Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулдың бірнеше аймақтарында болған шабуылдарда 2 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан.Ауғанстанның астанасы Кабулда арт артынан ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты, деп TRT жазады.  Кабул қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Фердавс Фарамарз баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың Кале-и Абдул Али, Куваи Орталық және Бараки  аймақтарында бомбалы шабуылдар  ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Фарамарз шабуылда 2 адамның қаза тапқанын және 5 адамның да жарақат алғанын білдірді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі террорлық шабуыл, қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.  Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб ауданында бомба қойылған автокөліктің жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп Анадолу агенттігі жазады. Оқиға Эль-Бабтың «өнеркәсіптік аймақ» деп аталатын  жерде болған. Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды. Өрт сөндірушілер шыққан өртті ауыздықтады. Жарылыс салдарынан жақын жерде тұрған көліктер зақымдалды. Апат орнына іргелес аумақта орналасқан сауда нысандарына зиян келтірілді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғаныстан астанасындағы жарылыста екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Ауғанстанның бас қаласы Кабулда қатарынан жасалған бомбалы шабуылдарда екі бейбіт адам қаза тапты, деп жергілікті полицияға сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Кабул полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердевс Фарамарз Джуй Шир және Селим Керуен аймақтарында бомбалы шабуылдар жасалғанын білдірді. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Әзірге шабуылдардың жауапкершілігін ешкім […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сирияның солтүстігіндегі Баб пен Азиз аудандарында ұйымдастырылған террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты, 24 адам жараланды, деп TRT хабарлайды.  Азиздің аудан орталығында Сирия өтпелі үкіметі ғимаратына және Азиз Мәдениет орталығының қасындағы көлікке орналастырылған бомбалар жарылды. Шабуылда 4 кісі қаза тапты, 20 кісі жараланды. Азиздегі жарылыстан кейін Баб ауданының 5 километр шығысындағы Зерзур аймағындағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы террорлық шабуыл үшін «Аш-Шабаб» тобы жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сомали астанасы Могадишода жанкешті-лаңкес жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберді, салдарынан, кем дегенде бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп ел полициясына сілтеме жасап Синьхуа хабарлайды. Оқиға 31 қаңтарда шамамен 17.00-де болған, Могадишодағы Аден Адде халықаралық әуежайына жақын орналасқан бақылау-өткізу пунктінің жанындағы Afrik Hotel қонақ үйінің жанында бомба салынған көлік жарылды […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Урузган қаласындағы лаңкестік шабуыл, 2 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Урузган қаласында бірінен соң бірі жарылыс болып, салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, он адам жараланды, деп провинция губернаторы әкімшілігінің өкілі Ахмад Шах Сахилге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, миналанған мотоциклдер Урузган провинциясының әкімшілік орталығының адам көп жүретін көшелерінің бірінде жарылған. Жарақат алғандардың арасында үш тәртіп сақшысы бар. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда көлік жарылысы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Кабул провинциясындағы лаңкестік әрекет салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп провинция полициясының өкілі Фердевс Фарамарзға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарздың айтуынша жарылыс Адех Газни ауданында болған. Террористер бомба салынған көлікті жарып жіберді.Жарылыс салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза болды. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде болған жарылыс екі бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН,26 қаңтар.  Сирияның солтүстігінде оппозицияның бақылауындағы Телль-Абиад ауданында мотоциклге орналастырылған бомба жарылды. Екі бейбіт тұрғын қаза тапты.  Екі адам жарақат алды, деп TRT жазады.  Оқиға болған жерде тексеру жүргізген қауіпсіздік күштері шабуылды КЖП ұйымы  жасады деп болжап отыр. Сирияның солтүстігіндегі Телль-Абиад аудан орталығы 2019 жылдың 13 қазан күні «Бейбітшілік бұлағы» операциясы нәтижесінде террорден тазаланған болатын. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-батысында болған содырлардың шабуылы төрт адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Бейсенбі күні Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы шабуылдар салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы облыстың ішкі қауіпсіздік және ішкі істер комиссары Сэмюэль Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оқиға Чикун, Гива және Игабидің жергілікті әкімшілік аумағында болды.Чикунда екі адам, Гива мен Игабиде бір-бір адам қаза тапқанын мәлімдеді шенеунік. Естеріңізге сала кетейік, соңғы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирак астанасында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. Бейсенбі күні Ирак астанасының орталығында жарылыс болды.Шабуылдаушы жанкешті үстіндегі жарылғыш жейдесін жарып жіберген, деп TRT хабарлайды.  Ирактың бас қаласы Бағдатта жанкешті шабуылы болды.  Кемінде 28 кісі қаза тапты. 73 адам жарақат алды. Ирак үкіметіне қарасты Бағдат операциялар қолбасшылығы жазбаша хабарлама жариялап, Бағдатта Таяран алаңында жанкештінің жарылыс жасағанын білдірді. Соңғы хабарламаға қарағанда, Ішкі істер министрлігі […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 19 of 32« Бiрiншi...10«1718192021 » 30...Last »