Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ШҚО-ның полицейлері 256 келі есірткі тәркіледі

    ӨСКЕМЕН, 13 наурыз. Өткен жылы ШҚО-да 256 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев ішкі істер органдарының жұмысындағы маңызды бағыттың бірі  нашақорлықпен күрес екенін атап өтті. – 2020 жылы 253 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 157 факті есірткі өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан барлығы 256 келі әртүрлі есірткі алынды, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Пенза мектептерінің бірінде лаңкестік шабуылды дайындаған күдіктіні ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.  Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Ресей Федерациясының Тергеу комитетімен және Ресейдің Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Пенза облысының  білім беру мекемесінде террористік актінің алдын алды, деп ФҚҚ-нің Қоғаммен байланыс орталығы хабарлайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде осы қылмысты дайындауға қатысқан Ресей азаматы ұсталды. Оның тұрғылықты мекенжайы бойынша заңсыз сақталған аңшылық мылтық пен дәрі, сондай-ақ, қолдан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан азаматтарын Сириядан әкету үшін эвакуациялық рейс дайындауда

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.  Бірнеше жыл бұрын соғыс аймақтарына кеткен азаматтарды эвакуациялау үшін Қырғызстан Сирияға ұшақ жібереді. Бұл туралы әділет министрінің орынбасары Марат Қанұлқұловтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып  Sputnik Қырғызстан жазады .  «Менің білуімше, жақын арада Қырғызстан азаматтарын Сириядан алып кетуге ұшақ дайындалуда . Бұл шындық па?» — деп депутат Эрмамат Тагаев министр орынбасырынан  сұрады. Парламентарийдің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дағыстанда лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған содыр залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.  Лаңкестік шабуылды жоспарлаған содыр Махачкаладағы терроризмге қарсы операция кезінде жойылды.Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің ақпараттық орталығының хабарлауынша содырдан автомат пен жаңкештінің белбеуі  табылған. 11 наурызда Дағыстанда лаңкестік әрекетке дайындықтың жолын кесу бойынша терроризмге қарсы операция барысында қарулы қарсылық көрсеткен бандит залалсыздандырылды. «Атыс орнында оқшашар, оған арналған көп мөлшердегі оқ-дәрі және «жаңкешті белбеуі»түріндегі қолдануға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Павлодарда жоғары сапалы синтетикалық есірткі сатушысы ұсталды

    ПАВЛОДАР, 11 наурыз. Павлодар қаласында синтетикалық есірткіні сату кезінде 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Жедел уәкілдер ұсталған адамның жоғары сапалы синтетикалық есірткіні интернет арқылы құпия орындарға қоя отырып, сатумен айналысқанын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызылорда тұрғыны жарты келіге жуық есірткі затын терезеден лақтырып жіберген

    ҚЫЗЫЛОРДА, 10 наурыз.  Қызылордада полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап. 6 наурыз күні жедел-профилактикалық іс-шара барысында Қармақшы ауданының аумағы арқылы өтетін «Самара-Шымкент» тас жолының бойында Қызылорда облысы ПД қызметкерлері «ВАЗ-2115» маркалы автокөлікті тоқтатқан. «Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші автокөліктің алдыңғы терезесінен полиэтилен пакетке салынған затты лақтырып жіберген. Тексеру барысында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы террорлық шабуыл: қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Сомали астанасы Могадишода сәрсенбі күні лаңкестік шабуыл салдарынан бір адам қаза болып, үшеуі жараланды.Бұл туралы Anadolu агенттігіне Африка республикасының қауіпсіздік күштеріндегі ақпарат көздері хабарлады. Жарылыс 10 наурыз күні таңертең елорданың  Каран ауданында болды. Террористер жарылғыш затты Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері  жүретін жолға орнатқан. Жарылыс болған жерге қауіпсіздік күштерінің жасақтары жіберілді. Әзірге ешқандай […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» 33 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында «Боко Харам» террористік ұйымының 33 содыры залалсыздандырылды, көптеген адамдар жараланды, деп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. БАҚ хабарлауынша, армия мен лаңкестер арасында қақтығыс Чикингуду аймағында басталды. Армия жасақтары көптеген оқ-дәрілерді ұстап қалды. Қақтығыс кезінде екі әскери қаза тауып, жетеуі жараланды. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде КЖП содырларының көптеген қару-жарақтары мен оқ-дәрілері тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Түрік арнайы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында жүргізілген терроризмге қарсы операциясы аясында КЖП террористерінің паналары мен үңгірлерінен көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Түрік арнайы күштерінің бүкіл аумақты мұқият тексеріп, тиімді операция өткізгені атап өтілді. Операция барысында РПГ-7 граната атқышы, төрт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан полицейлері есірткі тасымалдаушысын ұстады

    ТҮРКІСТАН, 10 наурыз. Полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 13 келіге жуық марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, патрульдік полиция батальоны және Түлкібас АПБ инспекторлары бірлесіп, арнайы операция нәтижесінде аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз тасымалдаған күдіктілерді ұстады. Жедел-іздестіру шаралары барысында, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 649 шақырымында Жамбыл облысы […]
    • 3 Years ago
    • 0