Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • 20 мың отандасымыз жат ағым жетегінде жүр

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Жиырма мың отандасымыз жат ағымның жетегінде жүр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаға ұстатар осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды 24.kz.  Теріс ағымның шырмауына түскендер «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы», «Әл-Каида» сынды лаңкестік топтарға мүше болған. Сөйтіп, елден ұзап, Таяу Шығысқа табан тірегендердің дені тағдырдың тәлкегіне ұшыраған. Көбі көз жұмды, тірі қалғандары елге жеткізілді. Имамдар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ДАИШ идеологтары дінді ұлттық мүддеден жоғары қояды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Бүгінде дінтану ғылымына қызығушылық артып келеді. Себебі әлемнің барлық саласында экономикалық, саяси, әскери салада діннің атын жамылу артып барады.Бұл ғасыр проблемасы десе болады. Өркениетті қоғам бұл мәселенің шешімін қалай табады? Мұның артында кімдердің мүддесі тұр? Осы мәселеге келгенде дінтанушылардың өзі бірнеше жікке бөлінді. Біреуі әскери күшпен басу керек десе, екіншісі олармен келісімге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Радикал ағымдағылар қылмыстарды да ақтайды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қараша. Деструктивті діни ағымдар дінді жамылып, түрлі қылмыстарды ақтауға әзір. Мұндай тенденцияны сұхбаттасқан бірқатар теолог ғалымдар растап отыр, деп ҚазАқпарат жазады.  Радикал сәләфит ағымына әдетте бұрын намаз оқымаған, қылмыстық істерге барған адамдар да жиі түседі. Бұл кісілер сол бұрынғы әдетін тастамайды. Бірақ, бұл жолы Құдайдың атын жамылып, қылмыстардың көпшілігін «заңдастырудан» тартынбайды. Бұл ағымның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Терроризм насихаттағаны үшін 10 жыл түрмеде отырған жігіт өкінішін айтты

    АҚТӨБЕ, 31 қазан. 19 жасында абықтыдан бір шыққан ақтөбелік жігіт Ермек Елтаев өз оқиғасымен бөлісті. Ол терроризмді насихаттап, тыйым салынған видеоларды қарағаны үшін бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Отыз жасқа қарағанында бостандыққа шыққан жігіт басқаларға сабақ болуы үшін өз жағдайын баяндады. Ол 2008 жылы 18 жасында намаз оқуды бастаған. «Ол кезде Қандыағаш қаласында мазхаб ұстанатындар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Қазақстанда 300-ге жуық сотталған радикалдар дәстүрлі дінге оралды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Екі жыл ішінде Қазақстандағы сотталғандардың 300-ге жуығы радикалды көзқарастан бас тартып дәстүрлі дінге оралды, деп республиканың ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Шәкіровке сілтеме жасап vlast.kz хабарлайды. «Бізде бағдарламалық жұмыстар бар және де нәтижелер бар, яғни деструктивті діни ағымдарға сенгендер дәстүрлі исламды ұстана бастаған — екі жылдың ішінде шамамен 300-ге жуық сотталған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Діннен ізгілікті, дәстүрді көрген дұрыс – ғалым

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Кейінгі кезде қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды, дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім ҚазАқпаратқа шыққан мақаласында. Әдетте, мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Демек, қоғамда қазақ үшін тарихи қалыптасқан дәстүрлі Исламды, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын насихаттайтын білімді мамандар қажет. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Деструктивті ағымды ұстанған батыс қазақстандықтар есірткі тасып жүр

    АТЫРАУ, 16 қазан. Деструктивті идеологияның жетегінде кеткен атыраулықтар жасаған сұмдық қылмыстар әшкере болып жатыр. Басқа басқа, есірткі сатумен, мал ұрлығымен айналысуды үйреншікті іске айналдырып келгендердің лас тірлігі – дінді ойыншық еткендердің шынайы бет-бейнесін көрсетіп тұрғандай, деп Kazislam жазады. Күні кеше Қармақшы ауданында ірі көлемде есірткі тәркіленді. Құзырлы органдар таратқан мәліметке қарағанда, оқиға 8 қазан күні […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кейбір жастар әлеуметтік желі арқылы тікелей шейхтардан білім алып жатыр — Төрәлі Қыдыр

    АЛМАТЫ, 30 қыркүйек.  Алматыда ІІМ академиясында «Дін мен дəстүр сабақтастығы жəне діни терроризммен күрес» тақырыбында арнайы дәріс өтті, деп ҚазАқпарат хабарлайды.  Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген шарада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр қатысты. Сарапшы дәрісті тыңдаған 20 офицерге Ислам əлеміндегі бүгінгі діни-саяси ахуал жəне оның Орталық Азияға, соның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда діни жоралғы жасауға күшпен үйретпек болған өгей әке  9 жылға сотталды 

    ҚАРАҒАНДЫ, 27 қыркүйек. Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмаған екі ұлын ұрып-соғып, 19 жастағы қызын зорлаған өгей әке 9 жылға сотталды. Ол балаларды бірнеше ай бойы діни жоралғы жасауға күшпен үйретпек болған. Өгей әкенің қаһарынан қорыққан балалар шешелеріне тіс жармапты. Үйдің үлкені бойжеткен қыз зорланған соң ғана, анасы полицияның көмегіне жүгінген. Бұл туралы AstanaTV хабарлайды. Қорлық көрген бір […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Салафизм жақтастары діни алауыздық үшін сотталды

    ТҮРКІСТАН, 19 қыркүйек. Түркістан облысында салафизм жақтастары діни алауыздық үшін сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚР ҚК 174 бабының 1 тармағы бойынша Сайрам, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласының 3 тұрғыны 3,5 жылдан шартты түрде жауапкершілікке тартылды. Ұрланған ұялы телефондарды сатып алу мен сату және экстремисттік сипаттағы материалдарды тарату күдігімен үстіміздегі жылдың 4 мамырында Түркістан облысының 4 […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 3 of 13«12345 » 10...Last »