Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркияда 7 миллионнан астам каннабис тамыры тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым.Түркияның құқық қорғау органдары 7 миллионнан астам каннабистің тамырларын тәркіледі. Бұл туралы 22 маусымда Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Журналистердің айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті ұйымдастырған арнайы операция елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Диярбакыр провинциясында өтті. Бір күдікті ұсталды. Тәркіленген қарасораның тамырлары жойылды. Бұл соңғы төрт жылдағы тәркіленген ең ірі каннабис партиясы болды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Испания полициясы 4 тоннаға жуық кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Валенсиядағы испан полициясы бір айда 4 тоннаға жуық кокаин тәркіледі, деп 24.kz хабарлайды.  Есірткі, қант пакеттерімен калифорниялық жаңғақтар арасынан табылған. Алты контейнер Латын Америкасынан жіберілген. Құқық қорғау қызметкерлері 11 адамды ұстады. Олар Испания, Дания және Батыс Африканың азаматтары. Сондай-ақ бірнеше жергілікті порт жұмысшылары есірткі саудасымен айналысқан.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Марокко полициясы 7,2 тоннадан астам марихуана тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Бейсенбі күні Марокко полициясы екі операция барысында 7,2 тонна марихуананы тәркіледі. Бұл туралы Патшалықтың ұлттық қауіпсіздігінің бас басқармасына сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Мәлімдемеге сәйкес, полиция Эль-Джадид портты қала маңында көліктен 5 тонна марихуана тауып алып, бір адамды ұстады. Тағы бір операция барысында тәртіп сақшылары елдің солтүстігіндегі Фес қаласының маңындағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарасора-2020:Шымкент қаласынын тұрғынынан 1 кг жуық есірткі заттары тәркіленді

    ШЫМКЕНТ, 19 маусым. Шымкент қаласында 46 жастағы әйел полиэтилен пакетке оралған есірткі типтес заттарды үйіндегі тоңазытқышта сақтап келген, – деп хабарлайды Polisia.kz. 11 маусымда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2020” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі затын заңсыз сақтау фактісі бойынша 1974 жылы туған әйел өз үйінде тоңазытқышта полиэтиленді пакетке орап, есірткіге ұқсас заттарды сақтағанын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында тәртіп  сақшылары 22 түп қарасора тәркіледі

    ТҮРКІСТАН, 18 маусым. Түркістан облысында тәртіп сақшылары ауласында қарасора еккен тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде қарасора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекен-жай бойынша Бәйдібек АПБ-ның жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден шығып, күдіктінің тұрғын-үй ауласына есірткіге ұқсас өсімдік еккенін анықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер құрамында есірткі заты бар 22 түп өсімдікті тәркіледі. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында 69,19 кг есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань қаласында он үш күдікті ұсталды, деп Синьхуа агенттігінe cілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Күдіктілерден 69,19 кг есірткі тәркіленді. 9 мамырда Юньнань провинциясының Мэнхай үезінің Мэнхай қаласында полиция жүк көлігін тексерді. Тексеру барысында төрт қапшыққа салынған 69,19 кг тыйым заттар табылды. Кейін жақын маңда болған Ли есімді ер азамат ұсталды. 11 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Италияның Салерно портында үш тоннаға жуық гашиш пен 190 кг амфетамин табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. 15 маусым,  дүйсенбі күні Салерно портында итальяндық қаржы сақшыларының арнайы операциясының нәтижесінде 2800 кг гашиш салынған контейнер табылды, деп regnum жазады.  Сондай-ақ, миллионға жуық амфетамин таблеткалары (жалпы салмағы 190 кг) табылды. Есірткі заттар киім жүгінде жасырылған,  тәртіп сақшылары анықтағандай, бұл киімдер де әйгілі брендтердің өнімдеріне ұқсатып жасалған болып шықты, сондықтан да тәркіленді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында 23,64 кг есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань полициясы 23,64 кг есірткі заттары бар екі күдіктіні ұстады, деп Синьхуа агенттігінe cілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Дали-Бай автономиялық округінің полициясы ақпарат алғаннан кейін есірткі сату туралы істі тергеумен айналысатын топты жинады. 5 маусымда Цюцзин қаласының автотұрағында екі күдікті ұсталды. Күдіктілердің көлігінде есірткі болған. Тергеу жалғасуда. Бұған дейін провинцияның Дэнуд-Дай-Качинск […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 17 келіден аса “кептірілген марихуана” есірткі заты тәркіленді

    ТАРАЗ, 13 маусым. Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Құқық бұзушы аса ірі көлемде, яғни жалпы салмағы 17 келіден аса “кептірілген марихуана” есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін күдікті болып табылды, – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы облысының  тұрғынынан «гашиш» есірткі затының ірі партиясын тәркіледі

    АЛМАТЫ, 04 маусым. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Алматы облысының тұрғынын “Гашиш” есірткі затының ірі партиясын, яғни 2 келі 610 грамм есірткі затын сақтағаны үшін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Күдікті Алматы облысы Көксу станциясының 58 жастағы тұрғыны. – Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында тұрғын үйінде есірткінің ірі партиясын заңсыз сақтаған адам анықталды. Қызметтік-іздестіру иттерін […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 18 of 29« Бiрiншi...10«1617181920 » ...Last »