Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркияда 5 ай ішінде Yıldırım операциясы аясында 148 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. 13 шілдеден бері жалғасып келе жатқан Yıldırım (Йылдырым) операциясының түрлі кезеңдері аясында Түркияда 148 КЖП террористі залалсыздандырылды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі. Түркия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Шырнак пен Сиирт провинцияларында басталған операция Жандармерия қолбасшылығының басшылығымен жалғасуда. Операцияға қауіпсіздік күштерінің 3 251 қызметкері, соның ішінде жандармерия арнайы жасағы мен полицияның арнайы жасағы қатысты. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» ұйымына қарсы операция жүргізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 желтоқсан. Нигерияның солтүстік шығысындағы террор ұйымы «Боко Харамға» қарсы ұйымдастырылған операцияда ұйымның лагері бомбаланды. Бомбалауда көптеген террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Нигерия Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Джон Эненче баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Борно уәлаятының Забармани аймағында апта аяғында жасалған қарулы шабуылдан кейін армияның Самбиса орманында террористтерге қарсы әуе операциясы ұйымдастырғанын білдірді. Эненче операцияда ұйымның лагерьлерінің жойылғанын, көптеген […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Еуропол халықаралық есірткі картеліне қарсы бұрын-соңды болмаған арнайы операция өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша.Бразилияда, Еуропа мен Азия елдерінде әрекет ететін есірткі картеліне қарсы бұрын-соңды болмаған арнайы операцияның нәтижесінде 26 қараша, жұма күні полиция 45 тұтқындауды жүзеге асырды. Олардың көпшілігі Бразилия, Испания, Бельгия және Дубайда, деп хабарлайды Deutsche Welle . Гаагада өткен баспасөз мәслихатында Еуропол (Еуропалық Одаққа мүше елдердің полиция қызметтерінің жұмысын үйлестіретін ұйым) өкілдері хабарлағандай, операция […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде аса қауіпті КЖП-ның террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша. Ирактың солтүстігінде содырлардың Сирияға жіберуін қадағалаған «Дыхлаз» лақап атымен белгілі КЖП-ның лаңкесі Хизрет Чалкын залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ирактың солтүстігінде содырлардың Сирияға жіберуін қадағалаған «Дыхлаз» лақап атымен белгілі КЖП-ның лаңкесі Хизрет Чалкынның көзі жойылды. Қауіпсіздік дереккөздерінің хабарлауынша, бұл операцияға Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MİT) қолдау көрсеткен. Хизрет Чалкын Түркия ішкі істер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның оңтүстік-шығысында КЖП-ның үш содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша.«Yıldırım» операциясының сегізінші кезеңі аясында жандармерия офицерлерімен КЖП-ның лаңкестері залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. «Yıldırım» операциясының сегізінші кезеңі аясында Мардин провинциясының оңтүстік-шығысында КЖП-ның үш лаңкесі залалсыздандырылды, деп дүйсенбі күні Түркия ішкі істер министрлігі хабарлады. Даргечит аймағында операция жандармерия күштерінің қатысуымен және авиацияның қолдауымен жалғасуда. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Допинг операциясы: Төрт күнде 5 мыңнан астам есірткі ампуласы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. 16-20 қараша күндері полиция қызметкерлері республика бойынша «Дәрмек» (Допинг) жедел алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шара барысында полиция қызметкерлері есірткі, психотроптық және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтады. «Бұл операцияның мақсаты – есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғандарды, фармацевтикалық қызмет қағидаларын және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында КЖП-ның  алты содырының көзі  жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Ағры Доғубеязыт ауылдық аймағында «Йылдырым-3» операциясы аясында КЖП-ның 6 мүшесі залалсыздандырылды, деп TRT жазады.  Ішкі істер министрлігінің Твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде Ағры Доғубеязыт ауылдық аймағында «Йылдырым-3» операциясы аясында басталған және жалғасып жатқан операцияда 6 террористің әуе күштерінің де қолдауымен залалсыздандырылғаны білдірілді. Ағры губернаторлығы жасаған мәлімдемеде болса 6 террористің залалсыздандырылуымен 2020 жылы 3-13 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • РФ ҰТК: Шешенстанда екі содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан.  Шешенстанда екі қарулы содыр жойылды. Бұл туралы Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің (ҰТК) ақпарат орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .  «Шешенстан республикасында терроризмге қарсы операция кезінде екі қарулы бандит залалсыздандырылды», — деп хабарлады ҰТК. Бастапқыда, арнайы жасақ күштері қылмыскерлерді Ассиновская ауылынан оңтүстік-батысқа қарай екі шақырым жерде қоршауға алды. «Билікке берілу туралы ұсынысқа жауап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иранның арнайы қызметі Хорасан Разави провинциясында есірткі картелін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан.Операция барысында Иранның арнайы қызметтері елдің солтүстік-шығысында орналасқан Хорасан Разави провинциясында есірткі картелін анықтап, жойды. Бұл туралы Иранның IRNA агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлайды. Барлау шараларынан кейін провинцияның барлау министрлігінің күштері қасиетті Мешхед қаласында ірі есірткі тобын талқандады. Операция барысында бірнеше контрабандашы, оның ішінде екі шетелдік азамат қамауға алынды. Қауіпсіздік қызметкерлері 8 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда қыркүйек айында ішкі қауіпсіздік операциялары барысында 171 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қазан. Қыркүйек айында ішкі қауіпсіздік операциялары барысында 12-сі іздеу салынған террористтер тізімінен, барлығы 171 террорист залалсыздандырылды, деп TRT жазады.  Ішкі істер министрінің орынбасары және министрлік мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы министрлік жұмыстарын қамтыған айлық баспасөз брифингі өткізді. Чатаклы «Ішкі істер құрамында жүргізілген ішкі қауіпсіздік операциялары аясында 2020 жылы қыркүйек айында ауылдық аймақтарда 9 ауқымды, 23 шағын […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 10 of 14« Бiрiншi...«89101112 » ...Last »