Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  •  Алматы полицейлері өткен жылы 129 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі

    АЛМАТЫ, 28 қаңтар. Өткен жылы Алматы полициясы 129 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгінгі күні синтетикалық есірткілер мен оларды шығаруға арналған зертханалар әлемдік мәселелердің бірі болып табылады. – 2019 жылғы 5 шілдеде “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі құралдарының, олардың аналогтары мен прекурсорларының айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында полиция 5,5 кг метамфетаминді тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар.  Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының полициясы жедел-cәлемдеме түрінде жасырылған метамфетаминнің контрабандасын анықтады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА  хабарлайды. Полицейлер 13 қаңтарда Чжаотун қаласының Чжэньсюн үезінде сәлемдеме алып, стерео жүйеде жасырылған 5,49 кг метамфетаминнің 10 орамасын тәркіледі. Тәртіп сақшылары Юннань провинциясының астанасы Куньминнен Чжэнсюнге есірткі тасымалдауды жоспарлап жатқан есірткі сатушыларға қатысты хабардан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Елордада наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Елордада iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының аясында наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына наркологиялық көмекті мамандандырылған Психикалық денсаулық орталығы кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетеді. Елорда әкімдігінің мәліметінше, орталық қызметі психоактивті заттарға, яғни есірткі секілді дәрілік заттарға тәуелділіктен зардап шегетіндерді емдеуге, оңалтуға, оларға консультация беруге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО полицейлері 14,5 келі марихуанамен облыс тұрғының ұстады

    ПЕТРОПАВЛ, 27 қаңтар. Петропавлда полицейлермен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғыны 14,5 кг астам марихуанамен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғынының есірткі қылмыстарына қатыстылығы туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ақпарат расталды: ер адам Астана және Бөкетов көшелерінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ел аумағында жыл басынан бері 340 келіден астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Жыл басынан бері республика аумағында заңсыз айналымнан 340 келіден астам есірткі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Биылғы қаңтар айында еліміздің бірқатар өңірінде өткізілген іс-шаралар барысында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау фактілері бойынша 90-ға жуық қылмыс анықталды, оның ішінде 59-ы есірткіні сату, 28-і сақтау және 6-ауы контрабанда дерегі болып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі сататын 247 сайт анықталды

    АЛМАТЫ, 26 қаңтар. Алматы қаласының полицейлері жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға ықпал етті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен ғаламторды мониторингілеу барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға бағыттады. – Сонымен қатар, өткен жылы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өскемен тұрғынынан құны 2 млн теңгеден асатын синтетикалық есірткі заттар тәркіленді

    ӨСКЕМЕН, 26 қаңтар. Өскемен қаласының тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 21 жастағы әйел адамды ұстады. Ол жеңіл жолмен пайда табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Ақшаны қолма-қол алмай, есірткіні алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырды. «Күдіктінің пәтерінен жалпы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Амстердам әуежайында көптеген жыл бойы іздеуде болған есірткі тасушысы қолға түсті

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар. Әлемдегі ең ірі есірткі тасушының бірі Нидерландыдағы Схипхол әуежайында ұсталды, деп  De Telegraaf-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Тегі қытайлық Канада азаматы Це Чи Лоп (Tse Chi Lop) Австралия мен Нидерланды полиция қызметінің өзара әрекеттестігінің арқасында қолға түсті. Ол героин мен синтетикалық есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Чи Лоп «наркоимпериясында» 20 млрд еуродан астам қаржы айналымда […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Британдық шекарашылар Колумбиядан жеткізілген банандардан бір тонна кокаин тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. Британдық шекарашылар Колумбиядан жеткізілген банандардың контейнеріне жасырылған бір тоннаға жуық кокаинді тәркіледі, стап алды, деп BBC News-ке сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Саутгемптон портына бекінген кеменің бортында салмағы 946 кг есірткі партиясы табылды. Жүк Бельгияның Антверпен портына бет алған. Операцияның егжей-тегжейлері туралы ақпарат жарияланбаған. Ұсталған контрабандистер туралы әзірге ақпарат жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызылорда облысының полицейлері марихуана тасымалдаған күдіктіні ұстады

    ҚЫЗЫЛОРДА, 25 қаңтар. Қызылордалық полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 21 қаңтар күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Самара-Шымкент” М-32 тас жолының 1336 шақырымында Арал ауданының аумағында Ақтөбе облысына қарай кетіп бара жатқан “Тойота Камри” маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында аталған автокөліктің жолаушының сөмкесінен скочпен оралған екі дана пакет алынды, оның ішінде жасыл […]
    • 3 Years ago
    • 0