Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияның Африн қаласында болған жарылыстан 40 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Сирияның Африн ауданы орталығында бөлшектеуші террористік ұйымдар YPG/PKK-ның бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен жасаған шабуылында  қаза тапқандар саны 40 кісіге көбейді. Опасыз шабуылда мерт болғандар арасында 11 бала бар, деп  trt.net.tr порталы жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде террористердің Африн ауданы орталығында бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен шабуыл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Конгода содырлардың шабуылы нәтижесінде 17 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Солтүстік Киву провинциясына жұма күні жасалған шабуыл салдарынан 17 адам,  оның ішінде 12 қорықшы қаза болды, деп жазады Синьхуа агенттігі . Оқиға Вирунга ұлттық саябағында болды. Солтүстік Киву провинциясының әкімшілігі шабуылды айыптады. Жергілікті биліктің мәлімдемесінде саябақтың 12 күзетшісі шабуылдың құрбаны болғаны айтылған. Сонымен қатар, джип көлігі өртеніп, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары АҚШ-пен келісімге қол қойғаннан кейін шамамен 3000 шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. «Талибан» радикалды қозғалысының жақтастары ақпан айының аяғында АҚШ-пен келісімге қол қойылғаннан кейін 2 804 шабуыл жасады. Бұл туралы сенбі күні Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джавид Файсал мәлімдеді, деп TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Наурыздың басынан бастап 19 сәуірге дейін тәлібтер 2 804 шабуыл жасады», — деді Файсал. «Шабуылдардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Конгода содырлардың шабуылынан 14 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. Киншасадан алынған мәліметтерге сәйкес, Конго Демократиялық Республикасының (КДР) оңтүстік-батысында экстремистердің шабуылынан 14 адам қаза тапты, тағы сегізі жарақатталды. Бұл туралы ел полициясына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Полицияның хабарлауынша, «Бунду диа Конго» экстремистік діни сектасының содырлары Орталық Конго провинциясындағы шенеуніктер мен тұрғылықты емес адамдардың үйлеріне шабуыл жасаған. Қауіпсіздік күштері содырлармен екі сағаттық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мозамбикте содырлардың қолынан елу екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. Жақында Мозамбиктің қорғаныс және қауіпсіздік күштері елдің солтүстігіндегі Кабу-Делгаду провинциясындағы ауылдардың бірінде экстремистік тобының содырлары 52 адамның өлтірілгенін растады. Бұл туралы «Нотисиаш» газетіне сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Қорғаныс және қауіпсіздік күштері ресми өкілінің сөзіне сілтеме жасалған мәліметтер бойынша, оқиға сәуір айының бірінші аптасында орын алған. Содырлар  ауыл жастарын өз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан 47 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Нигерияның солтүстік-батысындағы Кацина штатындағы бірнеше ауылға қарулы содырлар тобы шабуыл жасады, 47 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Штат полициясының мәлімдеуінше, сенбі күні содырлар бір уақытта бірнеше ауылға ұйымдасқан шабуыл жасады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шабуылшылар оқ жаудырып, үйлерді өртеп жіберген. Бұл аймаққа жексенбі күні сарбаздар мен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Содырлардың шабуылынан Ауғанстанның Баграм қаласында әуе базасының бес қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. Содырлар Баграмадағы әуебазаның жергілікті жұмысшыларына шабуыл жасады, деп TOLOnews-ке  сілтеме жасап АфТАГ хабарлайды. Шабуыл бес бейбіт тұрғынның өмірін қиды, тағы төрт адамды жарақаттады, дейді Парван провинция кеңесінің мүшесі Итмат Момади. Жұмысшылар шабуыл кезінде көлікте болған, содырлар анықталған жоқ, шабуыл үшін жауапкершілікті әлі еш топ өз мойнына алған жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде Талибан шабуылынан бір отбасының жеті мүшесі көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Сәрсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында «Талибан» тобының содырлары бір отбасының жеті мүшесін өлтірді. Бұл туралы провинция үкіметінің ресми өкілі Мунир Ахмад Фархадқа сілтеме жасап  Синьхуа агенттігі хабарлады . Өкіл сәрсенбі күні түсте «Талибан» қарулы содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) Шолгар аймағындағы ауылшаруашылық жерлерінде  фермерлерге ретсіз оқ жаудырғанын, нәтижесінде бір отбасының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кандагар провинциясында «Талибан» шабуылы салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Ауғанстанның Кандагар провинциясында «Талибан» экстремистік қозғалысының мүшелері минометпен оқ атты, салдарынан жергілікті тұрғындар көз жұмды, деп Даман округі әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Бейбіт тұрғындардың қаза болуына «Талибан» экстремистік қозғалысының мүшелерінің тұрғын ауданға жасаған миномет атысы себеп болды», — деді агенттік сұхбатшысы. Шабуылдан зардап шеккендердің саны туралы мәлімет берген жоқ. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ содырлары Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында сегіз бейбіт тұрғынды өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. «Ислам мемлекеті» тобының содырлары  Сирияның солтүстік-шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясында сегіз бейбіт тұрғынды өлтірді. Бұл туралы Surya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Телеарнаның ақпараты бойынша, содырлар бұл адамдарды Эль-Маедин қаласынан ұрлап әкетіп,  олар үшін төлем алуға тырысқан. Тұтқындар,  ИМ (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырлары  жасырылған Сирия шөліндегі Эт-Табни оазисінде ұсталған. Наурыз айында […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 27 of 32« Бiрiншi...1020«2526272829 » 30...Last »