Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Екібастұзда ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған адам ұсталды

    ПАВЛОДАР, 08 тамыз. Полицейлер синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын 28 жастағы ер адамның үйінен тапты, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұнтақ тәрізді 23 орама зат тәркіленген. — Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 6 граммнан асатын синтетикалық препараттар болған. Бұл аса ірі мөлшерге жатады, – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Қарасора-2021:Қызылорда облысында есірткі еккен екі тұрғыз ұсталды

    ҚЫЗЫЛОРДА,  07 тамыз. Есірткі еккен Қызылорда облысының тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 5 тамыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал ауданында жергілікті екі тұрғынның өз үйлерінің бақшаларына сора өсімдігін еккендігі анықталды. Жедел-тергеу тобымен жүргізілген іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде сол ауданның 39-47 жастағы тұрғындары ұсталды. Бұл дерек бойынша […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Түркістанда полицейлер мен еріктілер 40-тан астам есірткі жарнамасын өшірді

    ТҮРКІСТАН, 06 тамыз. Түркістан облысында 40 есірткі жарнамасы өшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында ТО ПД ЕҚҚІҚБ бастамасымен Жастар орталығы жанындағы еріктілермен бірге шара ұйымдастырды. […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Атырауда есірткі сатпақ болған полицейлер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

    АТЫРАУ, 06 тамыз. Атырауда есірткі сатып алып, заңсыз сақтаған және тасымалдаған екі полицейге қатысты үкім шықты. Олардың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Sputnik Kazakhstan  хабарлайды. Әкімшілік полицияның техникалық қадағалау бөлімінің майор және капитан шенді қызметкерлері 14 ақпанда ұсталған болатын. 36 және 38 жастағы тәртіп сақшыларын тінту барысында мотоцикл дөңгелегінің сыртқы резеңкесіне жасырылған марихуана табылды», деп […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Жамбыл облысында қызметтік ит  900 граммға жуық гашиші бар ер адамды ұстауға көмектесті

    ТАРАЗ, 05 шілде. Шекара қызметінің кинологтары рейдтік іс-шараларға қатысуға жиі жұмылдырылады. Өзара әрекеттесетін органдар үшін жолаушылар мен көліктердің қарқынды ағымын «жедел тексеруді» қамтамасыз ету өте маңызды және бұл істе шекарашылар өздерінің арнайы дайындалған үй жануарларымен көмекке келеді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. Белгілі себептер бойынша бұл өзара іс-қимылдардың әсіресе шекара маңындағы аудандарда белсенділігі жоғары. […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • ШҚО 21 жасар қыз есірткі тасымалымен айналысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    ӨСКЕМЕН, 04 тамыз. Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан 21 жастағы қыз 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Өскемен ШҚО-дағы ОВ-156/1 мекемесі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау сияқты қылмыс жасаған қыздар темір торға аз түсіп жатқан жоқ. Мәселен, таяуда осындай заңсыз қадамға барған […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Алматы полицейлері ірі көлемде «скорость» есірткі затын тапты

    АЛМАТЫ, 04 тамыз. Алматы полицейлері қарағандылық ер адамнан 650 грамм “скорость” есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және сату бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен, аса ірі көлемде алдын ала сөз байласу арқылы Қарағанды ​​облысының тумасы 39 жастағы ер адам ұсталды. – Әуезов аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде операция барысында 100 мың дана есірткі дәрісі қолға түсті

    НҰР-СҰЛТАН, 04 тамыз.  Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында ұйымдастырылған есірткі операциясында 100 мың дана есірткі дәрісі қолға түсірілді, деп TRT хабарлайды.  Оқиғаға байланысты екі адам ұсталды. Түрік Қарулы Күштерінің «Евфрат қалқаны» операциясы арқылы террордан тазаланған Бабтағы Сирия Ұлттық армиясына қарасты әскери полиция есірткі саудасына қарсы операция жасауда. Көптеген мекенге жасалған операцияда екі адам ұсталды. Операцияда қолға […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Маңғыстау облысында жыл басынан бері 346 есірткі қылмысын тіркелді

    АҚТАУ, 03 тамыз. Жыл басынан бері маңғыстаулық полицейлер 346 есірткі қылмысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жеті айда 63 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 43 есірткіні өткізу фактісі, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты екі факт, бір есірткі кірісін заңдастыру фактісі, жеті есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, екі есірткіні насихаттау фактісі, төрт есірткіні өсіру фактісі, бір […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Түркістан облысында заңсыз айналымнан бес тоннадан астам есірткі заты алынды

    ТҮРКІСТАН, 01 тамыз. Түркістан облысында жыл басынан бері 262 есірткі қылмысының дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен есірткі қылмыстарының алдын алу мен болдырмау, есірткіге байланысты қылмыстарды дер кезінде ашу жұмыстары күнделікті атқарылып, арнайы рейдтер жиі ұйымдастырылуда. Соның нәтижесінде 2021 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін есірткінің заңсыз […]
    • 1 Year ago
    • 0