Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ФҚҚ Ресейге 30 кг-нан астам есірткіні әкелу әрекетін тоқтатты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан. Орынбор облысы бойынша ФҚҚ Ресейге 30 келіден астам есірткіні, оның ішінде героинді әкелу әрекетін тоқтатты. Бұл туралы РФ ФҚҚ-ның қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Ресей ФҚҚ-нің Орынбор облысы бойынша шекара басқармасының қызметкерлері Сагарчин өткізу бекетінде Ресей Федерациясының аумағына 30 келіден астам есірткі затын әкелу әрекетінің жолын кесті», — деп хабарлады […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Душанбеде жарты тонна есірткімен ұсталған қылмыстық топ өкілдерінің ісі қарала бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Душанбе қалалық соты жарты тонна есірткімен ұсталған қылмыстық топ өкілдерінің ісін қарай бастады, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Бұл топқа 23-тен 57 жасқа дейінгі алты адам кірген. Оны «Азизи хонасоз» лақап атымен белгілі Азизулло Абдуллоев басқарған. Есірткі сатушылар биыл 20 шілдеде Құрбан айт күні […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Үндістан портында Ауғанстаннан келген үш тоннаға жуық героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек. Үндістандағы контрабандаға қарсы күрес қызметінің қызметкерлері Гуджарат портындағы ауқымды операция аясында құны 2,7 миллиард доллар болатын үш тоннаға жуық героин тәркіледі, деп жазады ВВС news . Тальк деп келген тауар Ауғанстаннан Иранның Бендер-Аббас порты арқылы жеткізілді. Үндістанның салық барлау басқармасы (DRI) Үндістанға бара жатқан жүктің құрамында есірткі бар деген хабар алды. Барлау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гонконг кеденiшілері құны шамамен 30 миллион доллар болатын есірткі заттарын тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  Соңғы екі аптада Гонконг кеденшілері 20 жыл ішіндегі әртүрлі есірткі заттарының ең ірі үш партиясын тәркіледі, олардың жалпы құны 230 миллион гонконг долларынан ($29,6 млн) асады. Олар импортталған тамақ өнімдерінің арасында жасырылған, деп кеден өкілі Ли Камвиннің баспасөз конференциясында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «Біз коронавирустық пандемия аясында есірткі синдикаттарының тәуекелге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Индонезия мен Түркия полициясы екіжақты ынтымақтастықты нығайтады

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.  Индонезия мен Түркия ұлттық полицияның әлеуетін, әсіресе білім беру бағдарламалары арқылы нығайтуға келісті, деп Antara агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Индонезияның Анкарадағы елшілігінің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, келісім Индонезия мен Түркия ұлттық полициясы өкілдерінің  қатысуымен бірлескен жұмыс тобының отырысында жасалды. Тараптар сондай-ақ терроризм, адам саудасы, есірткі контрабандасы және киберқылмыс сияқты түрлі трансұлттық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ: Терроризм мен есірткі контрабандасымен күресте Тәжікстанға көмек беріледі

    НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан.Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась және Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода 17 ақпанда Душанбеде кездесіп, биыл жазда Тәжікстанда ҰҚШҰ хатшылар кеңесінің жиналысын өткізуді талқылады, деп centralasian.org хабарлайды.  Кездесу барысында Тәжікстан ұйымға төрағалық етіп жатқан 2021 жылы атқарылатын істерді талқылаған. Станислав Зась қазір тәжік-ауған шекара сызықтарын бекіту бойынша ҰҚШҰ-ның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Коста-Рика билігі Кариб теңізі жағалауынан 2,5 тонна кокаин тәркілеген

    НҰР-СҰЛТАН, 05 желтоқсан. Коста-Риканың құқық қорғау органдары елдің Кариб жағалауындағы Лимон провинциясында кокаиннің ірі партиясын қолға түсірді. Бұл туралы республиканың қоғамдық қауіпсіздік министрлігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Бейсенбі күні басталып бүгін аяқталған құрлықта, суда және ауада өткізілген есірткіге қарсы операция барысында қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері 2,5 тонна кокаин тәркіледі және Лимон провинциясының Плайя-Бонита аймағында алты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Марокко полициясы екі тоннадан астам марихуана тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша. Марокко полициясы елдің ең ірі қаласы Касабланкада 2,36 тонна марихуана тәркіледі. Бұл туралы жұма күні Корольдіктің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бас басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі . Мекеме мәлімдемесінде айтылғандай, Касабланка портында жоспарлы тексеру барысында полицейлер теңіз арқылы Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінің біріне жіберуге дайындалған бес контейнерден 2,36 тонна марихуана тапты Құқық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Аргентина полициясы 10 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Аргентинаның қауіпсіздік күштері елдің солтүстігіндегі Мисионес провинциясындағы контрабандашылардан он тоннадан астам марихуананы тәркіледі, деп елдің қауіпсіздік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Есірткі заттар иттердің көмегімен табылған, иттер тыйым салынған заттардың иісін сезіп қалған деп хабарланды. Тінту кезінде жүк көлігінен марихуананың ірі партиясы табылды, оның салмағы он тонна деп бағаланады. Контрабандашылар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан кеденшілері Тәжікстаннан келетін 170 келіден астам есірткі транзитін тоқтатты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша.Өзбекстан кеденшілері Тәжікстаннан транзитпен келе жатқан пойызда 172,5 килограмм есірткі тасымалының жолын кесті, деп Республиканың Мемлекеттік Кеден комитетінің (МКК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тәжікстанмен шекаралас  Сурхандария облысындағы «Сариасия» бекетінде көрші мемлекеттен келген транзиттік жүк пойызын тексеру кезінде екі вагонның түбінен полиэтиленге оралған және скотчпен орап-түйілген контейнерлер […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 3 of 8«12345 » ...Last »