Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Елордада 2019 жылы 180 келіге жуық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Елордалық полицейлер былтыр есірткі саудасына қатысты 73 қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, кейінгі кезде есірткінің дәстүрлі түрлерімен қатар, синтетикалық есірткілер мен олардың баламалары кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін синтетикалық есірткі заттармен байланысты 73 қылмыстық іс тіркелген. «2019 жылы қала аумағында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалидің оңтүстігінде «Аш-Шабабтың» жеті содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Сомалидің ұлттық армиясы оңтүстік-батыс штаттары күштерінің қолдауымен сейсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Бай аймағындағы Динсор қаласында операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының жеті содырын жойды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап. Динсор әкімшілігінің басшысы Абди Салам Сидоу журналистерге бірлескен операция әскерилер бұл аймақта содырлардың болуы туралы барлау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізілгенін айтты . […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі тасымалдаушы бір келі “синтетикамен” ұсталды

    АЛМАТЫ, 27 ақпан. Алматы полициясы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бір килограмм психикалық белсенді заттары бар Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақсай-4 шағын ауданындағы жалдамалы пәтерді қарау кезінде қызметкерлер қонақ бөлмесінен күлгін түсті ұнтақ салынған үш полиэтилен пакетті тауып, тәркілеген. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы бір килограмнан асатын синтетикалық есірткі болып шыққан. Анықталғандай, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда Ыстамбұлдағы лаңкестік шабуылдарды дайындады деген күдікпен 10 адамды қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Түркия қауіпсіздік күштері Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекеттерді жоспарлады деген күдікпен 10 адамды ұстады. Билік қамауға алынғандарды елде тыйым салынған Күрд жұмысшылар партиясының және Сирияның күрдтік «Халықтың өзін-өзі қорғау отрядтарының» мүшелері деп санайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Анадолу ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлады . Олардың айтуынша, қауіпсіздік органдарына Түркияға «үкімет шенеуніктері, жергілікті әкімшілік жетекшілері […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ташкентте Сириядағы террористік топқа қосылмақ болған 21 адам ұсталған

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. 26 ақпанда Ташкент және Ташкент облысы аумағында халықаралық террористік ұйымдардың ықпалына тап болған бір топ адам ұсталды деп хабарлайды Өзбекстанның ішкі істер министрлігі, деп centralasian.org хабарлайды.  Мәлімдемеде көрсетілгендей, ұсталғандар Сириядағы террористік ұйымдарды қолдап, қатарына қосылмақ болған. Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалған. Тергеу ісі барысында 24 мекен-жайға тінту жүргізіліп, 21 адам ішкі істер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тунистегі арнайы операция кезінде екі лаңкес жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Тунистің қауіпсіздік күштері екі лаңкестің көзің жойды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Tunis Afrique Presse-ке сілтеме жасап хабарлады . Лаңкестер сейсенбі күні кешке Тунистің батысындағы Кассерин провинциясында алдын-ала операциясы кезінде өлтірілді, деп мәлімдеді жасырын болып қалуды қалаған құқық қорғау органдарындағы дереккөз. Сейсенбіден  сәрсенбіге қараған түні Тунистің Ұлттық гвардиясы мен әскері  «Ислам мемлекетімен» (ҚР […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үндістан астанасындағы мешітке шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Үндістан астанасы Нью-Делидегі мешітке аласұрған топ шабуыл жасады. Оқиға тәртіпсіздіктер жиі болатын қаланың солтүстік-шығысындағы Ашок-Нагар ауданында орын алды, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  Экстремистер мешіт мұнарасына шығып алып, дауыс зорайтқыштарды өшіріп тастаған. Бұнымен қойма, мешітке үнді храмдарында қолданылатын жалауларын тіккен. Содан кейін наразылық білдірушілер «Джай Шри Рам» (Қуан, Рама Құдай) деп ұрандап, мешітті өртеп жіберген. Жергілікті бақылаушылар Үндістандағы тәртіпсіздіктер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қордай ауданының екі тұрғынынан бір келіден астам героин заты табылды

    ТАРАЗ, 27 ақпан. Жамбылдық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі затын сатушыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia kz. 25 ақпан күні арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданының 45 және 42 жастағы екі тұрғынының тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізді. Полиэтиленді қалташаға салынған есірткі заты күдіктілердің бірінің үйінен, екіншісінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 19 жасар американдық Пентагон жанындағы автотұрақта көлікті жармақ болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Арканзас штатының 19 жастағы тұрғыны Пентагон ғимаратының алдындағы тұрақта біреудің Land Rover көлігін жарып жіберуге тырысқан. Бұл туралы The Washington Post  сілтеме жасап baq.kz жазды. Оқиға 24 ақпанда болды. Полиция қызметкері Пентагонның солтүстік тұрағында Арканзастан келген Мэттью Ричардсонды байқап қалады. Жас жігіт темекі тұтандырғыш арқылы матаны Land Rover көлігінің жанармай құятын багына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркіменстанда әскерге барудан бас тартқан «Иегово куәгерлері» түрмеге қамалды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Түркіменстан соты әскерге барудан бас тартқаны үшін «Иегово куәгерлері» қауымының мүшелерін түрмеге қамады деп хабарлады діни ұйымның ресми өкілі Азат Еуропа/Азаттық тілшісіне. Діни ұйым өкілі Джаррод Лопестің айтуынша, Түркіменстанның Дашогуз облысының соты 17 ақпанда діни қауым өкілі Вепа Матякубовты міндетті әскери борышын өтеуден жалтарды деп танып, екі жылға соттаған. Ұйымның дерегінше, Түркіменстан […]
    • 4 Years ago
    • 0