Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда кем дегенде төрт «Талибан» содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша.  Ауғанстан әскери-әуе күштерінің Фарьяб провинциясының Алмар уйезінде болған шабуылдары нәтижесінде «Талибан» қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым ) кем дегенде төрт содыры жойылды. Бұл туралы  Tolo News арнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Хабарланғандай, уйезд территориясын басқарған талибандардың  далалық қолбасшысы Мавлави Абдул Гафар жойылды. Соңғы сегіз айда үкімет әскерлері 2 мыңнан астам антитеррорлық операция өткізді
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан мен Тәжікстан лаңкестікке қарсы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

      НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Тәжікстан мен Ауғанстан өкілдері лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуға келісті, деп   Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады . Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі барысында бірқатар келісімдер жасалды. Күн тәртібіндегі басты мәселе халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайту және ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағына радикалды топтардың кіру қаупінің алдын алу болды. Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Талибан тұтқындағы екі профессорды «босатты»

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Талибан қозғалысы Кабулдағы Америкалық университетінің екі профессоры – 60 жастағы Кевин Кинг (АҚШ азаматы) пен 48 жастағы Тимоти Уиксті (Австралия азаматы) тұтқыннан босатты, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Ауған билігі мен Талибан қозғалысының хабарлауынша, екі профессор 19 қарашада тәліптердің бақылауындағы Забул аймағы Наубахар ауданында босатылған. AFP ақпарат агенттігі полициядағы дереккөздеріне сілтеме жасап, екі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстар салдарынан төрт әскери қызметкері жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Дүйсенбі күні таңертең Кабулда болған жарылыстарда төрт әскери қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап.  Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими әскери жаттығу орталығының жанында жанкешті лаңкес өзін-өзі жарғанын мәлімдеді. Екі жарылыс болды деп хабарланады. Оқиға лонына  жақын жолдар жабылды.
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Кабулдағы ІІМ ғимараты маңында болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты  

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің жанында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. Тағы 10 тұрғын жарақат алды. Жапа шеккендердің арасында балалар бар. Террорлық әрекет жергілікті уақытпен таңғы 7 жарым шамасында болды. Әзірге оны қандай қарулы топ ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кундуз провинциясында тәлібтердің жоғары шенді қолбасшысы тұтқындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. 10 қарашада Ауғанстанның Кундуз провинциясы (провинциясының астанасы — Кундуз) губернаторының ресми өкілі провинцияда Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген операция нәтижесінде Талибан қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  жоғары шенді командирі Абдул Басет  ұсталғанын мәлімдеді.Бұл туралы REGNUM хабарлайды. Ауғанстандық Bakhtar News Agency ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштерінің тәлібтерді жою […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан ШЫҰ-на лаңкестікке қарсы күрес стратегиясын құруды ұсынды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Ауғанстан премьер-Министрі Абдулла Абдулла Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі аймақтық стратегияны  құруды ұсынды, деп Газета.uz сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Ауғанстан үкіметінің басшысы елдегі бейбітшілікке қол жеткізу үдерісін қолдағаны үшін Ресейге, АҚШ-қа, Өзбекстанға, ҚХР мен ЕО-қа алғыс білдірді. Абдулла Ауғанстан ШЫҰ-ның маңызды бөлігі болып табылады, алайда Ұйымда байқаушы мәртебесінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Дакар ауданыңда жарылыс болып, 9 бала көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Ауғанстанның Тахар провинциясының Дакар ауданында жарылыс болып, тоғыз бала қаза тапты. Бұл туралы Анадолы агенттігі аталмыш елдің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды, деп ҚазАқпарат жазады.  Жолдың жиегіне орнатылған жарылыс құрылғысы сол маңнан оқушылар өтіп бара жатқан кезде іске қосылған. Салдарынан тоғыз бала мерт болып, тағы бірі жарақат алды. Жергілікті билік құрылғыны […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде 24 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген арнайы операция нәтижесінде Урузған, Қандагар және Забул провинцияларында «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) кем дегенде 24 мүшесінің  жойылғанын елдің оңтүстігіндегі Ауғанстанның Ұлттық армиясының жоғары лауазымды командирі хабарлады. Лаңкестердің арасында Пәкістанның 6 азаматы бар, деп Islam-today хабарлайды.  Сонымен қатар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған содырлардың 4 панасы жойылды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кандагар провинциясында 30 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. 20 қазан күні елдің оңтүстігіндегі Ауғанстанның ұлттық армиясының жоғары лауазымды командирі Кандагар провинциясының аумағында (провинцияның астанасы — Кандагар қаласы) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген операция нәтижесінде «Талибан» қозғалысының кем дегенде 30 содыры (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) жойылып, көбі түрлі дәрежедегі жарақат алғандығын мәлімдеді, деп REGNUM жазады. «Bakhtar News Agency» ауғандық […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 42 of 48« Бiрiншi...102030«4041424344 » ...Last »