтарына жауап берген Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефонда Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды кеңескенін жариялады. «Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды өзара кеңестік, өзара шаралар жасау жөнінде келістік және жұмыстарымызды осылай жалғастырамыз,» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жарылыс қаупі туралы хабарламадан кейін Нидерланд парламентінің ғимараты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Гаагадағы Нидерланд парламент ғимаратын эвакуациялауға алып келген бомба қаупі жалған болып шықты. Бұл туралы Нидерланд полициясының хабарламасына сілтеме жасай отырып Anadolu агенттігі хабарлады . Бұған дейін Гаага полициясы Твиттерде жарылыс қаупіне байланысты парламент ғимараты мен оның маңын тексеріп жатқанын мәлімдеген. Кейін тәртіп сақшылары тергеу нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмағанын хабарлады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Францияда Күрдістан жұмысшы партиясына мүше 10 адам тергеуге алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Француз полициясы жасаған операциямен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 10 адам тергеуге алынды, деп TRT агенттігі жазады.  Француз баспасөзінің заң органдарына сүйенген хабарында Париж террормен күрес сот төрешісінің талабымен КЖП-на (PKK)  бағытталған бір операция жасалғаны атап көрсетілді. Француз полициясының «Террор ұйымы құру және қаржыландыру» айыбымен 1 әйел, барлығы 10 адамның тергеуге алынғаны […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СІМ: Түркия террористік ұйымдармен күресуін жалғастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Чавушоғлу НАТО базасында ұйымдастырылған Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады, деп TRT агенттігі хабарлайды. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысында Түркияның барлық террористік ұйымдармен күресі жалғасатынын білдірді. Чавушоғлу Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО базасында ұйымдастырылған Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады. Бірінші отырыстағы сөзіне байланысты Твиттер желісінде мәлімдеме жасаған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде миномет шабуылында 3 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Сомалидің бас қала Могадишодағы БҰҰ және Африка Одағы ғимараттарын нысанаға алған миномет шабуылында 3 адам қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Даркенлей Аймақтық полиция бөлімшесі лауазымдысы Абди Юсуф БҰҰ және Африка Одағы орталықтары орналасқан Халане лагерьіне миномет шабуылы жасалғанын мәлімдеді. Юсуф минометтердің лагерьдің айналасындағы үйлерге құлауы салдарынан кем дегенде 3 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердің оңтүстік-батысындағы шабуылдардан кем дегенде 10 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Нигерде аты-жөні белгісіз шабуылшылардың азаматтарды нысанаға алған шабуылында кемінде 10 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Елдің Тиллабери аймағында қарулы шабылшылар екі ауылға қарулы шабуыл ұйымдастырды, салдарынан 10 адам қаза тапты. Шабуылда үйлер өртенді. Лауазымдылар жан шығынының артуынан алаңдауда. Шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • РФ тергеу комитеті: Нижний Новгородта терроризмге жәрдемдесу үшін ер адам 10 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Сот террористік әрекетке жәрдемдескені үшін ер  адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп РФ  Тергеу комитетінің Нижний Новгород облысы бойынша тергеу басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Нижний Новгород облысы бойынша тергеу басқармасының ерекше маңызды істерді тергеу жөніндегі 1-бөлімінің тергеушісі жинаған дәлелдемелерді сот 27 жастағы ер адамға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтаудың сауда орталықтарының бірін «миналаған» тұрғын мас күйде болған

    АҚТАУ, 25 наурыз. Ақтауда мас әйел сауда орталығына «бомба қойылды» деп хабарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түскі сағат 14:00 шамасында Ақтау қаласы полиция басқармасының 102 кезекші пультіне «Ардагер» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен. Полицейлер дереу сауда орталығына жетіп, орталықтағы қозғалысты шектеп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастаған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда  «Боко Харамның» 57  содыры залалсыздандырылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік ұйымының 57 содыры залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Өзінің жасырын болып қалуын қалаған әскери шенеуніктің хабарлауынша, терроризмге қарсы операциялар Борно штатының Дамбоа және Гвоза аудандарында өткізілген. Оның айтуынша, көптеген содырлар жараланды, олар қашып үлгерген. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бері 20 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында содырлардың шабуылынан Камерунның екі әскери қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік тобының исламистері Камерунның кем дегенде екі сарбазын өлтірді. Бұл туралы Нигерияның Vanguard газетіне сілтеме жасап ТАСС жазады .  «Содырлардың отряды 20 наурыз күні кешке Вулго орман алқабындағы армия лагеріне шабуыл жасады», — деді ақпарат көзі. — Бір сағатқа созылған атыс кезінде Камерун қорғаныс күштерінің екі сарбазы қаза […]
    • 3 Years ago
    • 0