Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Берлинде шетел азаматы адамдарды көлікпен қасақана қаққан, зардап шеккендер бар

    НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Германияда бір топ адамды қаққан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24». Кеше Берлинде тапа-тал түсте бір топ адамды көлік қағып кетті. Көлік апатынан 14 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы оқушылар. Олардың алтауы ауыр халде. Оқиғадан бір әйел адамның қаза тапқан. Оқиға орны қоршауға алынған. 130-дан астам маман жұмыс істеп жатыр. Жергілікті […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» 10 террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым.Нигерияның солтүстік-шығысында террористік ұйым Бока Харамға жасалған операцияда 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Генерал-майор Кристофер Мозес Борно уәлаятындағы Кондуга аймағында Бока Харамға қарсы операция жасалғанын білдірді. Бока Харамға жасалған операцияда 10 террорист залалсыздандырылғанын айтқан Кристофер Мозес 3 сауытты көлік, қару-жарақ қолға түсірілгенін айтты.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреу Өскемен әуежайына «бомба орнатты»

    ӨСКЕМЕН, 08 маусым. Өскеменде әуежай мен Қазақстан көшесіндегі ғимараттан адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz порталына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сағат 11:06-да Қазақстан көшесі, 59-да орналасқан ғимаратқа жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шұғыл қызметтер тексеру жүргізу үшін оқиға орнына шықты. «Келушілер мен қызметкерлер қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланды. Тексеріс нәтижелері бойынша келіп түскен ақпарат жалған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мысыр мен Иордания СІМ басшылары Иракқа үш жақты ынтымақтастықты талқылау үшін келді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукри мен оның иорданиялық әріптесі Айман ас-Сафади дүйсенбі күні Ирак астанасы Бағдадқа келді. Үш ел терроризмге қарсы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту және басқа да мәселелерді талқылады, деп  Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми әкімшілігі сол күні таратқан мәлімдемеде […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ақтауда Иран Республикасының тумасынан 40 келіге жуық апиын есірткісі тәркіленді

    АҚТАУ, 08 маусым. 1 маусымда Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірін тінту барысында жалпы салмағы 39 келіні құрайтын апиын есірткі заты табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz. Күдікті ретінде Иран Республикасының тумасы анықталып, ұсталды. Ақтау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Аталған факт ҚР […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Италия портында 4,3 тонна кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Италия портында қомақты мөлшерде кокаин  және шамамен 2 миллион еуро қолма-қол ақша да тәркіленді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Италияның қаржы полициясы (Guardia di Finanza) Триест портында 4,3 тонна кокаин тәркілеген. Италиялық «ANSA» агенттігінің хабарына қарағанда, елдің солтүстік-шығысындағы маңызды порт қаласы Триестте Мафияға қарсы аймақтық дирекциясы мен қаржы полициясы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны ДАИШ-ке жәрдемдескені үшін 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Дондағы Ростов қаласының  Оңтүстік округтік әскери соты Дағыстан тұрғыны Шамиль Нурмагомедовты Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* террористік ұйымының қызметіне жәрдемдескені үшін қатаң режимдегі колонияда 8,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп сот баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «2018 жылдың қыркүйегінде […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияның оңтүстігіндегі шіркеуде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым.Нигерияның оңтүстігінде бір шіркеуге ұйымдастырылған шабуылда 22 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Нигерияның оңтүстігінде 5 маусымда бір шіркеуге ұйымдастырылған шабуылда 22 адам қаза тапты, 50 адам жарақат алды. Ұлттық төтенше жағдай агентігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде шабуылшылардың куәлігінің әлі белгісіз екенішабуыл баяндалып, оқиға орнында жарылғыштардың қолға […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Көкшетауда есірткі сайттарын жарнамалайтын 10-ға жуық жазба өшірілді

    КӨКШЕТАУ, 07 маусым. “Есірткісіз болашақ” корпоративтік қорының еріктілері полицейлермен бірге көшеде есірткі жарнамасын анықтау және жою мақсатында Көкшетау көшелерін аралауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ақмолалық полицейлер, еріктілер және “Жизненный путь” ҚҚ қоғамдық қызметкерлері “Есірткіге жол жоқ” есірткіге қарсы акциясына қатысты. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетау қаласының ювеналдық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды

    АҚТӨБЕ, 06 маусым. Ақтөбе облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары есірткі сатқаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. – Бұрын сотталған Ақтөбе қаласының 57 жастағы тұрғыны 2021 жылдың қаңтарында 7 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құрды, олар Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінен Ақтөбе […]
    • 2 Years ago
    • 0