Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстандағы қарулы қақтығыс: әскери қызметкерлер жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстанда қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысының содырлары арасындағы қақтығыста алты әскери қызметкер жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Оқиға елдің солтүстігінде, Балх провинциясының Шөлгере аймағында болды. Содырлар бақылау бекетіне қарулы шабуыл жасады, атыс салдарынан алты сарбаз жарақат алды. Бес содыр өлтірілді, үшеуі жараланды. «Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Лос-Анджелестің маңындағы баптисттер шіркеуінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  АҚШ билігі сенбіге қараған түні Калифорния штатының Лос-Анджелес маңындағы баптисттер храмында болған жарылысты тергеп жатыр. Бұл туралы NBC телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Полиция қызметкерлері шіркеуде қолдан жасалған жарылғыш зат жарылды деп санайды . Ол жерде сондай-ақ вандализм әрекеті жасалды. Белгісіз біреулер ғимараттың қабырғаларына қорлайтын мазмұндағы жазулар жазған. Жарылыстан кейін оқиға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда Ресейлік әскери қызметшілер шартты лаңкестерді жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресей әскери қызметшілері Тәжікстандағы 201-ші Ресей әскери базасындағы лаңкестік әрекеттерді тойтару бойынша дайындықты сәтті аяқтады. Бұл туралы Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады . Оқу-жаттығуға 600 әскери қызметкер қатысты, олар 20 жауынгерлік техниканы қолданды. Шартты лаңкестердің шабуылын 201-ші базаның мотоатқыш бөлімдері тойтарғаны белгілі . Бастапқыда олар дабыл белгісін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Могадишодағы лаңкестік шабуыл, 5 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар.  Магадишода экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің бағытында жарылғыш зат іске қосылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Қауіпсіздік көздерінен алған ақпаратқа сәйкес, жарылғыш зат Сомали астанасының Шибис ауданында экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің жолына қойылды. Алдын ала ақпарат бойынша бес адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды, оның ішінде экс-депутат Афрах бар. Оқиға болған жерге қауіпсіздік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта КЖП-ның 3 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ирактың солтүстігінде КЖП-ның  3 содыры  залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде КЖП лаңкестік ұйымына қарсы операциялардың табандылықпен жалғасқаны білдірілді. Мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында тыныштық пен бейбітшілікті бұзу мақсатымен шабуыл жасауға тырысқан 3 КЖП-ның содыры залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бағдад әуежайына тағы да зымыран атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, қаза болған және жараланған адам болмағаны хабарланды.Бұл туралы TRT жазады.  Иракта Бағдат әуежайына зымыран шабуылы ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда кеше түнде жасалған шабуылда Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, өлген және жараланған адам болмағаны хабарланды. Атылған зымыранның екеуі әуежайдың маңына түскені, үшінші зымыранның Бағдаттың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • РФ ФҚҚ Башқұртстан Республикасында террорлық актінің алдын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Башқұртстан Республикасында террорлық актінің алдын алды, деп ведомство сайтында хабарланады . Жүргізілген  шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл дайындап жатқан 1995 жылы туған Ресей азаматы ұсталды. Жабдықталған құпия орнынан оқ-дәрілері бар атыс қаруы, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының компоненттері, ал қолданылған байланыс құралынан — оны жасау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ауғанстанның шығысында 16 содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Бейсенбі күні Ауғанстанның үкіметтік күштері елдің шығысындағы Нангархар провинциясындағы Хогиани және Ширзад аудандарындағы «Талибан» қозғалысының жасырынған жерлеріне шабуыл жасаған кезде барлығы 16 содыр өлтірілген. Бұл туралы провинция әкімшілігі таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады. Мәлімдемеде операциялардың бейсенбі күні кешке Хогиани амағының Акрам-Хил ауданында және Ширзад аймағының Хашим-Хил ауданында жүргізілгені атап өтілді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • 2020 жылы террористік қылмыстар саны шамамен 30% өсті

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресейде террористік сипаттағы қылмыстардың саны 2020 жылы 30% -ға, экстремистік — 42% -ға өсті. Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің статистикасында айтылған, деп хабарлайды ТАСС .  «2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында террористік сипаттағы 2 342 қылмыс (+ 29,7%) және экстремистік сипаттағы 833 қылмыс (+ 42,4%) тіркелді», — деп хабарлады министрлік. Статистикалық мәліметтерде террористік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Псков тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Псков тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында экстремизм мен терроризмды насихаттағаны үшін сот алдында жауап береді. Бұл туралы Псков облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып RG.RU хабарлайды. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам 2018 жылдың наурыз айында өз парақшасында экстремистік қызметке жария түрде шақыратын екі жарияланым жасады. Содан кейін, 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін […]
    • 3 Years ago
    • 0