Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда 100-ден астам адам мешітке жасалған шабуылда көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан.Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз уәлаятының Сайед Абад аймағында бір мешітте ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 100-ден астам адамның қаза тапқаны білдірілді.Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Талибанның бас мәлімдемешісі Забихулла Муджахид Кундуз уәлаятының Сайед Абад аймағындағы шиіттерге тиесілі мешітке жұма намазы барысында бомбалы шабуыл ұйымдастырылғанын айтты. Шабуылда қаза тапқандар мен жарақат алғандардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигериядағы қарулы шабуылдарда 29 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Батыс Африка елі Нигерияның Замфара және Катцина уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда 29 адам ажал құшты, деп TRT сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұлттық баспасөздерде шыққан хабарларға қарағанда куәлігі белгісіз қарулы адамдар Замфара аймағында шабуыл жасады. Шабуылда 19 адам көз жұмды, көптеген үй өртелді. Қарулы адамдардың Катцина уәлаятында мешіттен қайтқандарға оқ атуы кесірінен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Техастағы мектептердің бірінде атыс шықты: бірнеше адам оққа ұшты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Техастағы Timberview мектебінің алаңында атыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Арлингтон округінің полициясына сілтеме жасап. БАҚ-тың хабарлауынша, қазірге үш адам атыс құрбаны болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қарулы адам әлі де оқу орнының кампустарында. Құқық қорғау органдары мектеп аумағын қоршауға алды, оқушылар мен мұғалімдер сыныптарына қамалды. Оқиғаның егжей -тегжейі нақтылануда. Бұған дейін студент Тимур Бекмансуров […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бірнеше жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек. Ауғанстан астанасы Кабулда және Нангархар провинциясындағы Джалалабад қаласында жарылыс болды, зардап шеккендер бар, деп РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздің хабарлауынша, Кабулдағы алғашқы жарылыс Даште-Барчи аймағында болды, зардап шеккендер бар. Екінші жарылыс 13 -ші ауданның Ирфани Харрготи аймағында болды, зардап шеккендер туралы әлі ақпарат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мьянма орталығында болған жарылыстан екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Мьянманың орталығындағы коронавирусқа тексеру пункттерінің бірінде бомбаның жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитеттің» ресми сайты жазады. Жарылыс Мандалай қаласының маңындағы Аунмьетазан елді мекенінде болды. Қаза болғандар мен жараланғандардың арасында Мьянма қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері де, бейбіт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстік-батысында болған жарылыста 3 азамат қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек. Сирияның Африн уәлаяты орталық Ешрефие ауданында бір көліктің жарылуы салдарынан 3 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Хатай уәлаятынан жасалған мәлімдемеде Ешрефие ауданында бір көліктің жарылғаны білдірілді. Жарылыста алғашқы анықтамада 3 адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды. Уәлаят басшылығында ақылшылық қызметін атқаратын жергілікті қауіпсіздік күштері оқиғаны тексере бастады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» шабуылы 16 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қырқүйек. Нигерияда террор ұйымы Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 16 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Жергілікті газеттердің хабарларына қарағанда террор ұйымы мүшелері Боно уәлаяттың Ранны ауылына шабуыл жасады. Шабуылда  16 адам қаза тапты және көптеген адам жарақат алды. Террор ұйымы Боко Хамар 2009 жылдан бері лаңкестік жабуыл жасауда. Шабуылдарда осы таңға дейін 20 мыңнан астам адам көз жұмды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулге ұшқышсыз ұшатын зымыран құлап, 9 адам мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. АҚШ-тың әскери басшылығы нәтижесінде тоғыз адам көз жұмған Кабулдағы пилотсыз ұшақтың соққысына қатысты түсініктеме берді. Әскерилердің айтуынша, операция тағы бір жарылыс дайындап жатқан террористерді жоюға бағытталған болатын, деп Sputnik  Қазақстан хабарлайды.  АҚШ әскерилері 29 тамызда жарылғыш заттар әкетіп бара жатқан террористер мінген автокөлікке әуеден соққы жасағанын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости. Топ басқару қызметіне […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы бейсенбі күні Кабулда болған екі жарылысты да мойнына алды, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды. CNN телеканалының мәліметіне қарағанда, бірінші жарылыс әуежайға кіреберіс маңда, екіншісі әуежайға жақын жерде орналасқан Barron қонақүйі жанында болған. Бұл ақпаратты Пентагон өкілі Джон Кирби растады. Ауғанстан денсаулық саласының шенеуніктері жарылыстан кемі 60 адам қайтыс болғанын, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда 23 адам қарулы шабуылдардың құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Нигерияның Катсина және Кадуна уәлаяттарында куәлігі белгісіз қарулы адамдар тарапынан ұйымдастырылған шабуылда  23 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Катсина қауіпсіздік басқармасы төрағасы Гамбо Иса жасаған мәлімдемесінде мотоциклды қарулы шабуылдаушылардың уәлаяттың Басари аймағындағы Дуба ауылына шабуыл жасағанын білдірді. Иса шабуылда 14 адамның мерт болғанын, 6 адамның жарақат алғанын баяндады. Кадуна уәлаяты қауіпсіздік және ішкі істерге жауапты […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 11 of 32« Бiрiншi...«910111213 » 2030...Last »