Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигердің оңтүстік -батысындағы ауылға содырлардың шабуылы салдарынан 11 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Әскердегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ниамей қаласынан алынған ақпарат бойынша, жексенбі күні Нигерияның оңтүстік -батысындағы ауылға белгісіз содырлардың шабуылы салдарынан 11 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды . Нигер әскерінің хабарлауынша, жексенбі күні кешке мотоцик мінген  белгісіз содырлар тобы Тиллабери департаментіндегі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде тағы бір мектеп “миналанды”

    АҚТӨБЕ, 06 қыркүйек. Жалған ақпарат таратқан адамды ақтөбелік полицейлер іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе облысы ПД ҚҚБ электрондық поштасына Тургенев көшесі 75 мекенжайындағы ҚазГЗУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шығып, ғимаратты жарылғыш құрылғылардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Полиция департаменті […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жаңа Зеландия қыркүйектің соңына дейін терроризмге қарсы заңнаманы күшейтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Жаңа Зеландия премьер-министрі Жасинда Ардерн Окленд қаласындағы супермаркеттердің бірінде болған террор шабуылынан кейін контртерроризм заңын күшейтуге бел буды, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Сенбі, 4 қыркүйек күні Ардерн шабуыл жайлы қосымша мәліметтерді бөлісіп, қазір парламент қарауында жатқан контртерроризм заңының қабылдануына күш салатынын айтты. Ардер заңның қыркүйектің соңына дейін қабылдануы үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді. Заң […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жаңа Зеландияда бір кісі алты адамды пышақтады

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек. Жаңа Зеландияның Аукланд қаласында бір супермаркетте бір кісі кемінде алты адамды пышақтады. Артынан оны полиция атып өлтірді, деп TRT хабарлайды.  Премьер-министр Джасинда Ардерн оқиғаны бақылаудағы бір Шри-Ланка азаматының «террорлық лаңкестігі» деп атады. Ардерн полицияның шабуылдаушыны өлтіргенін айтып,  бұл кісінің 2011 жылы елге келгенін, 2016 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік тарапынан жақын қадағалауда болғанын білдірді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 12 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 09  тамыз.Ауғанстанның Пактия провинциясына жасалған бомбалы шабуылда 12 бейбіт адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Пактия Полиция дирекциясынан жасалған мәлімдемеде, провинцияның Сейіт Керем ауданына қарасты Чину ауылында жолда орналастырылған бомбаның бейбіт тұрғындар мінген көлік аймақтан өтіп бара жатқанда жарылғаны хабарланды. Шабуылда араларында балалар бар 12 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 2 бейбіт тұрғынның жараланғаны білдірілді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ирактың солтүстігіндегі ИМ содырларының шабуылынан жеті адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде.  Ирактың солтүстігінде жерлеу рәсімі кезінде жасалған қарулы шабуылда кемінде жеті адам қаза тауып, 17 адам жараланды. Бұл туралы жергілікті Al Sumaria телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Телеарнаның хабарлауынша, шабуыл Салах-эд-Дин провинциясындағы Ясриб қаласының жанында (Бағдадтан солтүстікке қарай 45 км) «Ислам мемлекеті» террористік тобымен (ИМ, ҚР-да тыйым салынған) байланысты құрылымдардың содырлары жасаған. Салттық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Нигерияның солтүстік-батысында шабуылдан сегіз адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр.   Белгісіз қарулы адамдар Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатында сегіз жергілікті тұрғынды өлтіріп, бірнеше ғимаратты қиратты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі облыстың ішкі қауіпсіздік және ішкі істер комиссары Самюэль Аруванға сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, қауіпсіздік органдары соңғы есептерінде сейсенбі күні қарулы адамдар Кадуна штатының Чикун ауданындағы ауылға шабуыл жасағанын растады. С.Аруван содырлар сегіз бейбіт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның Арфин ауданында шабуыл салдарынан 1 бала қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр.  Сирияның Африн ауданында бейбіт тұрғындарды нысанаға алған Күрдістан жұмысшы папртиясы  террор ұйымы (PKK/YPG)  шабуылында 1 бала қаза тауып, 2 адам жараланды, деп TRT хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік аккаунтынан жасалған хабарламада КЖП-ның террористері егістікте жұмыс істейтін бейбіт адамдарды нысанаға алғаны білдірілді. Афринде егістіктер орын алған аймаққа 8 снаряд оғы атқан террористтер бір […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Канадада белгісіз адам тұрғындарға пышақпен шабуыл жасады, қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз.  Ванкувердегі шабуылда бір адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Канаданың Ванкувер қаласында белгісіз адамның пышақпен шабуылы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды. Полиция офицері Фрэнк Джангтың айтуынша, оқиға қаланың адам көп жүретін сауда аймағынын кітапхана алдында болған. Полиция қызметкерінің айтуынша,күдікті ұсталды, тергеу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Швецияда балтамен қаруланған адам мұсылмандарды қорқытты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Швецияның Мальмё қаласында бір адам қолына балта алып қала әкімшілігі автобусында мұсылмандарды қорқытты, деп TRT хабарлайды.  Aftonbladet газетінің хабарына қарағанда балталы адам автобусқа шығып «Исламшылдар қайда? Барлығыңды өлтіремін» деп айқайлағаны білдірілді. Мальмё қаласы полиция басқармасының мәлімдемешісі Олссон балталы адамның қысқа уақытта ұсталғанын және ұсталған кезде де полицияға құқай көрсеткенін айтты.
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 3 of 5«12345 »