Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні тәркіледі

    ПЕТРОПАВЛ, 19 мамыр. СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі көлемде синтетикалық есірткі сатқан адамның ізіне түсті. Қызылжар ауданының орталығы Бескөлдің 19 жастағы тұрғыны Петропавл колледждерінің бірінде оқиды, отбасы жақсы жағынан сипатталады. Жігіттің облыс орталығында жалға алған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері арнайы орынға есірткі жасырмақ болған екі жігітті ұстады

    АЛМАТЫ, 17 мамыр. Алматыда полиция қызметкерлері есірткіқоюшыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әуезов ауданының патрульдік полицейлері тұрғын үй аулаларын аралау кезінде екі күдіктіні байқады. Жігіттер жер қазып жатқан сияқты болды, бірақ олар бағбандарға ұқсамады. – Патрульдік көлік жақындай бастаған кезде, айыпталушылар шегінуге тырысты. Олар полициядан жасырына алмады. Күдікті адамдар қатты қобалжыды және олардың әрқайсысының қалталарын жеке […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҚО-да  есірткі өндіргені үшін Украинаның екі азаматы ұзақ мерзімге сотталды

    ОРАЛ, 13 мамыр. Батыс Қазақстан облысында Қазақстан аумағында синтетикалық есірткінің ең ірі көлемі (30 келіден астам) тәркіленген іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Украина азаматтары Игорь Дунаевский мен Виталий Малюкқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сот төрағасының міндет атқарушы Бақыт Ермаханов мәлім еткеніндей, ҚР ҚК 297-бабы 4-бөлігі (есірткі, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Алматыда үш есірткі зертханасы анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда үш есірткі зертханасы анықталғанын айтты,  деп zakon.kz жазады.  Әкім бизнесмендерге жүгініп, билбордтарға орналастыру үшін қабылданатын тапсырыстарға назар аударуды сұрады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды мәселелерінің бірі — есірткінің таралуына қарсы күрес. Жыл басынан бері үш есірткі зертханасы анықталды, қылмыстық топтардың 13 мүшесі қамауға алынды, 15 кг түрлі есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда ірі көлемде есірткі сатпақ болған ер адам қолға түсті

    ҚАРАҒАНДЫ, 13 мамыр. Қарағандыда есірткі сатушы 10 жылға сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz. 11 мамырда Қарағанды қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, облыстық  ПД есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі сатпақ болған адамды ұстады. Республиканың оңтүстік облыстарының бірінің  36 жастағы тұрғыны ұсталды. – Тінту кезінде жол сөмкесінен есірткі заты табылды. Сарапшылар қорытындысы бойынша сөмкеде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шу қаласының тұрғынынан 25 келіден асатын есірткі заты тәркіленді

    ТАРАЗ, 13 мамыр. Жамбылдық полицейлер тұрғыннан екі миллион теңге көлеміндегі есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылғы 6 мамырда түнгі сағат 02:00 шамасында Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының Тасөткел ауылынан 15 шақырым жерде “Suzuki” маркалы мотоциклін тоқтатқан. Көлік құралын тексеру кезінде оның жолаушысы Шу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері синтетикалық  есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады

    ТҮРКІСТАН, 11 мамыр. Түркістан облысының полицейлері есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібас АПБ-не тұрғынның бірі есірткі затын сатады деген шұғыл хабарлама келіп түседі. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, анықтау жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты аудан көшелерінің бірінен анықтады. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан өзіндік өткір иісі бар зат табылып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бразилияда есірткіге қарсы операция атыспен аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 мамыр.Рио-де-Жанейро полицейлерінің есірткіге қарсы рейд атыспен аяқталды. Оқиға кезінде кем дегенде 25 адам оққа ұшқан. Олардың араында полицейлер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ке сілтеме жасап. Атыс қаладағы «лашық» аудандардың бірінде болған. Полицейлер есірткі сатушы бандалар қатарларына балаларды тартып жатыр деген хабарлама негізінде операция бастаған. Рио-де-Жанейро – Бразилияның қылмыс көрсеткіші жоғары, есірткі бандалары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау полицейлері заңсыз айналымнан жеті келіге жуық синтетикалық есірткіні тәркіледі

    АҚТАУ, 06 мамыр. Маңғыстау облысында полицейлер есірткі таратумен айналысқандарды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.  Ақтау – Құрық тас жолының бойындағы далалы аймақта полицейлер жеңіл көлікті тоқтатты. Көлікте автомобильді тізгіндеген жас жігіт пен анасы болды. Жеке тінту кезінде анасынан да, жігіттен те ештеңе анықталмады. Бірақ көлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері ұнтақты зат салынған екі полиэтиленді пакетті, ақша […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау полицейлері 5 млн теңге болатын синтетикалық есірткі тәркіледі

    АТЫРАУ, 05 мамыр. Атыраулық полицейлер 29 жастағы азаматтан 5 млн теңге болатын есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылы туған азаматты ұстады. – Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0