Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қытайдың оңтүстік-батысында шамамен 33 кг есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Полиция Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесіп,  32,78 кг есірткі заттары бар төрт күдіктіні қолға түсірді, деп  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. 21 сәуірде хабарламалар алғаннан кейін, Қытайдың осы шекаралас провинциясының Чжэнсюнь округінің полициясы жедел тергеу үшін арнайы жұмыс тобын жіберді. Нәтижесінде жалпы салмағы 32,78 кг болатын героин […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мароккалық Касабланкада үш жарым тонна каннабис тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр. Марокко билігі бүгін Касабланка қаласында салмағы 3,5 тонна болатын каннабистың ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің полиция басқармасына сілтеме жасап хабарлады . Мәлімдемеге сәйкес, 106 пакетке салынған тыйым салынған зат жүк көлігінде табылған. Полиция көлік жүргізушісін және жолаушы әйелді қамауға алды. Екеуі де бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған. Соңғы онжылдықта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында 26 кг есірткі заттары бар үш күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Қытайдың оңтүстік-батысындағы  Юньнань провинциясының полициясы соңғы екі істің аясында 26 кг есірткі заттары бар үш күдікті ұстады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Шекара полициясы провинцияның автономды Цзинхун қаласында 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша шамамен кешкі сегізде бір күдіктіні қолға түсірді. Оның шабаданынан жасырылған  3 кг метамфетамин табылды. Сонымен бірге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үйінде 14 келі есірткі затын сақтаған Ақмола облысының тұрғыны ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 17 сәуір. Ақмола облысындағы Бестөбе кентінің тұрғынынан 14 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, ер адам есірткі затын өзі қарасора тәрізді өсімдіктен жасап сатқан. Есірткі саудалаушы Бестөбе кентінде 13 сәуірде ұсталды. «Есірткі қылмысымен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері ер адамның өңірде есірткі саудасына қатысы барын анықтау үшін бірқатар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағанды облысының тұрғындарынан героин мен қару-жарақ тәркіленді

    ҚАРАҒАНДЫ, 13 сәуір. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Жезқазған, Сәтбаев қалаларының тұрғындарынан жарты килограммнан астам героин және қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.  11 сәуір күні облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, Жезқазған қалалық ПБ және Қарағанды облысы бойынша ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен есірткі заттарының алдын алу мақсатында жүргізілген арнайы операция кезінде 32 мен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ШҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

    ӨСКЕМЕН, 09 сәуір. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғынының көлігі мен гаражынан есірткі табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген арнайы операция барысында заңсыз айналымдағы есірткі тәркіленді. «37 жастағы ер адамның Volkswagen Passat көлігінен полимерлі пакеттегі өткір иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының полицейлері ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі

    ШУ, 08 сәуір. Көлік полицейлері 39 жастағы ер адамнан ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері көлік прокурорларымен бірлесе отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жамбыл облысының тұрғынын  ұстап, одан жеті келіден аса “гашиш” есірткі затын тауып, тәркіледі. Ол есірткі затын автокөлік жуатын ғимаратта өткізу мақсатында сақтаған. Қазір осы факті бойынша Шу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының тұрғынынан марихуана табылды

    ТҮРКІСТАН, 06 сәуір. Түркістан облысының полицейлері әжетхана шатырының астына есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бәйдібек аудандық полиция бөліміне, жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Оның айтуынша, Шаян ауылының тұрғыны “марихуана” сақтап, қолданатын көрінеді. Полицейлер келіп түскен ақпарат бойынша тез арада іске кірісті. Аталған жайт  ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Амурмаңында полиция ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз. Амурмаңында жол полициясының қызметкерлері заңсыз есірткі саудасының алдын алды, деп хабарлады аймақтық ІІМ-нің баспасөз қызметі сілтеме жасап REGNUM. Сонымен, Ромны-Смоляное тас жолында тоқтатылған Toyota Camry автокөлігінде полиция қызметкерлері тінту кезінде салмағы 705,8 грамм марихуана, 2,8 грамм гашиш майы мен 90,1 грамм гашиш  салынған пакеттер мен түйіншек  тауып алып, тәркілеген. Есірткі көлік жолаушысына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеу облысының полиция қызметкерлері 6,5 кг жуық қарасора тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Мәскеу облысы бойынша Ресей ІІМ ББ есірткі айналымын бақылау басқармасының қызметкерлері Ленинск ауданы бойынша Ресей ІІМБ әріптестерімен бірлесіп «Гром» арнайы мақсаттағы жасағының қолдауымен есірткі затын өткізбек деген күдікпен Одинцово қаласының 28 жасар тұрғынын ұстады, деп хабарлайды МВД Медиа сайты. Алынған жедел ақпаратты пысықтау кезінде полиция қызметкерлері қарасораны өсіру үшін қаскүнем Боброво ауылында […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 20 of 29« Бiрiншi...10«1819202122 » ...Last »