Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мемлекеттік шекарадан есірткі алып өтпек болған адам оны жұтып қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Түркістан облысында заң бұзушы жазадан құтылу мақсатында түйіншекк оралған есірткіні жұтып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек-авто» бөлімшесінде «Кольт» атты есірткі іздеуге арнайы үйретілген иттің көмегімен жолаушылар терминалындағы жүргіншілер арасынан Өзбекстанға қарай жаяу өтіп бара жатқан 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ит оның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Душанбеде ауған азаматынан шамамен 49 килограмм апиын мен гашиш тәркіленді

    НҰР-СУЛТАН, 05 сәуір. Ауған азаматы Аминуллах Бисмиллохзода Душанбе орталығындағы өз жалдамалы пәтерінде 49 килограмм апиын мен гашиш сақтаған, деп ТаджикТА хабарлайды. «A. Бисмиллохзада есірткі заттарын Тәжікстанға Ауғанстаннан сату мақсатымен алып келген. Ұсталған ауған азаматының сыбайластарын анықтау және қамауға алу шаралары жүргізілуде», — деп Тәжікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің баспасөз орталығы мәлімдейді. Тәжікстан президентінің жанындағы есірткіні […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Павлодарға оңтүстіктен есірткі тасымалдаған қылмыстық топ мүшелері сотталды

    ПАВЛОДАР, 02 сәуір. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастырған екі адам 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысы бар құрамына Құттыбаев және П. Бадкенов кірген қылмыстық топты анықтаған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қордайда есірткі тасымалдаушы мен «тапсырыс» беруші ұсталды

    АСТАНА, 11 наурыз. Шекарашылар «Қордай авто» өткізу бөлімшесінде Қазақстанға есірткі алып өтпек болған тасымалдаушы мен тапсырыс берушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Қордай шекара отрядының «Қордай авто» өткізу бөлімшесінде 7 наурыз күні есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік ит көрші елден Қазақстанға қарай жаяу өтіп келе жатқан әйел адамды ұстауға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана мен Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

    АСТАНА, 05 наурыз. Полиция қызметкерлері Астана мен Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі — ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Құқық қорғау» алдын алу шарасы барысында жедел ақпаратқа сәйкес бұған дейін істі болған Мойынқұм ауданы тұрғынының үйіне санкцияланған тінту жүргізді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ыстамбұлда 200 килограммға жуық кокаин тәркіленді

    АСТАНА, 04 наурыз. Түрік полициясы Стамбулда 200 килограммнан астам кокаин тәркіледі, деп хабарлайды Trend түрік БАҚ сілтеме жасап. Кокаин Оңтүстік Американың бір мемлекетінен жеткізілген контейнерлердің бірінде болған деп хабарланады. Тәркіленген кокаиннің нарықтық құны 40 миллион түрік лирасына бағаланады. 2019 жылдын басынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркияда барлығы 5 тонна героин тәркіленді. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иранның оңтүстігінде 19 тонна есірткі тәркіленді

    АСТАНА, 18 ақпан. Бушер провинциясының есірткіге қарсы күрес кеңесінің бас хатшысы Арасту Торкаманманэш осы жылдың басында аталмыш провинцияда 19 тонна 640 келі есірткі тәркіленгенін мәлімдеді, деп ИРНА агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. «Есірткі көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артқан», — деп мәлімдеді ол. «Теңіз арқылы есірткі тасымалдауға тоқталар болсақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарағандылық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі

    АСТАНА, 01 ақпан. Қарағандылық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қарағанды облысы Полиция департаментінің Есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен заңсыз айналымнан 66 келіден астам «марихуана» есірткі заты тәркіленді. «Ағымдағы жылдың 31-ші қаңтарында заңсыз айналымдағы есірткі заттарын тәркілеумен таратудың алдын алу мақсатында жүргізілген жедел […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Американдық шекарашылардың шамамен 300 килограмм есірткі тапты

    АСТАНА, 01 ақпан. Американдық шекарашылар қияр әкеле жатқан жүк машинасында шамамен 4,6 миллион доллар тұратын фентанил және метамфетаминнің рекордтық партиясын тапты, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Кеден және шекаралық бақылау Бюросына сілтеме жасай отырып. «Бюро қызметкерлері қияр толған жүк көлігінің арнайы бөлігінде жасырылған 400-ден астам есірткі заты бар қаптама тапты … Есірткі заттарын іздеуге арнайы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австралия полициясы 107 миллион долларлық есірткі партиясын тапты

    АСТАНА, 28 қаңтар. Австралиялық полиция қызметкерлері 107 миллион долларлық есірткі контрабандасымен айналысқан төрт зиянкестерді ұстады. Бұл туралы Австралиялық The Sydney Morning Herald ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып REGNUM хабарлады. Полицияның айтуынша, бұл соңғы 10 жылда шекарашылар тауып ашқан ең үлкен партия. Австралия шекарашылары шамамен құны 77 миллион доллар болатын, салмағы 154 килограмм асатын героиннің 400 […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 8 of 8« Бiрiншi...«45678