Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияда «Боко Харамның» 16 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан. Нигерияның солтүстік-шығысында әуе шабуылы нәтижесінде «Боко Харам» террористік ұйымының 16 содыры өлтірілді, деп Анадолу агенттігі жазады.  Операция нәтижесінде төрт қарулы көлік пен көптеген оқ-дәрі тәркіленді. Әскери-әуе күштері Борно штатының Магумери аймағындағы «Боко Харам» нысандарына шабуыл жасады, деп мәлімдеді Нигерияның қорғаныс министрлігінің баспасөз-хатшысы Бернард Онуко. Осы уақытта содырлар Майдугури қаласындағы фермерлерге шабуыл жасады, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Аустралия полициясы Оңтүстік Африкадан келген жүк арасынан 144 келі кокаин тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан.  Аустралияның шекара қызметі Брисбен кемежайында Оңтүстік Африка Республикасынан жеткізілген жүк арасына жасырылған 144 келіге жуық кокаин тәркіледі, деп The Sydney Morning Herald басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат жазады. Шекара қызметкерлері Брисбен кемежайына қазан айының басында жеткізілген гидравликалық цилиндрлер партиясын қарау кезінде екі гидроцилиндр поршенінен қуыстарды анықтаған. Оның ішінен әрқайсысына 24 блок кокаин салынған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда үш жасөспірім синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған 

    ҚАРАҒАНДЫ, 26 қазан. Қарағандыда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан үш жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қарағандыда есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған үш жасөспірімді ұстады. Олар бұл үшін арнайы пәтер жалдаған. Тінту барысында арнайы құрылғылар мен химиялық реагенттер тәркіленді. Сотқа дейінгі іс қозғалып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның орталығында ДАИШ басшысы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Ирактың  Мосул провинциясындағы ДАИШ (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымының басшысы Йозгатта ұсталды, деп TRT жазады.     Полиция топтары Йозгат қаласында Республиканың Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша ДАИШ (ҚР тыйым салынған ұйым) ұйымына  қарсы операция ұйымдастырды. Белгіленген  мекен-жайға бірдей уақытта жасалған операцияларда  4 күдікті ұсталды. Ұсталғандардың біреуінің Ирактың  Мосул провинциясындағы басшысы екені анықталды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік шабуыл, 2 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында көлікке тиелген бомбаның жарылуы кесірінен 2 адам жарақат алды, деп TRT жазады. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында көлікке тиелген бомбаның жарылуы кесірінен 2 адам жарақат алды. «Евфрат қалқаны» операциясы  аймағында орын алған Баб аудан орталығында тоқтап тұрған көлікке тиелген бомба жарылды. Шабуылында  2 адам жарақат алды. Жарақаттанғандар аудан орталығындағы ауруханада емделіп […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік күштерімен «Аль-Каида» басшыларының бірі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Ауғанстан қауіпсіздік күштері Федералды тергеу бюросының ең іздеудегі террористерінің тізіміне енген «Аль-Каиданың» аға жетекшісі Абу Мухсин әл-Масриді жойды, деп хабарлайды Reuters  Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік басқармасына (NDS) сілтеме жасап. АҚШ-тың Ұлттық терроризмге қарсы орталығының басшысы Крис Миллер мәлімдемесінде әл-Масридің өлімін растап, оның «соғыс алаңынан жойылуы үнемі стратегиялық шығындарға ұшырап отырған террористік ұйым үшін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Қарасора-2020»: Нұр-Сұлтанда есірткі сататын топ ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан.  Елордада арнайы операция барысында есірткі сатушылардан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қарасора-2020» жедел алдын алу шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымының тұрақты каналы жойылып, елордаға есірткі жеткізіп, сатып келген қылмыстық топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Франциядағы лаңкестік шабуылды қолдаған студент қыз сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Францияның Безансон қаласынын 19 жасар студент қызы тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патиге жасалған қастандықты қолдағаны үшін төрт айға шартты түрде айыпталды, деп Le Figaro-ға сілтеме жасап  REGNUM АА жазады. Бойжеткен әлеуметтік желіде мұғалімнің өлімі «лайықты» деп пікір жазды. Ол «терроризмді ақтады» деген айыппен сотталды. Сот отырысында студент өзінің қателік жасағанын мойындады. Сондай-ақ, ол бұл пікірді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бір апта ішінде 51 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Ауғанстанда бір апта ішінде 51 бейбіт тұрғын «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) құрбаны болды, тағы 137 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі жазады. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Тарык Арйеннің мәлімдеуінше, соңғы бір апта ішінде тәліптер елде 356 шабуыл жасады, соның ішінде 52 лаңкестік әрекет. Аталған уақыт аралығында елде 403 содыр […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Йеменнің шығысында болған  әскери операция барысында 13 хуситтің көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Әскерилер хуситтердің  позицияларын ұстап қалып, нәтижесінде 13 содырдың көзің жойды, деп Анадолу агенттігі жазады. Йемен әскерінің елдің шығысындағы Мариб қаласында жүргізген  операциясының нәтижесінде «Ансаруллах» (хуситтер) қозғалысының 13 содыры өлтірілді. Әскери дереккөздердің хабарлауынша, Йемен армиясының бірлестіктері Марибадағы Эль-Махдар аймағында арнайы операция өткізді. Әскери қызметшілер хуситтердің позицияларын ұстап қалды, нәтижесінде 13 содыр өлтірілді. Әскери […]
    • 3 Years ago
    • 0