Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркістанда деструктивті діни ағымдарға қатысты 30-дан астам қылмыс ашылды

    ТҮРКІСТАН, 17 ақпан. Түркістан облысының полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымды ұстанушылардың қатысуымен болған 34 қылмысты ашты. Оның ішінде діни араздықты қоздыру, жеке мүлікті ұрлау, есірткі өткізу мен сақтау және басқа да қылмыстар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы сондай-ақ діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған деректер де […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дәурен Абаев Сауд Арабиясының Ислам министрімен жат ағымдардан жапа шеккендерді оңалту мәселесін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан.  Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам министрі Әбдел Латиф әл-Шейхпен діни жат ағымдардан жапа шеккен азаматтарды оңалту мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталмыш мәселе талқыланған кездесу 2020 жылдың 2 ақпанында Эр-Рияд қаласында өтті. Дәурен Абаев Қазақстан Сауд Арабиясының бүкіл әлемде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: жарылыс жоспарлаған бес азамат ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған. Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Деструктивті діни ағымдар жақтаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    ЕКІБАСТҰЗ, 06 қаңтар. Павлодар облысы Екібастұз қаласында деструктивті діни ағымдар жақтаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп kazislam.kz хабарлайды.  2019 жылғы 10 желтоқсанда деструктивті діни ағымның үш жақтаушысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 490-бабының 1-бөліміне сәйкес Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен діни материалдарды әлеуметтік желілерде таратқаны үшін 35 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл адамдар өз кінәсін толық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Экстремистік ұйымдар кез келген әдісті пайдаланады – теолог

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша. Діни экстремизммен күрес тек Қазақстан мемлекетінің проблемасы ғана емес, әлем халқының үлкен проблемасы болып отыр. Экстремистік діни ұйымдардың іс-әрекеті кең ауқымды әрі сан алуан әдістерді қамтиды. Олар өз мақсаттарына жету үшін қолдарындағы барлық құралдар мен әдістерді – заңдыдан заңсызға дейін, тіпті террорлық түрін қолдануға әзір, — дейді «Шапағат» қоғамдық қорының теологы Сұлтангелді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Деструктивті ағымға тартатын адамның психологиялық портреті қандай

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Экстремистік пиғылдағы топ мүшелерін психологиялық тұрғыдан анықтауға бола ма? Деструктивті діни ағым өкілдерінің адамдарды тұзаққа түсіру жолдары қандай? Осы мәселенің психологиялық аспектілері туралы белгілі психолог, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы Лола Хакимова ҚазАқпарат-қа берген  сұхбатында жауап берді.   — Бүгінде бүкіл әлемде белең алып келе жатқан проблемалардың бірі – терроризм және экстремистік ағымдардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Аяғым сау болса, өлтіріп тастар еді». Сириядан мүгедек болып оралған жігіттің оқиғасы

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Ермұхан Айыпқалиев осыдан 5 жыл бұрын Сирияға аттанып, елге мүгедек болып оралған. Ол жаққа соғысу үшін емес, өмір сүру үшін барғанын айтады. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп Тengrinews.kz жазады.  Ермұхан Айыпқалиев — Атырау облысының тумасы, көпбалалы отбасыда өскен. Үйде балалардың тұңғышы. Орта білімі бар. 2014 жылы халифат құрамында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ағасы әскери базаны өзімен бірге жарып жіберген. Сириядағы соғыста жарақат алған жігіттің оқиғасы

    Ақтөбе облысының тумасы Данабек Төрехан соңғы 8 жылын шет елдерде өткізіп, содырлардың жағында соғысқан. Ауғанстан мен Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысқан. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz  Данабектің Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады. Ол 2006 жылы «Таблиғи жамағаты» діни қозғалысының қатарына енген. Бұл ұйым экстремистік деп бағаланып, Қазақстан аймағында тыйым салынған. Кейін Солтүстік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Атырауда деструктивті бағыттағы 341 аккаунт анықталды

    АТЫРАУ, 08 қараша. Жыл басынан бері Атырауда діни  салада 55 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелді, деп atr.kz хабарлайды.  Оның ішінде, заңды діни қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша 10 адам, діни мазмұндағы материалдарды заңсыз тарату фактісі бойынша 10 адам және діни алауыздықты тудыратын материалдарды әлеуметтік желілерде тарату фактісі бойынша 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Бұл туралы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дәурен Абаев: Интернетте терроризм насихатталған 13 мың материалға шектеу қойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елімізде деструктивті діни ағымды ұстанатындардың саны азайып келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда деструктивті діни ағымдармен күрестің алдыңғы шебінде білікті дінтанушылар мен теологтар тұр. Қазіргі таңда республикада дін бойынша 7 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Саланың негізгі бағыты – әр адаммен ақпараттық […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 2 of 13«12345 » 10...Last »