Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  •  Малидің солтүстігінде жарылыс салдарынан БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Малидің Тимбукту аймағына жасалған террор шабуылында БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері  өлтірілді, 6 әскер жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметі жасаған мәлімдемеде әскерлердің Тимбукту-Дуэнца аумағында шабуылға ұшырағаны жөнінде ақпарат түсті. Шабуылда БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері қаза тауып, 6 әскердің жарақат алғаны білдірілді. БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметі басшысы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның оңтүстігінде мина жарылысынан екі бала қаза тапты, 10 жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар.  Сирияның оңтүстігіндегі Шейх-Мискин қаласында 12 бала ойнап жүріп, мина басып кеткен. Балалардың екеуі жарылыс орнында қаза тапты, деп  Azattyq Rýhy ақпараттық ресурсына сілтеме жасап ERNUR.KZ  жазады. «Деръа провинциясындағы Шейх-Мискин қаласында лаңкестер көміп кеткен мина жарылысы салдарынан екі бала қаза тапты, қалған 10 бала түрлі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді», — деп жазады агенттік. Елдімекендерді тастап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта ДАИШ-тың 7 содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар.  Ирактың Киркук қаласында ДАИШ-ке қарсы басталған операцияда 7 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ирактың Киркук қаласы ауылдық аймағында ДАИШ террористік ұйымына қарсы басталған операцияда 7 террорист залалсыздандырылды. Киркуктің оңтүстігіндегі Хавидже ауданы маңында ДАИШ террористік ұйымына бағыттап операциялар басталды. АҚШ басшылығындағы Халықаралық коалиция күштері әуеден қолдау берген операцияларда Шай алқабы маңында ДАИШ террор ұйымына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Израиль әскери күштері Сирияға әуе шабуылын жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. Израиль сәрсенбіге қараған түні Сирияның оңтүстік-шығысында әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы ria.ru-ға  сілтеме жасап azattyq-ruhy.kz хабарлайды. «Израиль Дейр-эз-Зор мен Бокемал қалаларындағы аудандарға шабуыл жасады», — деп хабарлайды жергілікті Ikhbariya телеарнасы. Sham FM радиостанциясы Дейр-эз-Зор провинциясының батысы мен шығысында бір уақытта бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады. Зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ. Еске салайық, Израиль әскери күштері […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Помпео: Кубаны «террорға қолдау берген елдер» тізіміне қайтадан енгізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі Барак Обама билігі кезінде қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру процесінде» террорға қолдау берген елдер тізімінен» шығарған Кубаны қайтадан тізімге енгізді, деп хабарлайды TRT агенттігі.  Майк Помпео «Кастро режимі халықаралық терроризмге берген қолдауын үзуі керек» деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл туралы жазбаша мәлімдеме жасады. Помпео мәлімдемесінде «Сыртқы істер министрлігі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Қарағандыда белгісіз біреу облыстық клиникалық аурухананы «миналады» 

    ҚАРАҒАНДЫ, 12 қаңтар. Қарағандыда белгісіз біреу облыстық клиникалық ауруханада «бомба барын» айтты. Медициналық мекемеден 300 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жедел әрекет ету орталығынына аноним хабарлама сағат 11.15-те түскен. Белгісіз біреу Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада жарылғыш құрал барын айтқан. Төтенше жағдай қызметкерлері бірден оқиға орнына шыққан. Олар ең алдымен ғимарат ішіндегі адамдарды эвакуациялады. «Барлық сақтық шарасын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан Президенті: Ауғанстанда 40 мыңнан астам кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Ауғанстан Президенті Эшреф Ғани 2015 жылынан осы таңға дейін ел көлемінде 40 мыңнан астам кісінің қаза тапқанын айтты, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстан Президенті Эшрев Ғани 9 қаңтарда Америка  CNN теледидарына жасаған мәлімдемесінде президент болғаннан кейін ел көлемінде болған қанды қақтығыстарда 40 мыңнан астам кісінің қаза тапқанын білдірді. Ғани осы процесте НАТО тармағында міндет атқарған Америка […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Жусан» операциясы: АҚШ-та Қазақстан тәжірибесі талқыланды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. 2021 жылдың 8 қаңтары – «Атлантикалық кеңес» атты беделді америкалық талдау орталығы Қазақстанның азаматтарды соғыс аймақтарынан қайтару және оларды қоғамға қайта интеграциялау тәжірибесін талқылауға арналған онлайн конференция өткізді, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлайды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Мемлекеттік департаменттің Зорлық-зомбылық экстремизмен күрес […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал 9 объектінің басшысына әкімшілік айыппұл салынды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 11 қаңтар. 2020 жылы Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал 9 объектінің басшысына әкімшілік айыппұл салынған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұдайы жүргізіп, олардың басшылары мен меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын да тұрақты негізде жүзеге асырады. Қызылорда облысында 2020 жылы террористік тұрғыдан осал […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Францияның Рьом коммунасында мұғалімдерге төнетін қауіп-қатерге байланысты мектеп уақытша жабылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар.  Францияның Рьом коммунасының (Пюи-де-Дом департаменті)  мектеп басқармасы мұғалімдерге төнген қауіп-қатерге байланысты оқу орнын уақытша жабуға бұйрық берді. Бұл туралы мектеп әкімшілігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Оқушылар мен мұғалімдерді қорғау үшін біз лицейді келіп түскен қорлау мен кісі өлтіру қаупіне байланысты жабуға шешім қабылдадық», — деді мектеп өкілі. Өз кезегінде Клермор-Ферран қаласының прокуроры […]
    • 3 Years ago
    • 0