Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Шетелдіктер Қазақстанда теракт дайындады

    АЛМАТЫ, 14 қаңтар. 2019 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азияның тумалары болып табылатын шетел азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды. Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. […]
    • 2 Days ago
    • 0
  • Арын: Сириядан оралғандарды мемлекет қамқорлығына аламыз

    АСТАНА, 13 қаңтар. 11 қаңтарда Астана қаласында Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы Арын балалары террористік белсенділігі жоғары Сирия-Ирак аймақтарына кеткен ата-аналармен кездесу өткізді. Жиынға ҚР азаматтарын елге қайтару мәселері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп kazislam.kz сайты хабарлайды. Кездесуде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты жасаған мәлімдемесіне байланысты атқарылып […]
    • 3 Days ago
    • 0
  • ҰҚК: Соңғы 2 жылда Қазақстаннан Сирияға бірде-бір азамат барған жоқ

    АСТАНА, 11 қаңтар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуінің арқасында соңғы 2 жылда Сириядағы қақтығыс аумақтарына Қазақстан аумағынан бірде-бір адам шықпаған, деп жазады Kazislam.kz сайты. «Әлбетте, Сыртқы істер министрлігіндегі әріптесім (вице-министр Ержан Ашықбаев — авт.) айтқандай, бұл бағыттағы жұмыс ары қарай жалғасын табады. Қақтығыс басталғалы бері, әрине, барлық жауапты мемлекеттік органдар […]
    • 5 Days ago
    • 0
  • Баламмен сөйлескенде артында мылтығы бар адамдар тұрды – Сирияда ұлынан айырылған ана

    АСТАНА, 10 қаңтар Баласы Сирияда көз жұмған қарағандылық Ботагөз Мақатова баласының біреулерге алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ботагөз Мақатова баласы тірі кезінде онымен скайп арқылы сөйлескенін жеткізді. «Ұлым менен кешірім сұраумен болды. Өзі де жағдайдың сол арнаға бұрылатынын білмеген ғой. Баламды еске алған сайын көзімнен жас, көңілімнен зар төгіледі. Әрине, туғандарын сол жақтан […]
    • 6 Days ago
    • 0
  • Сириядан елге қайтарылған қазақстандықтар: 7 адам тергеліп жатыр

    АСТАНА, 10 қаңтар.  Терроризмге қатысы бар деген күдікпен Сириядан оралған жеті қазақстандыққа қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 9 қаңтар күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сирияда террористердің қолында кепілде болған 47 қазақстандықтың елге қайтарылғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын. Олардың ішінде 6 ер адам мен […]
    • 6 Days ago
    • 0
  • Лаңкестікпен күреске арналған арнайы техниканы Қазақстан жеңілдікті шарттармен алады

    АСТАНА, 09 қаңтар. Пленарлық мәжіліс барысында Мәжіліс «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризммен және экстремизмнің өзге де көріністерімен күрес саласындағы құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Билисбеков депутаттарға мәлімдегендей, құжат Қазақстанға ғана емес, Достастықтың барлық елдеріне осындай арнайы техниканы жеңілдікпен […]
    • 6 Days ago
    • 0
  • Қазақстан Сириядан азаматтарды қайтару арқылы қауіпсіздік мәселелерін шешіп отыр — Қарин

    АСТАНА, 9 қаңтар. Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтару арқылы біздің мемлекет гуманитарлық мәселелермен бірге, қауіпсіздік мәселелерін де шешіп отыр. Қақтығыс аймақтарынан 47 Қазақстан азаматының оралуына қатысты белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл — үлкен маңызды гуманитарлық іс-шара. Себебі, әскери іс-қимылдар, үлкен қақтығыстар орын алып отырған аймақтан біздің азаматтарды елге қайтару […]
    • 7 Days ago
    • 0
  • Ұлттық болмыс жат идеологияларға қарсы құралдың негізі

    АСТАНА, 8 қаңтар.  Қазақтың игі жақсылары талай зұлмат замандарда «Ынтымақсыз елді – ұрысы, ынтымақты елді – дұрысы билейді» деген ұстаныммен елді  ынтымақта сақтап, тарих көрсеткендей еліміз белгілі өркениетті мемлекетке айналды. Қазақ тарихында  қаншама  заңдарымыздың басым бөлігі ұлттық бірлік пен елдің бейбітшілігін сақтауға негізделді. Билеушілеріміз жау жағадан алғанда ұлттық сана сезімді ту етіп көтеріп, халықты ауызбіршілікке ұйыстыра […]
    • 8 Days ago
    • 0
  • Көкшетауда колледжге «мина қойған» қаскүнем ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 6 қаңтар. Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген адамды бір сағаттың ішінде анықтады.Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, қоңырау 4 қаңтар күні сағат 19:40-та шалынды. «Оқиға орнына жедел түрде барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызмет өкілдері жіберілді. […]
    • 11 Days ago
    • 0
  • «Қан төгіп жатыр». Елбасы әлемдегі діни ахуалға алаңдаушылық білдірді

    АСТАНА, 29 желтоқсан. Нұрсұлтан Назарбаев әлемде террористердің барлығы мұсылмандар деген ой қалыптасып келе жатқаны үшін алаңдайтынын білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы елордада дін тақырыбында съезд өткізудің әлем халқы үшін де, Қазақстан үшін де қаншалықты тиімді екеніне тоқталды. Бұл туралы президент жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Президент […]
    • 18 Days ago
    • 0
Бет 1 of 10712345 » 102030...Last »