Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Грозныйдағы шабуылды ДАИШ мойнына алды

    Грозный. 21 мамыр. Өздерін ДАИШ деп атайтын экстремистік топ Шешенстан астанасы Грозныйдағы православ шіркеуінде болған шабуылды өз мойындарына алды. Бұл турасында 20 мамырда SITE Intelligence Group тәуелсіз бақылау тобына сілтеме жасап Азаттық Радиосы хабарлады. Шабуыл кезінде екі полицей және бір тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасаушыларды полиция қызметкерлері атып өлтірген. Православ шіркеуіне неліктен шабуыл жасалғаны белгісіз. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сирия әскері Дамасктің оңтүстігіне бекінген ДАИШ содырларын қоршауға алды

    Дамаск. 4 мамыр. Сирия үкіметінің әскері Дамасктің оңтүстігіндегі Эль-Хаджар әл-Асвад қаласына бекінген «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) содырларын қоршауға алды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Нәтижесінде әскерилер бұл мекенді екіге бөліп, лаңкестердің сыртпен байланыс жолдарын кесіп тастады. Қазір үкімет жасақтары осы шаһар мен Ярмук босқындар лагеріне шабуылды жалғастырып жатыр. Әскерилердің айтуынша, олардың алға жылжуына қаладағы ғимараттардың […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйел сотталды

    Алматы. 27 сәуір. Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында С. есімді азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру» бойынша қылмыстық іс қаралды. «2012 жылы интернет-ресурстары арқылы ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекеттерімен танысқан […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қазақстандық дипломат ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жұмыс тобын басқарады

    Мәскеу. 23 сәуір. Мәскеуде ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі Ауғанстан бойынша жұмыс тобы мен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетіндегі терроризм және экстремизммен күрес мәселелері бойынша жұмыс тобының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ, бірлескен отырысқа Талибан, Әл-Каида және ДАИШ бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі комитеттеріндегі Мониторингтік топ өкілдері қатысты. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • БҰҰ: «Әл-Қаида» көп аймақта ДАИШ тобынан да қауіпті

    БҰҰ. 8 ақпан. «Әл-Қаида» террорлық ұйымы әлемде көп аймақ үшін ДАИШ (Қазақстан аумағында тыйым салынған ұйымдар) экстремистік тобынан да қауіпті болып тұр» деп мәлімдеді БҰҰ сарапшылары. Associated Press агенттігі көрген БҰҰ баяндамасында «Әл-Қаиданың» әлі де күші бар және Йемен мен Сомали сияқты елдерде қауіпті екені айтылады. Сарапшылар тобы аталған екі ұйымға қарсы санкцияларға мониторинг жасап, БҰҰ […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Назарбаев: біз ДАИШ-ты жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз

    Астана, 16 қараша. Астана клубының үшінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Сирия келіссөздеріне бейтарап қатысушы ретіндегі көзқарасы туралы Австрия сыртқы істер министрі Бенита Ферреро-Вальднердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik. Қазақстан басшысы қазір әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі терроризм екенін атап өтті. «Үш мәселе бар. Бұл – терроризм, ядролық қарусыздандыру және Солтүстік Корея мәселесі. Бұл […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Испанияда ДАИШ-пен байланыста болған ер адам ұсталды

    Мадрид. 9 қараша. Испанияның ұлттық полициясы Сеута жартылай анклавында арнайы операция жүргізіп, «Ирак пен Левант лаңкестік тобымен» байланыста болған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Хабар 24. Ол экстремистік сипаттағы материалдар таратып, жұртты лаңкестер қатарына тартумен айланысқан. Тергеу мәліметі бойынша 28 жастағы күдікті Сириядағы содырлармен тікелей байланысқа шығып отырыпты. Айта кеткен жөн, Испанияда лаңкестік қауіптің […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Құран мен қару қатар жүрмейді

    Астана. 26 шілде. Жер бетінде жақсылық қанатын жайып, мейірімділік теңіздей төгіліп жатса деп армандайтын болдық. Дүние тірлігіне алаңдаған адамдар уақыт еншісіндегі қымбат нәрселерді жоғалта түсуде. Бауырмашылдық…. Ізгілік… Мейірімділік… Саф көңіл… Бұл қасиеттер бәрімізге қажет. Рухани жұтаңдаған денемізге иманды қуаттайтын белсенділіктер қажет болғаны көріне түседі.Күн өткен сайын жан түршігерлік оқиғалардың саны артып, адамзат баласы азғындыққа қадам […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ДАИШ жаңа лидерінің суретін жариялады

    Астана. 17 шілде. Al Arabiya телеарнасы ДАИШ террористік ұйымының жаңа басшысы делінген ер адамның суретін жариялады, — деп хабарлайды «Звезда». Таяу Шығыс БАҚ-тарының мәліметінше, Жалалудин әл-Туниси бұрынғы лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің өлімінен кейін ұйымға жаңа басшы болып келеді. Жаңа басшы делінген ер адамның шын аты — Мухаммед Бен Сәлем әл-Ауни, ол Тунисте 1982 жылы дүниеге […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ДАИШ Кабулдегі лаңкестікті өз мойнына алды

    Кабул. 31 мамыр.  «ДАИШ» террорлық ұйымы (көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасының орталығында дипломатиялық тұрғын үй орамына  жақын жерде болған жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы ливандық «Әл-Маядин» телеарнасы хабарлады. «Ауған әскерлерінің сақтығы мен ерлігінің арқасында мина қойылған көлік «жасыл аймаққа» кіре алмады», — деді TOLOnews телеарнасында НАТО миссиясы. Атап өтсек, […]
    • 7 Years ago
    • 0
Бет 5 of 6« Бiрiншi...«23456 »