Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мәскеудің Домодедово әуежайында төтенше жағдай болды

     НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Симферополь-Мәскеу «ЭС 7» рейсіндегі жолаушы әйел ұшақ әуежайға қонған соң жарылғыш зат барын мәлімдеп, борттағы жолды бөгеп тастаған.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Осыдан кейін әуе кемесі арнайы алаңға орналастырылды. Әзірге күдікті ешқандай талап жариялай қоймаған. Оқиға орнында қауіпсіздік органдары жұмыс істеп жатыр.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Ағайынды мұсылмандар» ұйымына қатысты 113 күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Тәжікстанда 113 азамат «Ихван-ул муслимин» («Ағайынды мұсылмандар») ұйымына мүше деген күдікпен ұсталды. Елде тыйым салынған ұйым мүшелерін ұстау биыл жыл басында басталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 28 қаңтарда Душанбеде өткен баспасөз конференциясында «ағайынды мұсылмандар» ұсталғанын растады. «Ұйымның мүшесі деген күдікпен 113 адам ұсталды. Олардың ішінде 20 мұғалім, бір […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан шетелде қарулы жанжалға қатысқандарға жазаны қатайтуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шетел аумағында қарулы жанжалға қатысқандарға жазаны қатайтуды ұсынды. Қылмыстық кодекске енгізілуі мүмкін ұсыныстар халық талқылауына шығарылды, деп centralasian.org хабарлайды.  Жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексте шетелде қарулы жанжалдарға қатысқандар 2,5-5 жылға сотталуы мүмкін, өйткені бұл қылмыс түрі ауыр емес қылмысқа жатады. Бұған дейін мұндай әрекет ауыр қылмыс ретінде қаралатын. Қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бішкекте 438 килограмнан астам есірткі заты тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Бішкекте Алтымышов атындағы көшенің жекеменшік үйінде жасырын есірткі зертханасы табылды. Онда каннабис пен галлюциногендік саңырауқұлақ өсіріп келген. Бұл жөнінде Бішкек қаласы ішкі істер басқармасына сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды.  Мекеме мәліметінше, заттардың бәрі сол жерде тәркіленген. Тәркіленген заттың салмағы 438,07 келі болған. Бұл оқиға бойынша заңсыз есірткі сақтау бабымен қылмыстық іс қозғалған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Бомба» туралы хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Ресейде Хабаровск – Мәскеу рейсімен ұшқан борт миналанды деген хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады  sputniknews.kz . Бұқаралық ақпарат құралының хабарлауынша, «Аэрофлот» әуе компаниясының Airbus A330 бортында 261 жолаушы болған. FlightRadar интернет сервисінің мәліметіне сәйкес, ұшақ Хабаровск қаласынан 800 шақырым жерде кері бұрылған. Соңғы ақпарат бойынша ұшақ Хабаровск қаласында қонған. Зардап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда түрмесінде бүліктер ұйымдастыру әрекетті үшін70 адам қосымша жаза алды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Тәжікстанда түрмеде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынды деп айыпталған 70 адам қосымша жаза алды. Тағы 30 адамның ісі тергеуде жатыр.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.  Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 24 қаңтарда парламент отырысында осылай деп мәлімдеді. Шенеунік істің қай түрмеге қатысты екенін айтпады. Тәжік колонияларында жарты жылдың ішінде екі бүлік тіркелді: 2018 жылы 7 қарашада […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Душанбеде жыл басынан бері 23 келіден астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Тәжікстан астанасының полиция қызметкерлері 20 келіден астам есірткіні тәркіледі, деп хабарлады ТаджикТА. «Асадулло Гайратов, Андалеба Муиддинов  және Мирзовали Назаров азаматтарынан полиция қызметкерлері 9 кг гашиш тәркіледі. Күдіктілер «Саодат» сауда орталығынын жанында есірткіні шартты сатып алушыға сатпақ болған жерінде ұсталды. Есірткіні елордаға А.Гайратов әкелген, ал  А.Муиддиновтың пәтерінде сақталған», — деп хабарлады Тәжікстан ІІМ баспасөз орталығы. Сондай-ақ, есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан тыйым салынған ұйымдар, сайттар және кітаптар тізімін жаңартты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитеті ел аумағында таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы материалдар тізімін жаңартты, деп centralasian.org хабарлайды. Құжат 2019 жылы 25 желтоқсанда бекітілген. «Хизб ут-Тахрир», «Нурджулар» қозғалысы, «Акрамиттер қоғамы», «Нурсафардийя қозғалысы», «Катиба Таухид валь-Жихад», «Жабхат ан-нусра», «Таблигии жамаат» және басқа да ұйымдар мен топтарға тыйым салынған. Өзбек диссидент-жазушы Нурилло Отахановтың «Бу кунлар» […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Мұсылман ағайындар» қозғалысы өкілдері жаппай ұсталып жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Тәжікстанда тыйым салынған «Мұсылман ағайындар» («Ихвон-ул-муслимин») қозғалысының мүшесі деген күдікпен ұсталғандар саны 70-ке жетті, деп centralasian.org хабарлайды.  Ел билігі әзірге бұл жәйтқа қатысты ешқандай пікір білдірмей отыр. Азаттықтың тәжік қызметі құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сүйеніп хабарлағандай, соңғы екі аптаның ішінде аталған қозғалыс мүшесі деп қамалғандардың саны көбейіп жатыр. Ақпаратқа қарағанда, 20 қаңтарға дейін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде Дағыстан тумасы ИМ қаржыландырғаны үшін сот алдына келеді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Мәскеуде Дағыстан Республикасының тумасы Ислам Өтемовке қарсы терроризмді қаржыландыру туралы қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол халықаралық террористік ұйым мүшесіне 60 мың рубль аударғаны үшін сотталады,  деп РФ ТК баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. 2015-2017 жылдары Өтемов танысының өтініші бойынша оның банк карталарына 61 мың рубльді аударғаны анықталды. Бұл ретте, айыпталушы оның танысының […]
    • 4 Years ago
    • 0