Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Дінге қатысты мәселелер бойынша жүзден астам адам 114 желісіне хабарласты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан.  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен дін мәселелері бойынша 114 қауырт желісі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жобаның жұмысын 2020 жылдың тамыз айында министрліктің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Social Development Center» қоғамдық қоры бастады. 114 қауырт желісі — дінге қатысты мәселелер бойынша көмекке мұқтаж барлық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 170 есірткі қылмысы анықталды

    ӨСКЕМЕН, 10 қазан. Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі көбейіп барады, деп хабарлайды Алтайньюс. Бұл туралы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Әсет Өтепов мәлімдеді. Мәселен өткен жылы тәртіп сақшылары «скорость» (амфетамин) деп аталатын 899 грамм затты тәркілеген. Ал осы жылдың 9 айында дәл осы есірткі затының 3,7 келісі табылды. Сондай-ақ маманның айтуынша, бүгінге дейін 222 келі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Елімізде жыл басынан бері заңсыз ай­налымнан 22 тоннадан астам есірткі тәркіленді 

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Нашақорлық – замана зауа­лы, әлем дерті. Күннен-күнге жаңа сипатпен белең алып бара жатқан бұл құбылыстан ең бір­ін­ші кезекте құқық қорғау ор­ган­дарының үздіксіз күресі құтқаратыны анық. Өйткені өр­кениет прогресінің ең биік шыңы – озық тех­нологиялық ком­му­никациялар да әзірге есірткі бизнесінің шырмауына қолайлы болып тұр. Қашанда қолға түспеудің қитұрқы жол­дарын іздейтін наркодилерлер онлайн жүйенің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Көкшетауда терроризмге қарсы жоспарлы жаттығулар басталды

    КӨКШЕТАУ, 09 қазан. 9-23 қазан аралығында Көкшетау қаласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөлікті пайдалануымен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуде, деп хабарлайды AqmolaNews.kz . Қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дінтанушы: Ұлттық құндылықтарымызды кеңінен дәріптеу — деструктивті діни ағымдармен күресте ең басты құрал

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан. Ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сіз бен біздің басты міндетіміз. Ұлт қауіпсіздігіне қауіп келтіретін факторлардың бірі экстремистік және террористік актілердің орын алуы болып табылады.Бұл тек республика көлемінде ғана емес, бүкіләлемдік бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ауқымды деңгейдегі мәселе, деп дінтанушы А.Нұрбек Нұр-Сұлтан қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығының ресми сайтында жарық көрген […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Павлодар полицейлері дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылары жасаған 14 құқық бұзушылықты анықтады

    ПАВЛОДАР, 05 қазан. Павлодарлық полицейлер жыл басынан бері дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдері жасаған 14 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Жыл басынан бері полиция қызметкерлері экстремизмге қарсы күрес саласындағы құқық бұзушылықтардың 14 фактісін анықтады, оның ішінде заңсыз миссионерлік қызметтің 2 фактісі (ҚР ӘҚБК 490-бабы 3-бөлігі), экстремистік материалдарды сақтаудың 3 фактісі (ҚР ӘҚБК 453-бабы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шымкенттен Қарағандыға 1,5 кг психотроптық есірткі алып бара жатқан жүргізуші ұсталды

    ТАРАЗ, 04 қазан.  Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының полиция бөлімшесінің қызметкерлері Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 168-шақырымында 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «БМВ» автокөлігін тоқтатты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Тексеру барысында «Рони« есімді қызметтік ит автокөліктің қақпағының астынан ақ кристалды ұнтақ заты бар полиэтилен пакетін тапты, ол […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • 55 жасар Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға сотталды 

    ТАРАЗ, 02 қазан. Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Деловой Казахстан газеті жазады. «Қарағанды—Сұрыптау станциясының көлік полицейлері «Қарасора-2020» жедел—алдын алу іс шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізумен айналысқан Жамбыл облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», — дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев. Оның айтуынша, ұсталған азаматтан жалпы салмағы 23 келі болатын есірткі заты тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «гашиш«есірткі құралы болып табылады. «Осы факті бойынша көлік полицейлері  ҚР ҚК 297 — бабы 3-бөлігімен яғни, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді», — дейді полиция полковнигі. «Осы жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысының мамандандырылған сотының шешімімен құқық бұзушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды сөзін Н. Әлібаев. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері  Көліктегі ПД—нің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері 338 есірткі қылмысын, оның ішінде 31 өткізу және 18 аса ірі мөлшерде сақтау фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 156 келіден астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 31 келі гашиш және 73 келі марихуана тәркіленді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының ПД есірткіге қарсы күрес жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады

    ТҮРКІСТАН, 01 қазан. Түркістан облысының полицейлері шекарада Өзбекстан азаматын есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Келес ауданының полиция қызметкерлері есірткі қылмысының (сату, сақтау, тұтыну) алдын алу бойынша үздіксіз жұмыс жасауда. Мәселен, Келес АПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің полицейлері шекара қызметкерлерімен бірлесіп, шекара бекетінде рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында күмән тудырған автокөлікті тоқтатады. Сондай-ақ көлік жүргізушісінен құжаттарын сұрап, тексеру […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ аясында үнді және пәкістандық әскерилермен бірлескен жаттығу өткізу мақұлданды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әскери оқу-жаттығулар аумағы кеңейтілуі мүмкін, деп  24.kz хабарлайды.  Сенат отырысында депутаттар 2007 жылғы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Осылайша ұйымға соңғы болып қосылған Үндістан мен Пәкістан елдерін әскери жаттығуларға жұмылдыру жағы қолға алынбақ. Жауынгерлік оқулар бірінші кезекте лаңкестікке қарсы іс-қимыл шаралары шеңберінде жүргізіледі. Осы мақсатта Шанхай […]
    • 3 Years ago
    • 0