Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Абу-Дабидегі жарылыстан кемінде үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. БАӘ астанасы Абу-Дабиде ADNOC ұлттық мұнай компаниясының жанында үш жанармай таситын көлік жарылған, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. WAM агенттігінің хабарлауынша, шабуыл елордалық Эль-Мусаффах ауданында ұшқышсыз ұшақтың көмегімен жасалған. Жарылыстардан кейін ADNOC компаниясы және Абу-Даби халықаралық әуежайы аймағында өрт шықты. Шабуыл үшін жауапкершілікті ираншыл «Ансарулла» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Бүгін еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп baq.kz  хабарлайды. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі. Кейінгі күндері болған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Колумбияда содырлардың қақтығыстарынан кем дегенде 20 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қаңтар. Колумбияның Венесуэламен шекарасындағы Араука департаментінде жексенбіде кем дегенде 20 адам таратылған «Колумбияның революциялық қарулы күштері»  ұйымының бұрынғы мүшелері мен «Ұлттық азаттық армиясының» содырлары арасындағы қақтығыстың құрбаны болды, деп жергілікті Caracol радиостанциясы хабарлайды, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігіның ресми сайты жазады. Оның ақпараты бойынша, билік ел президенті […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан 38 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы үш ауылға жасалған содырлар шабуылынан 38 адам қаза тапты. Бұл ақпаратты дүйсенбіде жергілікті үкімет өкілі растады, деп  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Кадуна штатының ішкі істер мекемесінің басшысы Самуэль Аруван дүйсенбі күні Синьхуа агенттігіне телефон арқылы берген сұхбатында жексенбіге қараған түні қарулы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның солтүстік-батысындағы террорлық шабуылда екі адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жексенбі күні жанкешті жасаған жарылыстан кемінде екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп The Nation газеті жазады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Басылымның ақпараты бойынша, шабуыл жергілікті сайлау күні Ауғанстанмен шекаралас Баджаур тайпалық аймағында жасалған. Қаза тапқандар арасында Авами ұлттық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның Хама провинциясында террористердің минасына бейбіт тұрғын жарылып, мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Хама провинциясының оңтүстігіндегі Аз-Зара ауылының маңында террористік топтар қалдырған минаның жарылуынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп  SANA агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Хамадағы SANA агенттігінің тілшісі шаруа өзінің ауылшаруашылық учаскесін жыртқан кезде мина жарылғанын, ер адам ауыр жарақат алып, қайтыс болғанын айтты.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Йеменнің солтүстігінде мина жарылысынан үш бейбіт тұрғын ажал құшты 

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Йеменнің солтүстігіндегі Әл-Джауф провинциясында минаның жарылуы салдарынан үш бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы үшеуі жараланды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мина Мариб-Әль-Джауф тас жолында азаматтық көлік жолында жарылды. Йемен үкіметі мен ираншыл «Ансарулла» қозғалысы бұл мәселеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Правительство […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ИМ Кабулдағы екі жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Ауғанстан астанасы Кабулда жұма күні болған екі жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті»*  террористік тобы өз мойнына алды, деп хабарлайды РИА Новости Shamshad News-ке сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «ИМ» * Кабулдағы кешегі жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды «, — деп хабарлады сенбі күні Twitter-дегі парақшасында телеарна. Бұған дейін Tolo News телеарнасы Кабулдағы екі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияның батысындағы бір мешітке жасалған қарулы шабуылда 9 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Нигерияның Нигер уәлаятында бір мешітке жасалған қарулы шабуылда  9 адам мерт болды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Нигер уәлаяты полиция басқармасы төрағасы Бала Мондай Куряс куәлігі белгісіз қарулы адамдардың Нигер уәлаяты Машегу аймағындағы Бааре ауылында намаз үшін жиналған жамағатқа оқ жаудырғанын бірдірді. Куряс шабуылда 9 адамның қаза тапқанын және көптеген адамның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияда қарулы содырлар он жолаушысы бар көлікке оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Нигерияның Сокото штатында қарулы адамдар көлікке шабуыл жасады, он адам қаза тапты, деп жергілікті Punch басылымына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Газет ақпараты бойынша, шабуылдаушылар көлікке оқ жаудырған, салдарынан көлік өртеніп кеткен. Қарақшылар жолаушылар қашып кетпес үшін жанып жатқан көлікті қоршап алған. Қарақшылар […]
    • 2 Years ago
    • 0
Бет 8 of 32« Бiрiншi...«678910 » 2030...Last »