Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Камбоджада есірткі контрабандасына қатысты күдіктілер ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Камбоджада есірткі заттарын сақтау және контрабандалау күдігімен Оңтүстік Кореяның екі азаматы қамауға алынды, деп Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес жергілікті құқық қорғау органдары оңтүстік кореялықтарды 23 шілдеде ұстады. Күдіктілер тұрған Пномпен қаласындағы пәтерден 1,38 кг метамфетамин табылғандығы белгілі. Оңтүстіккореялықтар Камбоджадан Оңтүстік Кореяға есірткі жеткізумен айналысқан деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Марокко полициясы 7,2 тоннадан астам марихуана тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Бейсенбі күні Марокко полициясы екі операция барысында 7,2 тонна марихуананы тәркіледі. Бұл туралы Патшалықтың ұлттық қауіпсіздігінің бас басқармасына сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Мәлімдемеге сәйкес, полиция Эль-Джадид портты қала маңында көліктен 5 тонна марихуана тауып алып, бір адамды ұстады. Тағы бір операция барысында тәртіп сақшылары елдің солтүстігіндегі Фес қаласының маңындағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • МШҚ — 2019 жылы Украина шекарашылары үш тоннадан астам есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 03 мамыр.  2019 жылы Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің  (МШҚ) қызметкерлері 3 тоннадан астам есірткі затын анықтады, деп мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады. «12 ай ішінде Мемлекеттік шекара қызметкерлері үш тоннадан астам есірткі заттарын, 5 мыңнан астам психотроптық таблеткаларды және 11 кг астам құрамында есірткі бар дәрі — дәрмектерді анықтады», — делінген хабарламада. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Испанияда есірткі саудаланған 3 литвалық азамат қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір. Испанияның тәртіп сақшылары салмағы 200 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды 24.kz. Қылмыскерлер заңсыз тауарды қызанақ тұздығына арналған ыдысқа тыққан. Испанияның оңтүстігінде ұйымдастырылған әскери операция кезінде 3 литвалық азамат қамауға алынды. Белгілі болғандай, қылмыстық топ тауарды жалған компания арқылы шекарадан өткізген. Осылайша коронавирус пандемиясы кезіндегі қатаң шараларға қарамастан, есірткінің бірнеше партиясы жасырын түрде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жапон портында 700 келіге жуық кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір. Иокогама қаласының кеден қызметтері ел тарихындағы ең ірі контрабандалық кокаин партиясын қолға түсірді, деп Kyodo агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Агенттіктің хабарлауынша, есірткі портта тұрған кемеден табылған. Кокаин банандар салынған қораптардың бірінде жасырылған. Экипаж тыйым салынған заттарды тасымалдауға қатыстылығын жоққа шығарады. Кеменің Иокогамаға нақты қай жерден келгені  туралы ақпарат жоқ, — деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Иранда полиция 1,5 тонна апиын тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Иранның есірткі бизнесіне қарсы бөлімшелері оңтүстік-шығыс Систан және Балужистан провинциясының Сараван шекаралас аймағында 1561 кг апиын тәркіледі. Бұл туралы Иранның Mehr News агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. 10 наурызда Систан мен Балужистан шекара әскерлерінің қолбасшысы, екінші бригада генералы Мохаммад Моллашахи соңғы 24 сағат ішінде екі бөлек операция барысында есірткі заттары тәркіленгенін хабарлады. Операциялардың бірінде полиция есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Ираннан есірткі контрабандасын ұйымдастырған 3 адам ұсталды

    АҚТАУ, 24 ақпан. 2020 жылғы ақпанның басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады, ол ұсталғандардың асқазанында тасымалданған, деп ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлайды.  Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынды, құны 50 миллион теңге болатын олардың жалпы салмағы шамамен 1 кг (5 000 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Венесуэла қарулы күштері бортында 500 келі кокаин бар ұшақты ұстап алды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Венесуэла әскери қызметшілері 500 келіге жуық кокаині бар  шағын ұшақты, екі Бразилияның азаматын ұстады, деп хабарлайды РИА Новости  елдің ішкі істер министрлігінің Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап. Операция 11 ақпан күні Венесуэланың солтүстік-батысындағы Лара штатында өткізілді. «Қарулы күштер өкілдері 430 пакет кокаині (барлығы 482,520 келі) бар  Embraer SENECA II ұшағын ұстап алды. Екі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында өңірдегі ең ірі есірткі партиясының бірі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань шекаралық провинциясының полициясы есірткі контрабандасы туралы ірі істерінің  аясында 151,22 кг есірткі заттары бар  үш күдіктіні ұстады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Юньнань провинциясының полициясы Линьцан қаласындағы шекаралық өткізу пункті арқылы Мьянмадан Қытайға есірткіні әкелуді жоспарлаған контрабандашыларға сілтеме алған. 14 қаңтар күні қала маңындағы Мэндин ауылында 151,22 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өмір бойы бас бостандығынан айыру:Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан. Қытай соты отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның ақпаратынша, бүгін Қытайдың Гуанчжоу сотында есірткі тасымалдағаны үшін айыпталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шықты. «Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды», — делінген хабарламада. Үкім […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 5 of 8« Бiрiншi...«34567 » ...Last »