Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Дания астынасындағы атыс кезінде үш адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН,  05 шілде. Дания астанасы Копенгагенде сауда орталығында болған атыс салдарынан үш адам қаза тапты, тағы үшеуінің жағдайы ауыр, деп Associated Press агенттігі хабарлайды.  Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  Field’s сауда орталығында атыс жексенбі күні кешке болды, келушілер үрейленіп орталықтан қашып кетті. Бір адам қамауға алынды, деп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Чикаго маңында атыс болды, қаза болғандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. АҚШ-тың Чикаго қаласында Тәуелсіздік күніне арналған шеру кезінде белгісіз біреу жиналғандарға оқ атып, 6 адамды мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Тағы 30-дан астамы жарақат алды. Олардың арасында балалар бар. Оқиға шаһардың шетіндегі Хайленд-парк деп аталатын жерде болған. Полицияның хабарлауынша қаскөй адамдарға жақын маңдағы бизнес орталықтың төбесінен оқ атқан. Артынан қылмыс орнынан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасодағы жарылыс кем дегенде төрт адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Жұма күні Буркина-Фасода қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, кем дегенде төрт бейбіт тұрғын қаза болды,деп «Синьхуа» агенттігі жергілікті қауіпсіздік органдарындағы аты-жөнін атамауды сұраған дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Оның айтуынша, әскери күзетпен азаматтық автоколоннада Джибодан Уагадушаға бара жатқан трицикл қолдан жасалған жарылғыш затқа тап болыпжарылып, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияның Кадуна қаласында екі шіркеуге жасалған шабуылдан сегіз адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Нигерияның Христиан қауымдастығының (CAN) ресми өкілі қарулы адамдар жексенбі күні солтүстіктегі Кадуна штатында екі шіркеуге жасалған шабуылда сегіз адамды өлтіріп, тағы 38 адамды ұрлап әкеткенін мәлім етті. Осындай жойқын шабуыл бірнеше апта бұрын елдің оңтүстік-батысында орын алған. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.   Шабуыл […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Малидегі лаңкестік шабуылда 20 адам ажыл құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.Малидің солтүстігінде ұйымдастырылған лаңкестік шабуылды кем дегенде 20 бейбіт тұрғын қаза тапты, TRT  агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Жергілікті баспасөзде шыққан хабарларға қарағанда Гао қаласына 80 километр қашықтықтағы Лменас ауылына террор шабуыл жасалды. Шабуылда кем дегенде 20 адам қаза тапты. Сахель аймағында «үш ел шекарасы» ретінде танылған Буркина-Фасо, Мали және Нигер соңғы жылдарда […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде атыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым.  АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде шабуылдаушы ашқан атыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы жергілікті WBRC телеарнасына сілтеме жасап REGNU M ақпараттық агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Веставиа-Хиллс қаласындағы Әулие Стефан епископтық шіркеуінде белгісіз біреу оқ жаудырды. Атыс туралы ақпарат жергілікті полиция бөліміне […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасоның солтүстігінде содырлардың шабуылынан кем дегенде 50 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым.Буркина-Фасоның Сахель аймағында ұйымдастырылған қарулы шабуылда 50 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Үкімет мәлімдемешісі Лионел Билго жасаған мәлімдемесінде сенбі күні түнде Сейтенга ауданына куәлігі белгісіз қарулы адамдардың шабуыл жасағанын айтты. Бейбіт тұрғындар нысанаға алынған шабуылда осы таңға дейін 50 адамның мәйітінің табылғанын білдірген Билго қаза тапқан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дараа провинциясында мина жарылысынан  қаза тапқандар саны 11-ге жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. Дарааның солтүстігіндегі Дейр әл-Адас қаласының шығысындағы Әл-Аюн аймағында лаңкестер қалдырған мина жарылысынан зардап шеккендердің саны 11 адамға жетті, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. САР ІІМ мәлімдемесінде қайғылы оқиға бидай жинауға шаруаларды тасымалдап келе жатқан көлік жолында болғаны айтылған. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 26 адам […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияның оңтүстігіндегі шіркеуде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым.Нигерияның оңтүстігінде бір шіркеуге ұйымдастырылған шабуылда 22 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Нигерияның оңтүстігінде 5 маусымда бір шіркеуге ұйымдастырылған шабуылда 22 адам қаза тапты, 50 адам жарақат алды. Ұлттық төтенше жағдай агентігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде шабуылшылардың куәлігінің әлі белгісіз екенішабуыл баяндалып, оқиға орнында жарылғыштардың қолға […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Оклахоманың солтүстік-шығысындағы медициналық орталықта атыс салдарынан төрт адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. АҚШ-тың Оклахома штатындағы медициналық орталықтың бірінде атыс болып, 4 адам көз жұмды, деп «Хабар 24»-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлай. Тағы бірнеше кісі жарақат алған. Оқиға Талса қаласындағы Әулие Франциск кампусында болған. Адамдарға кімнің оқ атқаны және оқиғаның қалай өрбігені әлі белгісіз. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, полицейлер күдіктіні атып өлтірген. Бірақ […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 4 of 32« Бiрiншi...«23456 » 102030...Last »