Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ұлыбритания Ауғанстаннан барлық дерлік әскери контингентің әкетуге дайын

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб Ауғанстанда міндет атқарған ағылшын әскерлерінің елден жүйелі түрде кетуіне қолдау беретіндерін білдірді, деп TRT жазады. Twitter есебінен жариялаған жазбасында министр Рааб елінің бейбіт болашаққа ие тұрақты Ауғанстанға қолдау беру үшін НАТО және Ауғанстан халқының жанында екенін айтты. Рааб Ауғанстандағы ағылшын әскери жасақтарының елден жүйелі түрде шығуына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Хорватия теңіз портында құны 57 миллион евро болатын кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.  Хорватия елінің құқық қорғау органдары ұлттық кедендік қызметпен қосылып, Дубровник қаласынан 90 шақырым жердегі Плоче теңіз портында Оңтүстік Америкадан салмағы 575 келіге жуық заңсыз кокаин партиясын тәркілеу бойынша операцияны сәтті өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат HRT телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Телеарнаның атап өтуінше, есірткіні тәркілеу операциясы 30 наурызда өткізілген, алайда Дубровник полициясы ол […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның Ракка провинциясында лаңкестердің минасы жарылып, бес бейбіт тұрғын жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Ракка провинциясының солтүстігіндегі Сахл әл-Банат аймағында лаңкестердің шегінуі кезінде қалған минаның жарылуы салдарынан бес бейбіт тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды SANA агенттігі . Жергілікті ақпарат көздері SANA агенттігіне тұрғындардың металл сынықтарын жинау кезінде мина жарылып, адамдар әртүрлі дәрежедегі жарақат алғанын хабарлады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Талибан шетелдік әскерлер кетпейінше Ауғанстан бойынша саммитке қатысудан бас тартты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Елден шетелдік күштер кетпейінше Талибан ешбір Ауғанстан конференциясына қатыспайтынын білдірді, деп TRT жазады.  Талибанның Катардағы саяси кеңсесінің баспасөз хатшысы Мұхаммед Наим Вардак әлеуметтік желіден хабарлама жариялады.  Ол Талибанның барлық істерінің ақылдасу нәтижесінде қабылданғанына назар аударып, шетелдік күштер елден кетпейінше Ауғанстан тақырыбындағы ешбір конференцияға қатыспайтынын атап көрсетті. Түркия Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда,  Түркия, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» содырлары әскери учаскеге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір. «Талибан» содырларның Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясындағы әскери учаскеге жасаған қарулы шабуылында 5 әскер қаза тапты, деп TRT жазады.  Елдің солтүстігіндегі 20-шы Шакин Корпус қолбасшылығы мәлімдемешісі Мұхаммед Ханиф Рызаи қару топ мүшелерінің Балхтің Чимтал ауданына қарасты Серасяб аумағындағы әскери учаскесіне қарулы шабуыл жасағанын білдірді. Шабуылда 5 әскердің қаза тапқаны, 2 әскердің жарақат алғанын жариялаған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш Шабаб» шабуылы 5 әскери қызметкердің өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір.Сомалиде ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 5 әскер қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Джуба аймағы полициясы Абдрахим Адан азанда болған шабуылдың  оңтүстіктегі Ахмадов әуежайында міндет атқарған қауіпсіздік күштері нысанаға алынғанын хабарлады. Бомбалы шабуылда 5 әскер қаза тапты. Шабуылды Аш-Шабаб ұйымы мойнына алды. Аш-Шабаб Сомалиде қауіпсіздік күштері, БҰҰ және Африка Одағы ғимараттарын нысанаға алған шабуылдар ұйымдастырып келеді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда екі есірткі сатушысы ұсталды

    АЛМАТЫ, 13 сәуір. Алматыда есірткінің кезекті сатушылары тұтқындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл жолы полицияның назарына 20 және 22 жастағы екі жігіт ілікті. Олар қаланың көпқабатты үйлері орналасқан аймақта жүрді. – Біздің бөлімнің қызметкерлері күдіктілерді таңғы алтыда “Көктем” ықшамауданында қолға түсіру бойынша арнайы іс-шараны жүргізді, нәтижесінде 2000 жылы туған К.есімді азамат және 1999 жылы туған С.есімді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иванов облысында «Таблиғи Жамағаттың» ізбасары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір. Иваново облысы бойынша ФҚҚ қызметкерлері «Таблиғи Жамағат» халықаралық экстремистік ұйымының мүшесін ұстады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлады. «Ресейдің Иванов облысы бойынша ФҚҚБ Ресей Федерациясында тыйым салынған экстремистік ұйымның мүшесін ұстады. 1985 жылы туған облыс орталығының тұрғынына қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282.2 бабы 2-бөлімінде («Экстремистік ұйымның қызметін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір.  «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барша мұсылман қауымын  келіп жеткен қасиетті Рамазан айымен құттықтайды . Рамазан – құлшылық пен сабыр, мейірім мен қайырымдылық айы.Осы күндері әр мұсылман өзінің рухани дамуына зор мән береді. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
    • 3 Years ago
    • 0
  • Парижде аурухана алдында болған шабуылда 1 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір.Францияның астанасы Парижде бір аурухананың алдында қарулы шабуыл ұйымдастырылды, деп TRT хабарлайды.   Шабуылда бір кісі қаза тапты, бір кісі де жараланды. Шабуылшы мотоциклмен қашып кетті. Полиция жаралының оқиға болған Генри Данант ауруханасында емделгенін хабарлады. BFM  телеарнасы қаза тапқан ер адам екенін, жаралының аурухананың әйел қауіпсіздік қызметкері екенін білдірді. Қарулы шабуылдың себебі әлі белгісіз.
    • 3 Years ago
    • 0