Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарағанды облысында ер адам әкімдік ғимаратын «жарып жібермекші»

    ҚАРАҒАНДЫ, 11 тамыз. Қарағанды облысында лаңкестік әрекет жайлы жалған ақпарат таратқан 39 жастағы ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 тамызда сағат 12.13-те 102 телефонына белгісіз ер адам қоңырау шалып, «City mall» сауда үйін жарып жіберемін деп қорқытқан. Облыстық полиция департаментінің жедел кезекшілеріне барлық шұғыл әрекет ету […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Биыл ШЫҰ аумағында 7 тонна есірткі тәркіленген

    АЛМАТЫ,09 тамыз. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ішкі істер министрлерінің екінші кеңесіне қатысқан Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан полицейлерінің трансұлттық қылмыспен қалай күресетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Біздің елдер аумағында қауіпті қылмыскерлерді іздеу және ұстау, ауыр қылмыстарды бірлесіп ашу жолға қойылғанына көптеген мысалдар бар. ТМД шеңберінде жыл сайын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Судан терроризмді қолдайтын елдер тізімінен шығарылмайды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз. АҚШ Суданды терроризмді қолдайтын елдер тізімінен әзірге шығармайды, деп 24.kz хабарлайды. Бұл туралы осы елдің саяси мәселелер жөніндегі министрінің орынбасары Дэвид Хейл Хартумда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Айта кетейік, бұл тізімге енген елдер Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк сияқты несие берушілерден қаржылай көмегінен қағылып, елдің сыртқы борышын жою сияқты мүмкіндігінен айырылады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Аралда сора егілген алқап табылды

    АРАЛ,08 тамыз. Қызылорда облысында Арал ауданында аса ірі мөлшерде сора өсімдігін өсірген тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Сора егілген аймақ Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм елді мекенінен шығыс бетке қарай 30 шақырым жерде болған. Есірткі алқабын Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген «Көкнәр-2019» іс-шарасы барысында анықталды. Кейін күдікті ретінде Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда 1 гектар жерге қарасора егілген

    Қарағанды, 07 тамыз. Қарағанды қаласының маңында 1 гектар жерге егілген қарасора анықталды. Бұл туралы ktk.kz хабарлайды. Есірткі заты жасалатын шөптің иесі табылмағанымен полицейлер жабылып жүріп «жаман шөптің» көзін құртты. Айдалада өскен өсімдіктің есірткі екенін жұмысына төселген мына қара ит те растаған. Арасына кіріп шығып, қыңсылаған соң полицейлерде шүбә қалмады. Ең қызығы қала іргесінде 1 гектар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Египет президенті: Каирдегі автокөлік жарылысы – лаңкестік әрекет

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Каирде 20 адамның өмірін жалмаған жойқын жарылыс лаңкестік әрекет болған.Бұл туралы 24.kz жазады. Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси осындай мәлімдеме жасады. Бұған дейін қайғылы оқиғаға жол апаты кезіндегі оттегі баллонының жарылуы себеп деген нұсқалар айтылған еді. Полиция üқызметкерлері Ніл бойындағы жолмен келе жатқан көлік қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, бірден үш машинамен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда болған жарылыстан 18 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болып, 18 адам қаза тапты,деп 24.kz хабарлайды. 100-ге жуық тұрғын жарақат алды. Олардың көбі әйелдер мен балалар. Алдын ала ақпарға қарағанда лаңкестер шаһардағы полиция басқармасының бірінің жанында бомба жасырынған көлікті жарып жіберген. Шабуылды «Талибан» лаңкестік ұйымы мойынына алды. Қазір терактімен байланысты содырлар іздестіріліп жатыр. Жергілікті билік қаза […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістандағы жарылыс: 1 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының астанасы Кветта қаласында базарда болған жарылыстан бір адам қаза тауып, тоғызы жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. Соңғы аптадағы екінші жарылыс шиит-хазар қауымы мүшелеріне тиесілі шағын базарда болған. Бұл туралы Anadolu агенттігіне провинцияның Ішкі істер министрі Мир Зия Лангов хабарлады. Әзірге ешқандай террористік ұйым лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кісі өліміне кінәлі деструктивті діни ағым ұстанушысы болып шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз.Қызылордадағы кісі өліміне қатысты тың деректер пайда болды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кінәлі азамат деструктивті діни ағым ұстанушысы болып шықты. Бұл туралы kazislam.kz хабарлайды.  2018  жылы 23 қыркүйекте Қызылорда қаласы, Қыдыров көшесінде орналасқан үйде бір азаматтың зорлық-зомбылықтың белгілері бар мәйіті табылған. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында аталған қылмыс бойынша күдікті […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жарылыстан 95 адам жарақат алған

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болды, деп 24.kz хабарлайды.  Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиғадан 95 адам жарақат алған. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Мамандар олардың саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтады. Әзірге мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Болжам бойынша, лаңкестер аймақтағы полиция учаскесін жаруды көздеген. Оқиғаға қатысты […]
    • 5 Years ago
    • 0